Жануарлар әлемі. ашық сабақ

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жануарлар әлемі. ашық сабақЖануарлар әлемі. ашық сабақЖануарлар әлемі. ашық сабақЖануарлар әлемі. ашық сабақЖануарлар әлемі. ашық сабақЖануарлар әлемі. ашық сабақЖануарлар әлемі. ашық сабақЖануарлар әлемі. ашық сабақЖануарлар әлемі. ашық сабақЖануарлар әлемі. ашық сабақЖануарлар әлемі. ашық сабақЖануарлар әлемі. ашық сабақЖануарлар әлемі. ашық сабақДүниетану

Тақырыбы: Жануарлар әлемі.

Мақсаты: Жануарлар әлемі жайлы түсінікті толықтыру , білімдерін кеңейтіп, шыңдау, танымдық қабілетін , көру қабілетін , ойлау қабілетін дамыту , жануарларға жанашырлық сезімін ояту, мейірімділікке, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: электронды оқулық, суреттер, буктемелер.

Барысы:

Оқушылар суреттер арқылы 5 топқа бөлініп отырады.

  1. Топ. Сүтқоректілер.

  2. Топ . Бауырымен жорғалаушылар

  3. Топ. Қосмекенділер.

  4. Топ . Балықтар.

  5. Топ. Құстар.

Жүргізуші:

Жануарлар -жүруге және сезінуге бейім тіршілік иелері. Олардың дамуы қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасқан. Жануарларда ас қорыту , қан айналу , жүйке жүйесі, сезім және жыныс органдары жақсы жетілген. Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы өте зор. Олар азық -түлік , ет, май, сүт, тері,жүн, бал, жібек, мүйіз, бақалшық сияқты әртүрлі өнеркәсіп шикізатын береді.

Жануарлар дүниесі сүтқоре ктілерден, құстардан, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардан т.б түрлерден тұрады.

1 слайд.

Жануарлар әлемі. ашық сабақ







Әр топтың топбасшылары өздерінің топтары туралы түсінік береді.

2 слайд.

1-топ Сүтқоректілер

Жануарлар әлемі. ашық сабақ

Сүтқоректілер Жер бетінде 200 милион жыл бұрын пайда болған деп саналады. Олар бауырымен жорғалаушылардан шыққан . Әлемде сүтқоректілердің шамамен 4000 -нан аса түрі бар. Олардың кейбіреуі -үлкен , ал кейбіреуі кішкентай. Сүтқоректілердің көпшілігі құрлықта біразы сулы ортада тіршілік етеді. Сүтқоректілер төлдерін өздері туады. Сүтқоректілер жас төлдеріи анасының сүтімен қоректенеді, Мысалы: жолбарыстар, арыстандар, кенгурулар, маймылдар, жылқылар,гориллалар, аюлар,сиырлар, кеңінен танымал сүтқоретілерге жатады.

3 слайд. 2-топ Бауырымен жорғалаушылар

Жануарлар әлемі. ашық сабақ

Бауырымен жорғалаушылар қосмекенділерден 340 миллион жыл бұрын пайда болған. Бауырымен жорғалаушылардың аяқтары қысқа немесе мүлде жоқ болады. Олардың көпшілігі жұмыртқа салу арқылы көбейеді. Сүтқоретілер тәрізді өкпесімен тыныстайды. Бауырымен жорғалаушылардың қатарында жылан , қолтырауын, кесіртке,тасбақа және т.б бар .

4 слайд.

3-топ .Қосмекенділер.

Жануарлар әлемі. ашық сабақ

Қосмекенділер - жерде мекен еткен алғашқы омыртқалы жануарлар. Олар балықтардан 350 миллион жылдан кейін пйда болған. Қосмекенділер өмірін суда бастайды, кейінен құрлыққа шығып , сонда мекен етеді.

5 слайд.

4 топ Балықтар.

Жануарлар әлемі. ашық сабақ

Балықтың 25000 түрі бар. Олар 3 топқа бөлінеді: сүйектілер, шеміршектілер, жақсыздар. Олар көлемдері жағынан әр алуан : 8 мм -ден 450 метрге дейін жететіндері болады.

6 слайд.

5 топ Құстар.

Жануарлар әлемі. ашық сабақ

Құстар -тірі табиғат. Құстың етін , жүнін, жұмыртқасын пайдаланамыз. Аң аулайтын құстар бар. Құстардың бәрі пайдалы. Олар шыбын -шіркей, құрт-құмырсқалар мен қоректенеді. Құстар- табиғаттың әні, сәні. Құстар -біздің қанатты достарымыз . Қазақстанда 600 -ге жуық құстардың түрі бар екен. Әр топтың мүшелері өздерінің тобына жататын жануарлар туралы мәлімет береді.

Мысалы:

1-топ Сүтқоректілер.

1-бала піл туралы

2 -бала арыстан туралы

3-бала керік туралы

4-бала кит туралы

2 - топ Бауырымен жорғалаушылар

  1. бала жылан туралы

  2. бала қолтырауын туралы

  3. бала кесіртке туралы

  4. бала тасбақа туралы

3 топ Қосмекенділер.

  1. бала құрбақа туралы

  2. бала бақа туралы

4 топ Балықтар

1- бала сазан туралы

2 -бала жайын туралы

3- бала алабұға туралы

4- бала шортан туралы

5 топ Құстар

1- бала үкі туралы

2 -бала қарлығаш туралы

3 -бала аққу туралы

4 -бала тоқылдақ туралы

Қызықты деректер

Әр топ өздері туралы қызықты деректер айтады.

1-топ сүтқоректілер туралы қызықты деректер

  1. Жарғанат -ұша алатын жалғыз сүтқореті.

  2. Жаңадан туған кенгурудың бойы бар болғаны 2 см болады. Бұл -оймақтың үлкендігіндей .

  3. Жаңа туған керіктердің бойы 2м болады.

  4. Пілдер күніне, кем дегенде 150 кг шөп жейді. Бұл шамамен 1000 алмаға тең.

  1. топ бауырымен жорғалаушылар туралы қызықты деректер.

  1. Жыландар жемтігін шайнамай ,бірден жұтады.

  2. Қолтырауын мен аллигатор бір сағатқа жуық тыныс алмай жүре алады.

  3. Анаконда-жер бетіндегі ең үлкен жыланның бірі .

  4. Бүкіл әлемдегі улы жыландардың ең қауіптісі болып есептеледі.

3 -топ Қосмекенділер туралы қызықты деректер.

  1. Ормандарда, батпақтарда мен шөлдерде бақалар мен құрбақалардың 3500 түрі өмір сүреді.

  2. Кейбір бақалардың көлемі тырнақтың үлкендігіндей, ал алып Голиаф бақасының ұзындағы 32 см -ге, салмағы 3,3 келіге дейін жетеді.

4-топ Балықтар туралы қызықты деректер

  1. 2003 жылы ғалымдар балықтың ауруды сезетінін анықтады

  2. Анабас сияқты кейбір балықтар аз уақытқа болса да құрлықта өмір сүре алады.

  3. Қармақшы балық жемін жарықпен алдап шақырады .

  4. Электрлі жыланбалық электр қуатын өндіреді.

  1. топ Құстар туралы қызықты деректер .

  1. салмағы 1кг тауық өсіру үшін оны 7кг дәнмен қоректендіру керек.

  2. Жабайы банкив тауығы 8-10 жұмыртқа туады, ал оның өз салмағы 800г шамасында ғана.

  3. Дүние жүзіндегі ең кішкене құс -балара пішінді колибри, оның салмағы 1,6г

  4. Ең үлкен ұшатын құс -африка дуадағы ,оның салмағы 18кг болған .

«Тізбекпен қос» ойыны

1-топ интербелсенді тақтамен жұмыс .

Төлдерін сызықпен қосу.

Қоян қонжық

Аю құлын

Жылқы көжек

Ешкі торай

Шошқа лақ

2-топ. Жануарлар қорегін сызықпен қосу

Сиыр қоңыз

Тышқан гүл шрыны

Борсық құрт

Ара жем-шөп

Торай дән

3 -топ. Берілген анықтаманы суретке сызықпен қосу .

Тамаша иіс сезгіш ,

есту қабілеті жоғары ,

ұзын құйрықты

Үлпілдек жүнді, Ақ аю суреті

жақсы жүгіреді,

түсін өзгертеді. тиіннің сурет

Ақ жүнді , суда да жүзеді. түлкінің суреті



© 2010-2022