4 саны және цифры

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

4 саны және цифры4 саны және цифры4 саны және цифрыКүні: 23.10.2015 Сыныбы: 1 «А»

Пәні: Математика

Сабақтың тақырыбы: 4 саны және цифры

Сабақтың мақсаты:

  1. 4 санымен цифрының жазылуы жолдарын, 4 санының құрамымен таныстыру. 0-ден 4 санына дейінгі сандарды тура және кері санауға үйрету;

  2. Дидактикалық материалдарды пайдалана отырып, балаларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, дұрыс есептеуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу;

  3. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, сөздік қорын молайту. Математикалық тілдерін дамыту.

Сабақтың түрі: ойын сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау-жинақтау, көрнекілік, іздену.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа сай суреттер, «Білім қорабы», 4 санының құрамы, сызықтар, текше, өрнектер,оқулық.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі (3мин)

1.Кел ойнайық! (алақандарын соғады)

1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.

10,9,8,7,6,5,4,3,2,1.

-сонымен бізде қандай сабақ? (математика)

-нешінші сабақ? (2-ші сабақ)

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау (3мин)

Санамақтар.

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту (4мин)

«Кубик тастамақ» ойыны.

1.Фигураларды ата. (нүкте, сәуле, түзу сызық, қисық сызық, тұйықталған сызық, тұйықталмаған сызық)

2.2+1 қосындының мәнін тап. Қосу амалдарының компоненттерін ата. (жеке,хормен)

3.3-1 айырмасының мәнін тап. Азайту амалдарының компоненттерін ата. (жеке,хормен)

4.Сандарды өсу ретімен сана.

ІV.Сергіту сәті.(2мин)

-Оқушылар көздерін жұмып, мұғалім атаған фигураларды алдарындағы қорапшалардан алып көрсетеді.

V.Жаңа тақырыпты меңгеру.(6мин)

  • Алдымыздағы фигуралар ішінен шаршыны (текшені) көрсетеміз.

  • Бұл фигураны неге төртбұрыш деп аталады?

  • Төртбұрыштың бұрыштары нешеу?

  • Ал неше қабырғасы бар?

-Олай болса, бүгінгі біздің тақырыбымыз 4 саны және цифры деп аталады. (тақтамен жұмыс)

  • Балалар неше жыл мезгілі бар? (қыс,көктем,жаз,күз)

  • Төрт түлік малды білеміз бе? (түйе, жылқы,сиыр,қой+ешкі)

  • 4 санының көршілерін атап өтсек: 1,2, 3.

4

2

1

3

1

2

3



  • Олай болса, дәптердің оқулықтың, партаның бұрыштарын санайық.

  • 1-ші қатар: дәптердің бұрыштарын;

  • 2-ші қатар: оқулықтың бұрыштарын;

  • 3-ші қатар: партаның бұрыштарын.

  • -қанша болды?

  • -әрине 4.

VІ.Дәптермен жұмыс.(5мин)

-Оқушыларға 4 саны және цифрының таңбалану әдісін ұғындыру. Цифрды алдымен тақтада 2 элемент арқылы жазылатынын сосын ауада орындап, дәптерлерімізге орындаймыз.

-Саусақтарымызға арналған сергіту сәті (1мин)

4 саны және цифры

-Әрі қарай жалғастырып көркем жазумен жазамыз.

VІІ.Оқулықпен жұмыс (5мин)

-№2 есеп. 3 қатар бойынша жұмыс.Әр қатардан 3-3 оқушыдан тақтаға жауабын жазады.

3+□=4

4-□=3

4-3=□

1+□=4

4-□=2

2+2=□

□+2=4

□-3=1

3+1=□

VІІІ.Қорытынды.(7мин, жұппен+топпен жұмыс)

-Балалар сабағымызды «Білім қорабымен» бүгінгі математика сабағымызда нені түсінгенімізді, сабақта не ұнағанын, не үйренгенімізбен неі білгенімізді, қорапқа алдарымыздағы күнделікті сабақта қолданыа жүрген түрлі-түсті шеңберлерімізді бір-бірімізге айтып саламыз.

-Тамаша! «Білім қорабымызды» ашып қарап, қай қатар қалай түсінгенін қарап көрелік. (сары түс - осы қатар бүгінгі сабағымызды түсінген екен; күлгін түс-бұл қатармен келесі сабақта көбірек жұмыс жасайды екенбіз)

-Осымен бүгінгі математика сабағымыз өз соңына жетті.

-Сендерге сабақ ұнады ма?

-Құрметті қонақтар назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

© 2010-2022