Көңілді жаттығулар

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

0 «А » мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Мерзімі:

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Логика әлемі

Оқу іс - әрекетінің тақырыбы: Сандар пойызы Мақсаты: Балалардың сандар қатары туралы білімдерін бекіту. Логикалық есептер арқылы ой-өрісін дамыту.Балаларды шапшаңдыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

1с-әрекет кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеттері

Балалардың іс-әрекеттері

Мотивациялық-қозғаушылық

Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Барша адамды құрметтеп
Бас иеміз біз. Балалар шеңберге тұрып , бір-біріне жақсы тілектер айтады.

Ұйымдастыру-

Іздену

Балалар, біз бүгін ертегілер әлеміне саяхатқа шығамыз. Саяхатқа пойызбен шығамыз.
- Балалар, біз қандай сандармен таныстық?
- Вагон сандары ретімен тіркелген бе?
Онда ретімен тіркеп алайық.
- Енді вагондарды ретімен санайықшы.
- Енді кері санайық.
- Вагондар саны нешеу екен?

Ойын.
Әр бала таңбаға қарай тақпақ айтады.

Үш дегенім - үміт,
Жайдары жүр күліп
Сотқар болсаң, балам,
Атанасың бұзық.
Төрт дегенім - төзім,
Сабырлы бол өзің.
Ал асықсаң, балам,
Мәнсіз болар сөзің.
Бес дегенім - ақыл,
Бол ақылды, батыр
Атаң не айтса, балам
Құп алғаның мақұл.

«Көршісін тап» ойыны.

  • жетіспейтін санды табуға тапсырмалар беріледі:
    0 23 5
    01 3 5
    0 2 4

Ауызша есептер шығару
- Екі балапан тұр,
Екі балапан отыр.
Шатаспай тез ойлансаң,
Тура тауып, тура айтсаң,
Тұрғаны бар, отырғаны
Барлығы қанша балапан?
- Пісіп тұрған төрт алмұрт,
Қызығатын көрген жұрт.
Екі алмұртты бұтақтан,
Алып жеді Мұратқан.
Қанша қалды алмұрттан?
- Бес алманың үшеуін,
Досың сұрап алды.
Айтшы, сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалды?

-12345678910

-10987654321

-10.

Санға байланысты тақпақ айту.



  • 1 мен 4

  • 2 мен 4

  • 1 мен 3.


  • 4 балапан.


  • 2 алмұрт.


  • 2 алма.

Рефлексивті-түзетушілік

Белсенді балаларды мадақтау

0 «А » мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Мерзімі:

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Логика әлемі

Оқу іс - әрекетінің тақырыбы: Қатесіз жұптастыр Мақсаты: Балалардың сандар қатары,заттарды жұптастыру,сан құрамын анықтау туралы білімдерін бекіту. Логикалық есептер арқылы ой-өрісін дамыту.Балаларды шапшаңдыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

1с-әрекет кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеттері

Балалардың іс-әрекеттері

Мотивациялық-қозғаушылық

Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Барша адамды құрметтеп
Бас иеміз біз. Балалар шеңберге тұрып , бір-біріне жақсы тілектер айтады.

Ұйымдастыру-

Іздену

« Жұбын тап»
Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін дамыту.
Құрал-жабдықтары: әртүрлі ретте орналасқан геометриялық пішіндердің суреттері.
Мазмұны: Балаларға геометриялық пішіндер орналасқан суреттерді тарату. Үлгі ретінде бір суретті көрсетіп, дәл осындай суреттін жұбын табуды ұсыну. Суреттердің дұрыстығын тексеру үшін оларды салыстыру.

«Мынау қай пішін?»
Мақсаты: Геометриялық пішінді сипалап анықтау арқылы айта білу.
Көрнекілік: Картоннан жасалған геометриялық пішіндер 5-түрі.
Барысы: Бала топқа қарап тұрып, қолын артқа ұстайды. Тәрбиеші оның қолына геометриялық пішінді ұстатады. Бала оны сипап байқап, балаларға көрсетпей атын атайды.
«Сан құрастыр»
Мақсаты: Санның құрамын пысықтау.
Көрнекілік: Суретті карточкалар.
Барысы: Тәрбиеші бетіне бір сан, мысылы «6» саны жазылған карточканы көрсетеді. Әрбір бала қосындысы «6» санын құрайтын екі сандық карточканы көрсетуі тиіс.
Мысалы: бір карточкада 5 дөңгелек, екіншісінде-1 дөңгелек, біреуінде-3, екіншісінде-3 шаршы және с.с.

Сергіту сәті

Бір апта
Дүйсенбіде доп ойнадық қорада,
Сейсенбіде серуен құрдық далада.
Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіп,
Бейсенбіде би биледік әндетіп.
Жұма күні жидек тердік қыратта,
Сенбі күні кино көрдік клубта.
Жексенбіде үйде болып дем алдық,
Осылайша өте шықты бір апта.

Суреттің жұбын табу.


Пішіннің атын ұстау,сипау арқылы айту.

Сан құрамын айту.


Санамақ айту.

Рефлексивті-түзетушілік

Белсенді балаларды мадақтау



© 2010-2022