Ана тілі, на тему Ғарышқа ұшу 1 класс

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қарағанды облысы

Сәтбаев қаласы

«№19 ЖББОМ»КММ

Бастауыш сынып мұғалімі Тұржаубай Жазира Нұржанқызы

Ана тілі. 1 сынып
Сабақ тақырыбы: Ғарышқа ұшу.
Сабақ мақсаты:
а) білімділік: Мәтін мазмұнын ұғындыру. Өз сөзімен әңгімелеп айтып беруге үйрету, сұрақтарға жауап бере білуге дағдыландыру.
ә) дамытушылық: Дұрыс оқу дағдыларын, сөздік қорын молайту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
б) тарбиелік: Білімге шақыру. Адамгершілікке, саналылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақ типі: Саяхат сабақ.
Сабақ әдісі: Сұрақ - жауап, ассоц., венн диаг., топ. б.
Сабақ көрнекілігі: Ғарыш әлемінің суреті, «Ғарыш кемесі»,инт тақта, слайд
С/барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Жарық болса күніміз

Жарқын шығар үніміз.

Елін сүйіп ер жетер

Жамандықтан қашатын

Жақсы іске басатын

Біз болашақ гүліміз.

Саламатсыздарма оқушылар, құрметті қонақтар! Балалар бүгінгі біздің сабағымыз күндегіден ерекше бізде қонақтар бар.

  • Балалар тақтадан ненің суретін көріп тұрсыңдар? (Күннің)

Олай болса осы күннің жылуымен сабағымызды бастайық. Сабаққа жақсы қатысып өзіміздің білімді, тәртіпті екенімізді көрсетейік.

ІІ. Мақсат қою кезеңі.

- Балалар, бүгінгі сабағымыз саяхат сабағы деп аталады. Бүгін ғарышқа саяхатқа шығамыз. Шыққыларың келе ме?

Бүгінгі сабағымызда ғарышкерлерімізбен, ғарыш айлағымен танысамыз.
- Ал, балалар онда «ғарыш» деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді?

Ғарышқа ұшу үшін бізге не керек? (ғарыш кемесі)
- Енді балалар, сендерді ғарыш кемесіне отырғызайын.

1-слайд.Балалар аспан бұлттана бастады. «Бұлт» патшасы мына тапсырмаларды орындамасаңдар жолдарыңды ашпаймын дейді.

Бұлттың тапсырмасы

ІІІ.Өткен сабақты еске түсіру.

- «Жігітке жетпіс өнерде аз» деген мақалда заттың санын білдіріп тұрған сөзді табыңдар. Ережесін еске түсіріп айту.

-Менің қызыл көйлегім бар. Заттың сынын білдіріп тұрған сөзді тауып ережесін айту.

-Ержан тақтайды кесті. Заттың қимыл, іс-әрекетін білдіріп тұрған сөздің тауып, ережесін еске түсіру.

- Сөйлем дегеніміз не?

Тапсырмаларды дұрыс орындаған топқа бір жұлдызша беру.

Алдымыздан қатты жел тұрып тұр «Жел» патшасы менің де тапсырмамды орындамасаңдар жолды ашпайтынын айтады.

ІV. Жаңа сабақ.

Оқулықпен жұмыс.

Қазақтың тұңғыш ғарышкері - Тоқтар Әубәкіров.

  1. Мәтінді оқу.

  2. Іштей оқыту.

  3. Мәнерлеп оқыту.

  4. Сұрақ-жауап ІІІ топқа

1-топ: Адамдар қайда ұшуды армандайды?

2-топ:Тұңғыш рет ғарышқа кім және қашан ұшты?

3-топ: Қазақтан ғарышқа кім ұшты?

  • Мазмұнын сұрау.

  1. Слайд көрсету.Ғарышкерлер туралы мағлұмат беру.

Сергіту сәті.

-Балалар енді жаңбыр патшасы да өз тапсырмасын орындамасаңдар жолды ашпайтынын айтады.

V. Дәптермен жұмыс.

158-жаттығу. Өлеңді оқып шығып көшіріп жазыңдар.

Байқоңыр.

Ғарышкерлер мекені-

Қазақ жері Байқоңыр.

Қай жер саған жетеді,

Ғажап жерім Байқоңыр.

VІ.Сабақты бекіту.

  • Балалар Қар патшасының да тапсырмасын орындап жіберейік. Сөзжұмбақ шешу. «Байқоңыр»


м

ұ

с

а

Б

а

е

в

қ

А

н

ы

Ш

А

б

а

Й

т

о

Қ

т

а

р

в

О

с

т

о

к

Ң


з

Ы

м

ы

р

а

н

г

а

г

а

Р

и

н



1. Ғарышқа үш рет ұшқан қазақ ғарышкері (Мұсабаев)
2. Қазақ геологы кім? (Қаныш)
3. Талғат ғарышта кімнің әнін айтты? (Абай)
4. Қазақтың алғашқы ғарышкері кім? (Тоқтар)
5. Юрий ұшқан ғарыш кемесінің аты. (Восток)
6. Н дыбысына ұқсас әріп (Ң)
7. От шашады жалындап,
Қатты ұшқанда зымырап (Зымыран)
8. Ең алғаш ғарышқа ұшқан Ресей азаматы (Гагарин)


VІІ. Қорытынды



© 2010-2022