Математика пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика

Мектеп: «№21 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Күні: 06.10. 2015

Мұғалімнің есімі: Скакова А.С

Сынып:2

Қатысқандар саны: 20

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Уақыт және оны өлшеу.

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Сағат тіліндегі цифрлар және сызықшалар, оның тілдері бойынша уақытты анықтайды.

Табыс критерийлері

Барлық оқушылар:

Өзара кері есептерді шешеді, сұрақтарға жауап береді. Топта оқып үйренген материалдарды пайдаланады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Диалогқа түсу, сұрақ-жауап арқылы сағат пен минут арасындағы қатынасты түсінеді, уақыт бірліктерін салыстырып өз ойларын айта алады.

Кейбір оқушылар:

Өзінің пікірін айта алады, дәлелдемелер келтіреді, мысалдарды шығарып, шешімдерін салыстыра отырып ой қорытады.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Күн, тәулік, апта, ай, жыл, ғасыр.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік біліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Минут, сағат

Сіз неліктен ...екенін айта аласыз ба?

Уақыт және оны өлшеу

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Сұрақтарға жауап беріп, мысалдар келтіреді, өткенді еске түсіріп қайталайды.

Алдыңғы оқу

Санды өрнектер

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулар мен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

1-кезең: Қызығушылықты ояту:

- ұйымдастыру

- үй тапсырмасын тексеру;

-қарастырылған тақырып бойынша бұрынғы білім еске түсіріледі;

- белсенді әрекетке жұмылдырылады;

- ойлау жұмысына ынталандырылады

Ынтымақтастық ахуал қалыптастыру Біздер тату баламыз,
Өсіп алға барамыз.
Есептерді шығарып,
Біз білімді боламыз. Топқа бөлу Геометриялық фигураларға байланысты топ басшысын сайлау. Бақылау парағы

Өткенге шолу

1-тапсырма.
Қосылғыштардың бірі 4 болатын қосындыларды кесте арқылы жазу.
2-тапсырма.
Азайтқышы 4 болатын айырмаларды жаз.

Топ басшысы тексереді.

Үй тапсырмасының орындалуын жұптық жұмыс арқылы тексерту №3, 35 -бет

Шеңберге тұрады, топқа бөлінеді.

Тапсырмаларды орындайды, топ басшысы тексереді.




Оқулық, дәптер

Оқулық бетіндегі суреттер, тапсырма-лар,

сұрақтар

Электрон-дық оқулық

Бағалауға арналған сары, қызыл, жасыл карточкалар

Сағаттың суреттері



Таймер

ББҮ кестесі

2-кезең: Мағынаны ажырату: - оқушылар өз тәжірибелері арқылы жаңа білім туралы өзіндік түсінік пен пікір қалыптастырады;

- жаңа білім жайлы өзіндік түсінік қалыптастырады


Үш топқа «Уақыт» сөзіне Ассоциация картасын құруды тапсыру.

  • Осы сөзді естігенде, қандай ой келеді?

  • Неліктен уақытты үнемдеу керек?

  • Уақыт жөнінде қандай мақалдарды білесіңдер?

  • Балалар ассоциасы жазылады.

  • Барлық сөздердің ішінен сабақта қолданылатын сөздерді айшықтап бөліп көрсету.

Электрондық оқулық

«Уақыт және уақыт бірліктері»

Үш топтың мүшелері «Уақыт» сөзіне Ассоциация картасын құрады.

Сұрақтарға жауап береді.

Электрон-дық оқулық- тан тақырып бойынша мағлұматтармен танысады.

3-кезең:

Ой-толғаныс:

анализ, өз ойлары мен түсініктерін өздері игерген мәліметтері арқылы жеткізеді;

синтез, бір-бірімен ой бөліседі

сабақ қорытындысы


Оқулықпен жұмыс.

«Тәжірибелік жұмыс»

1- тапсырма

Үш топқа әр түрлі уақыт белгісі белгіленген сағаттың суреттері таратылады Әр топ сағат қандай уақытты көрсетіп тұрғанын айту керек.

2-тапсырма

І топқа №2 а) бөлігі

ІІ топқа №2 ә) бөлігі

ІІІ топқа №2 б) бөлігі орындалу тапсырылады.

3- тапсырма

Сергіту сәті «Кел, ойнайық!» Үш топқа да мысалдардың жауаптарының өсу ретімен қоюды тапсыру.

4-тапсырма

№4 «1 минут» Таймерді пайдаланып, 1 минут ішінде неше мысал шығаратынды-ғын анықтау.

ББҮ кестесін толтырады

Тәжірибелік жұмысты орындайды.

Тапсырмалар орындалады.

Мысалдар шығарады.




Келесі оқуға арналған тапсырмалар (үй тапсырмасы)

№ 3, 37-бет

Қосымша ақпарат

Оқулықтағы логикалық тапсырма


Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделіндіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Топ басшылары Бағалау парағын пайдаланады.

Пәнаралық байланыс.

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерін орындау. АКТ құзыреттілік. Құндылықтармен

байланыс.

«Уақыт» сөзіне ассоциация картасын құру.

  • Осы сөзді естігенде, қандай ой келеді?

  • Неліктен уақытты үнемдеу керек?

  • Уақыт жөнінде қандай мақалдарды білесіңдер?


«ББҮ», «Бағдаршам» әдісі бойынша

(«бағдаршамның түстерін қарындаштар арқылы оқушының өз біліміне қатысты сенімділігін көремін)

Қызыл- түсінбедім

Жасыл- барлығы түсінікті

Сары- түсінбегенім бар

Сыныпта қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері орындалды


Оқушы оқу мақсатына жетті,себебі:

Диалогқа түсіп, сұрақ-жауап арқылы сағат пен минут арасындағы қатынасты түсінді, уақыт бірліктерін салыстырып өз ойларын айта алды.

Оқушы оқу мақсатына талпынады, себебі:

Сағат тіліндегі цифрлар және сызықшалар, оның тілдері бойынша уақытты анықтап үйренді.



© 2010-2022