(Білімділер сайысы 1асынып). Ана тілі. Математика. Дүниетану. Еңбек. Ән

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

(Білімділер сайысы 1асынып). Ана тілі.Математика.Дүниетану.Еңбек.Ән.(Білімділер сайысы 1асынып). Ана тілі.Математика.Дүниетану.Еңбек.Ән.(Білімділер сайысы 1асынып). Ана тілі.Математика.Дүниетану.Еңбек.Ән.(Білімділер сайысы 1асынып). Ана тілі.Математика.Дүниетану.Еңбек.Ән.(Білімділер сайысы 1асынып). Ана тілі.Математика.Дүниетану.Еңбек.Ән.(Білімділер сайысы 1асынып). Ана тілі.Математика.Дүниетану.Еңбек.Ән.(Білімділер сайысы 1асынып). Ана тілі.Математика.Дүниетану.Еңбек.Ән.(Білімділер сайысы 1асынып). Ана тілі.Математика.Дүниетану.Еңбек.Ән.(Білімділер сайысы 1асынып). Ана тілі.Математика.Дүниетану.Еңбек.Ән.(Білімділер сайысы 1асынып). Ана тілі.Математика.Дүниетану.Еңбек.Ән.(Білімділер сайысы 1асынып). Ана тілі.Математика.Дүниетану.Еңбек.Ән.(Білімділер сайысы 1асынып). Ана тілі.Математика.Дүниетану.Еңбек.Ән.(Білімділер сайысы 1асынып). Ана тілі.Математика.Дүниетану.Еңбек.Ән.(Білімділер сайысы 1асынып). Ана тілі.Математика.Дүниетану.Еңбек.Ән.(Білімділер сайысы 1асынып). Ана тілі.Математика.Дүниетану.Еңбек.Ән.(Білімділер сайысы 1асынып). Ана тілі.Математика.Дүниетану.Еңбек.Ән.(Білімділер сайысы 1асынып). Ана тілі.Математика.Дүниетану.Еңбек.Ән.(Білімділер сайысы 1асынып). Ана тілі.Математика.Дүниетану.Еңбек.Ән.(Білімділер сайысы 1асынып). Ана тілі.Математика.Дүниетану.Еңбек.Ән.(Білімділер сайысы 1асынып). Ана тілі.Математика.Дүниетану.Еңбек.Ән.(Білімділер сайысы 1асынып). Ана тілі.Математика.Дүниетану.Еңбек.Ән.(Білімділер сайысы 1асынып). Ана тілі.Математика.Дүниетану.Еңбек.Ән.(Білімділер сайысы 1асынып). Ана тілі.Математика.Дүниетану.Еңбек.Ән.(Білімділер сайысы 1асынып). Ана тілі.Математика.Дүниетану.Еңбек.Ән.Сабақтың тақырыбы:Білімділер сайысы.

Сабақтың мақсаты:

1)Оқушылардың білімін қорыту.

2)Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін,ауызша сөйлеу дағдысын,шығармашылығын дамыту.

3)Оқушылардың білімге деген қызығушылығын артыру,достыққа,ұжымдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Жарыс сабағы.

Пәнаралық байланыс:Ана тілі,математика,ән,бейнелеу өнері,дүниетану,еңбек.

Көрнекілік:Мәтін,тірі және өлі табиғаттың суреттері ,жыл мезгілдері.Төрт түлік малдың суреті.Жабайы жануарлар.Жемістер мен көкөністердің суреттері.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Қымбатты ұстаздар,біздің сыныпқа қош келдіңіздер!

1«а»сыныбымызда бүгін біздің «Білімділер сайысы»өтпекші.Оқушылар өз білімін,тапқырлығын ортаға салады.Әділқазылар алқасына тәтейлерді шақырайық.

Жарыстың барысы.

І.Жарыстың шарттарымен таныстыру.

1)Топтпрдың өзін-өзі таныстыруы.

2) «Ана тілің-арың бұл»

3) «Матиматика әлемі»

4) «Табиғатқа саяхат»

5) «Жас жұлдыздар»байқауы.

ІІ.Таныстыру

1)

І - топ.Ойшылдар тобы.
Сендерді біз айта алмаймыз нашар деп
Ойламаңдар қорқып біздер қашар деп
Біз дайынбыз жарысуға достарым
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Тобымыздың аты: Ойшылдар
Тобымыздың ұраны: Оқу - білім азығы
Білім - ырыс қазығы
ІІ - топ.Білімділер тобы.
Бір сыныпта оқимыз бәрімізде
Достық сөзі әрқашан дәрі бізге
Жарысуға сендермен келіп тұрмыз
Мына жұрттың таңырқасын бәрі бізге
Тобымыздың аты: Білімділер
Тобымыздың ұраны: Білімдіге дүние жарық
Білімсіздің күні қаріп

2)«Ана тілің-арың бұл»

1-топ.Жуан дауысты дыбыстарды ата(а,о,ы,ұ)

2-топ.Жіңішке дауысты дыбыстарды ата(ә,е,ө,і,ү)

Ә) «Ойымды жалғастыр»ойыны

1-топ.«Сіз»деген-әдеп,

«Біз»деген-көмек.

2.Екі жақсы қас болмас(екі жаман дос болмас)

2-топ.

1.Әдепті бала

Ата-анасын мақтатар.

Әдепсіз бала

Ата-анасын қақсатар.

2.Досыңды үш күн сынама,(үш жыл сына)

Б)Өлеңді жалғастыр

1-топ.

Кім үлкенді тыңдаса,

Кімүлкенді сыйласа,

Үлкен болған кезінде,

Сыйлы болмақ өзі де.

2-топ.

Кіп-кішкене,момақан

Қошақанды ұнатам.

Сүйеді апам қозым деп,

Қошақаным өзің деп.

В)Мәтіндегі тек қана дауысты дыбыстардың астын сызыңдар.(Өрісте)

3. «Матиматика әлемі»

А)Логикалық есеп

1-топ.

1)Апасы Айгүлге 2 жұп шұлық тоқыды.Апасы Айгүлге қанша шұлық тоқып берді?(4 шұлық)

2)Аулада тауықтар жүр.Барлық тауықтың 6 аяғы бар.Сонда тауық нешеу?(3 куры)

2-топ.

1)Талғатта екі жұп қолғап бар.Сол қолға киетін қанша қолғап бар?(2 қолғап)

2)Ең кішкентай сан?(0 саны)

Ә)«Шынжыр»ойыны

1-топ.

6+2 +1 -4 -3 +2 -4

2-топ.

5+4 --3 +1 +3 -5 +0

Б)«Жұмбақ»есептер.

1-топ.

1)Төрт қаз ұшып барады,

Биіктен төмен қарады.

Аяқ нешеу,баснешеу?

Жауабын кім табады?(8 аяқ,4 бас.)

2)Табыңдаршы қиналма,

Акробат цифр бұл қандай?

Үшке кеміп қалады,

Төбесімен тұрғанда.(Тоғыз)

2-топ.

1)Мекендеген кітапты

10 ағайын енселі.

Әлемдегі нәрсенің,

Барлығын да санайды,

Есептеуді қалайды.(Цифрлар)

2)Балапанын көгалда,

Санай алмай тауық жүр.

Жетеуі жүр жүгіріп,

Үшеуі жем тауып жүр.

Қанша барлық балапан,

Санап берші,балақан?(7)

4)«Табиғатқа саяхат»

А)1-топ.Өлі табиғатқа не жатады?(Тау,тас)

2 -топ.Тірі табиғатқа не жатады?(Адам,жануар,өсімдік)

Ә)«Бұл қай кезде болады?»

Жыл мезгілдері туралы жұмбақ шешу әр топқа 2-ден

1-топ.

Бұлттар төніп,
Жерге төгіп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып,
Өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Ойнай алмай...
Денең мұздап тоңады.
Бөбектерім, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады? (Күз суретін көрсету).

Аяз қысып,
Өрнек сызып,
Терезеңді торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғанап жастар ойнайды.
Кейде ұлып,
Кейде ысқырып,
Ұйтқып боран соғады.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады? (Қыс суретін көрсету ).

2-топ.

Қар, мұз еріп,
Су көбейіп,
Сай салаға ағады.
Бүршік шашып,
Жапырақ ашып,
Гүл, бәйшешек басады.
Бөбектерім айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады? (Көктем суретін көрсету).

Өрік, алма,
Шие, алша,
Жидек, жүзім піседі
Қауын, қарбыз,
Қияр, сәбіз
Дүкендерге түседі.
Астық пісіп,
Орақ түсіп,
Қырман дәнге толады
Бөбектерім айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады? (Жаз суретін көрсету).

Сергіту сәті

Төрт байлық.
Денсаулық бірінші.

Жадыңда жүрсінші! (адымдап бір орнында жүр)
Екінші - еркіндік,

Құсша самғап желпіндік. (құс боп ұшу)
Үшінші - тіліміз,

Онсыз жоқ - ау күніміз. (дөңгеленіп айналып секіру)
Төртінші - күш - қайрат,

Арманыңа ұш жайлап! (тік тұру, иығынан қолдарын тік созып, көтеріп түсіру)

Б)«Төлдердің енесін тап »ойыны

(Суретпен жұмыс)

1-топ.Үй жануарлары.

2-топ.Жабайы аңдар.

В)1-топ.Тек қана жемістерді тауып,постерге жапсыру

2-топ.Тек қана көкіністерді тауып,постерге жапсыру.

5)«Жас жұлдыздар»бауқауы.Әр топ бір өлеңнен орындайды.

ІІІ.Қорытындылау.

1)Әділқазыларға сөз.

2)Марапаттау.Бағалау.

© 2010-2022