Әліппемен қоштасу ертеңгілігі Әліппе-білім бастауы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қызылорда облысы Арал ауданы Жақсықылыш кенті

№19 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Сейтова Айгерім

Әліппемен қоштасу ертеңгілігі

Тақырыбы: «Әліппе-білім бастауы»

Мақсаты: А)Оқушылардың сауат ашу барысында алған білім,білік дағдыларын тиянақтау.Оқушы бойындағы іс-әрекетке икемділігін,шығармашылығын көрсете білуге үйрету.

Ә)Тіл байлығын дамыта отырып,сөздік қорын молайту,тапқырлық,ізденімпаздық қасиеттерін дамыту.

Б)Оқушылардың ата-ана,Отан,ел,болашақ алдындағы борышын сезінуге,елін,Отанын сүюге,оны қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Әліппе», «Ана тілі»,суреттер,көрнекі етіп жазылған тақырып,шарлар,гүлдер.

Барысы:

Мұғалім: Құрметті жиналған барша қауым.ата-аналар,ұстаздар,қонақтар.Биылғы оқу жылы оқушылар мен ұстаздар үшін ерекше жыл болды.Кеше ғана табалдырығын имене аттаған жас бүлдіршіндер бүгін саналы оқушы болып,білім бастауы Әліппені аяқтап отыр.Олай болса оқушылар сіздерге Әліппені қалай оқып меңгергендерін көрсетпек.Ендеше мерекемізді бастайық.

Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарқататын баршаға.

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

Бүлдіршіндерімізді шақырайық ортаға.

Бар білімнің бастауы.

Бар ғылымның бастауы.

Жас балаға нұр шашқан,

Қандай кітап тіл ашқан?

Хормен: Болашаққа жол ашар

Ол-сүйікті Әліппе!

Мұғалім: Олай болса,бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.

Хормен: Әліппе,Әліппе!

Әліппе: Армысыңдар жас достар!

Армысыздар ата-ана!

Болашаққа жол бастар

Әліппең келді ортаға.

Менің атым - Әліппе,

Мені анаңдай дәріпте.

Мені оқып ержеткен,

Ағаң менен әпкеңде.

Балалар,сендер мені оқыдыңдар,менен не үйрендіңдер?

Ұлықпан: Жұмбақ,санамақ,өлең,ән үйрендік.Сонымен қатар жазуды,оқуды да меңгердік.

Хор: «Ойын» әні

Аружан: Армысыңдар,жас достар!

Армысыздар,ата-ана!

Болашаққа жол бастар

Әліппең келді ортаға.

Бүгін үлкен салтанат,

Басқа оқулық достаспақ,

Әліппемен қоштассақ.

Хормен: Өсті білім,бойымыз,

Құтты болсын тойымыз!

Бекарысхан :

Партаға тұңғыш отырдым,

Қалам алып қолыма.

Сызықтарға толтырдым,

Қалдырмай дәптер жолында.

Мадияр :

Бар кітапқа бас болған,

Әліппе-ғылым анасы.

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.

А.Динара:

Әліппем менің әліппем

«А» деген бастап әріптен

Сөз құрап жаза бастадым,

Тақылдап таңба танып мен.

Бекзат:

Ыстық әрбір беттерің,

Жазуыңды ұғамын.

Ақыл бердің Әліппе,

Ақылшы және мұғалім.

Жанзия:

Әліппем менің Әліппем

Өшпейтін нұрлы әріппен

Есігін аштым білімнің

Өзіңнен кілтті алып мен.

Хор: «Әліппе»

С.Дана :

Осылай алға бастадым,

Әр әріпті жаттадым.

Жаттаған сайын әріпті,

Сөз құрап жаза бастадым.

Ерұлан :

Ана Шана Ор Шора

Тұңғыш тізген сөзіміз

Енді міне оқып тұрмыз

Үлкендер-ше ақ сөзіміз .

Набатқан:

Әліппе алып қолыма,

Білімнің аштым есігін.

Ақ ниет тілеп жолыма,

Жазылды тұңғыш есімім.

Гүлдана:

Кел балалар,келіңдер,

Әліппе сырын ұғыңдар.

Қане, қарап шығындар,

Сурет сырын ұғындар

Білім барда оқу бар,

Оқығанды тоқыңдар.

Жанарыс:

Оқуды көп ойладық,

Қызығыңа тоймадық.

Әріптерді үйреніп,

Сауат аштық ойланып.

Сағымбай:

Сырлы әріптер сөз түйіп,

Сабырмен саған қарайды.

Сырларың білсең,бас иіп,

Керегіңе жарайды.

Хор : « Орнымыздан тұрайық»

С.Динара:

Әнімізге ұласар,

Әннің аты-«Әліппе»

Бәрімізге тіл ашар,

Кітап аты-«Әліппе»

Оқимын «Әліппе»

Үйренем әріптер. А,О,Ә,Я

Дамир:

Қолыңа тұңғыш қалам ап,

«А» әрпін алғаш жазарсың.

Біліп ап А-ны саралап,

Б-сына көзді саларсың.

Кенже :

Осылай барлық әріпті,

Көңілге түйіп аларсың.

Нұрлы әріппен жарықты

Жүрегіне жағарсын.

Нұржан :

Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата-ана,қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне балаңыз.

Әліппе: Сонымен сендер «Әліппені» толық аяқтадыңдар. Енді тек буын мен сөзді ғана емес,әңгіме,ертегі оқып,сөйлемдер де жаза аласыңдар.

Барлығы: «Әліппеге» рахмет!

Әліппе: Балалар, таныс болыңдар!

Ана тілі кіреді.

Ана тілі:

Кітаптың бағасы арзан,

Іші толған маржан.

Ана тілің-арың бұл

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілідің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

Көрініс: «Әліппе мен дәптер»

Әліппе :

Келгенде алғаш мектепке Дәптер:

Білмеуші едік әріпте Дәптер сенің серігің,

Оқимыз қазір ертекті Дәптер досын болады.

Үйреткен оны әліппе Әріптердің сұлбасы,

Әліппе-білім анасы, Дәптеріңе қонады.

Әліппе-кітап данасы Айтқан сөзін құптады,

Әліппе бетін ашпаған, Ұстазыңды құрметте.

Адамның бар ма баласы?! Дәптеріңді күт балам,

Дәптеріңді кірлетпе.

Әліппе: Балалар,сендерге көп рахмет.Әрқашанда оқуда озат,үлгілі де ілтипатты болыңдар.Ендігі білімдеріңді мына келген пәндерді оқи отырып жалғастырасыңдар.

Хормен : Қош бол Әліппе, сізге мың алғыс.

Әліппе кетеді. «Ана тілі» сынып оқушыларының ортасына барып отырады.

Дилназ :

Тұрады басын құрап әріп неден,

Басталған білім басы Әліппеден.

Қарасаң шалқар теңіз,түпсіз мұхит,

Оқысаң кітап сырын ашып терең.

Ұлықпан :

Барлық әріп бағалы,

Айттық әділ бағаны.

Әріпсіз сөз болмайды,

Буын онсыз толмайды.

Адам барлық әріпті

Ардақтайды,қолдайды.

Гүлзат:

Бүкіл қазақ баласы әріптелген,

Қоштаспақпыз сүйікті әліппемен.

Ризамыз бәрімізді таныстырған,

Сөз бен дыбыс, әр түрлі әріптермен.

Нұрымбет:

Ең алғаш қолға алғанда Әліппені,

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың,

Ұстазым маған кілтін алып берді.

Шынар:

А-ны алғаш айтқанда дауысым дірілдеді,

Ұстазым көз алдымда күлімдеді.

Күн сайын әріптердің атын біліп,

Сөз оқимын айырып буынды енді.

Кемел:

Әліпбидің «А» тұрады басында,

Әрқашанда «Ә» тұрады қасында.

Байқадың ба «Б» тұрады үшінші,

Ал осының сыры неде түсінші.

Ботагөз :

« А» деген ол-аналар ғой ардақты,

«Ә» деген ол-әкелер ғой салмақты.

«Б» деген ол-балалар ғой әдемі,

Алшақ кетпей сондықтан да расында

Тұрады олар әліпбидің басында.

Санжар:

Таныстырған 42 әріппен

Қош бол менің қасиетті Әліппем!

Сенің арқан оқи,жаза білгенім,

Сауатты адам санатына кіргенім.

М.Аружан :

Отан-менің ата-анам,

Отан-өлкем,астанам.

Отан-досым,бауырым,

Отан-туған ауылым.

Ә.Дана:

Әлі талай баспалдақты басамыз,

Биік-биік асулардан асамыз.

Ұстазым сізден алған білімді,

Өмір бойы жанымызда сақтармыз.

Наурызбек:

«Әліппе» деген-алтын жол,

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес ауыр жол,

Тырысып бақ намысқа.

Инаят:

Адамның досы-кітап өмір кілті,

Тең келмес жиған дүние-мүлкі.

Ақылшы жанға серік жол бастаушы,

Асыл ой,қазынасы,өмір көркі.

Хор: «Бұғының үйі» Бекарыс,Дилназ,Наурызбек,Аружан.

Математика:

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,

Математикаға орын берсең басыңнан.

Барлық ғылым саған үйір болады,

Досың солар табылатын қасыңнан.

Бір дегенім-береке,

Берекелі ел мереке.

Екі дегенім-емен,

Емеңдей менің денем.

Үш дегенім үлгі,

Үлгіден тұрар күллі.

Төрт дегенім-тұлға,

Тұлғалық тән ұлға.

Бес дегенім-бақыт,

Бақыт шашар жақұт.

Алты дегенім-ана,

Ана-бізге пана.

Жеті дегенім-жұлдыз,

Жарқыраған бір қыз.

Сегіз дегенім-сана,

Саналы бол,бала.

Тоғыз дегенім-тақпақ,

Тоқыдым ойға жаттап.

Он дегенім-ой,

Өссін ой мен бой.

1.Көлден ұшты 7 қаз,

Қайтып қонды 2 қаз.

Қонбады енді нешеуі,

Қане кім тез шешеді?( 5)

2.Шығармақ боп кеше есеп,

Жиналған-ды бес есек.

Үшеуі ұйықтап отырды,

Ынталысы неше есек?( 2)

3. Түлкі түске дейін 6 қоянмен танысты,ол түстен кейін 4 аюмен танысты.Түлкі барлығы неше аңдармен танысты. (10)

Хор: «Жалғыз саусақ»

Мұғалім: Жарайсыңдар,сендерге рахмет,сабақты жақсы оқитын оқушы болыңдар.Балалар,кітаппен дос болыңдар.

1.Кітап -ақылды қуаттандыратын құрал. (Инаят)

2. Кітап-өмір ұстазы.Сондықтан кітапты оқуды күнделікті әдет қылуға тиіс.Кітап оқымай өмірді білу,білім алу мүмкін емес. (Кемел)

3.Кітап оқу-міне, үйренудің ең жақсы түрі. (Санжар)

4.Білімге құмартып , кітапты бүкіл жан дүниеңмен сүй.Ол сенің ең жақсы досың ғана емес, өміріңнің ақырына дейін сенімді серігің де.

«Мақал-сөздің мәйегі»

  1. Кітап-білім бұлағы,

Білім өмір шырағы.

2.Ақыл азбайтын тон,

Білім таусылмайтын кен.

3.Оқу-инемен құдық қазғандай.

4.Талап-тұлпар,білім-сұңқар.

5.Ақыл-жастан,асыл-тастан.

6.Өнер-қанат,білім-сағат.

Жұмбақ шешу: 1.Қырық екі жауынгер, Сабын түзеп тұрады. Бүлдіршіндер қауымды ел, Сырын терең ұғады. ( Әліпби) 2.Білезікке қарайық, Ұқсайды оған қай әріп. (О) 3.Қабат-қабат қаттама, Ақылың болса аттама.( Кітап) 4. Өшірді,сүртті, Өзгені құртты, Өзін де құртты. ( Өшіргіш)

Ана тілі: Ал,балалар, сендер ойын-сауықтарынды жалғастыра беріңдер. Біз ертең сабақ басталғанша демала тұрайық.

Хор: «Бір оңға,бір солға»

Ойын: «Ата-анамен»

Мұғалім: Енді кезекті оқушылардың қонақтарға арнаған ән мен жырына берейік

1.Би: «Ча-Ча»

2.Хор: «Тұлпарым»

3. Ән: «Ақ көгершін» Нұрымбет,Динара,Кемел,Гүлдана

4.Ән: «Чебурашка» Шынар,Аружан

Мұғалім: Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған,

Жете алмай құрбан болды қанша адам!

Құтты болсын «Тәуелсіздік», «Әліппемен қоштасу» мейрамдары

Олар әркімге еркін өмір,ақыл,білім сыйлады!

Сонымен біз болашаққа қандай ұранмен барамыз?

«Ер жеткенде ел сенер нағыз адам боламыз!»

Мұғалім: Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар.

Ырым етіп сондықтан,ертеңгілік соңында

Ақ тілекпен баршаға,тілек айтар қонақтар.

Сөз кезегі мектеп басшыларына беріледі.

Мұғалім : Құрметті ұстаздар,ата-аналар келіп тамашалағандарыңызға

көп рахмет! Біз сіздермен қоштаспаймыз,келесі кездескенше дейміз.



© 2010-2022