Ы. Алтынсарин Таза бұлақ ашық сабақ жоспары

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Әдебиеттік оқу.

Тақырыбы: «Таза бұлақ» Ы.Алтынсарин

Мақсаты:

Автор туралы еске түсіру арқылы мәтіннің мазмұнын түсініп айтуға дағдыландыру;

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылар өз ойларын, пікірлерін ашық айта біледі;

  • Жаңа сөздерді меңгерді;

  • Мазмұнын аша біледі;

  • Нақыл сөздерді тауып, жазады;

Түрі: Сыни тұрғыда ойлауын дамыту жұмыс түріндегі сабақ.

Әдісі: топтастыру, блум таксономиясы, сұрақ- жауап;

Көрнекілігі: Ы.Алтынсарин портреті, табиғат, бұлақ, жолаушы суреттері, қағаздар т.б.

Тапсырмалар: Тест, «Суреттерді құрастыр», топтастыру, постермен жұмыс, Блум сұрақтарына бағытталған сұрақтар.

Барысы:

Сабақтың кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

І. Кіріспе.

Ұйымдастыру бөлімі

- Сәлеметсіздер ме?

- Бүгін сабаққа дайындықтарымыз қалай?

- Бүгін сабақта кімдер жоқ?

- Сабағымызды өлең жолдарымыздан бастайық.

- Сәлеметсіз бе?

- жақсы.

-

- Шырылдады қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Өзара көз тастаймыз.

Табыс тілеп көзбенен

Жаңа білім алуға

Алға қадам аттаймыз.

Үй тапсырмасы

  • Үй тапсырмасы тест түрінде болады.

Тест

1 ) Мақалдың жалғасын тап

«Қына тасқа бітеді, ..........»

А) Білім басқа бітеді

Ә) Өнер жасқа бітеді

Б) Ешқандай жалғасы жоқ

2) Мына жұмбақтың шешуін тап

Тұмсығымен қозғалар,

Соңында аппақ із қалар.

А) қарындаш

Ә) бор

Б) қалам

3) Ақ тайлақ ақ па,

Қара тайлақ ақ па?

А) жұмбақ

Ә) мақал

Б) жаңылтпаш

4) Айтылған ойды нақты толық жеткізетін сөз

А) мақал

Ә) жұмбақ

Б) мәтел

5) Жалғастыр

«Болат қайнауда шынығады,..........»

А) Спортшы жаттығып шынығады

Ә) Батыр майданда шынығады

Б) күресші күресіп шынығады

«5»

«4»

«3»

«2»

Барлығы дұрыс орындалған

1 жауабы ғана қате орындал

ған

2 жауабы ғана қате орындалған

Барлығы да қате орындал

ған
























Дұрыс жауабы:

1. а

2. ә

3. б

4. а

5. ә

(Оқушылар өздерін бағалау шкаласы бойынша бағалайды.)

ІІ.Қызығушылы-

ғын ояту.

  • Тақтада үш сөз жазылып тұр. Олар:

«Табиғат», «Бұлақ», «Жолаушы»

- Осы сөздердің мағынасын түсіндіріңдерші.

Топқа бөлу «Суреттерді құрастыр»

Әр бала қиылған суреттерді таңдайды. Содан соң оларды құрастырады. Тұтас сурет құрастырылып болған соң топ-топ болып отырады.
(Табиғаттың, ағып жатқан бұлақ, жолаушының суреті)

1 топ - «Табиғат»

2-топ- «Бұлақ»

3 топ- «Жолаушы»

- Табиғат- тіршілік нәрі. Қоршаған орта. Туған елім мен жерім.

- Бұлақ- ағып жатқан таза, мөлдір су.

- Жолаушы- белгілі бір мақсатпен жол жүруші, сапар шегуші адам.

ІІІ.Негізгі бөлім

Жаңа сабақ

Күннің жадын жаздыру

Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.


Оқулықпен жұмыс

  • Балалар, Ыбырай Алтынсарин туралы есімізге түсірейік.

  • Ыбырай Алтынсарин кім?

Ы.Алтынсарин Таза бұлақ ашық сабақ жоспары

Оқулықтан әңгімені үш топ бөлімдерге бөліп оқып, мына сұрақтарға жауап беріңдер.

1- топ- бірінші бөлім

1. Үш жолаушы бұлақ басындағы қандай жазуды оқиды?

2. Әрі қарай не болды деп ойлайсыңдар?

2- топ- екінші бөлім

1. Бірінші, екінші жолаушының жазу туралы пікірі не болды?

2. Сен қай жолаушының пікіріне қосыласың?

3- топ- үшінші бөлім

1. Үш жолаушы неге бірдей ойламады?

2. Автор болсаңыз әңгімені қалай аяқтар едіңіз?

Ы.Алтынсарин Таза бұлақ ашық сабақ жоспарыШын есімі

Ибраһим Ағартушы Мұғалім

Ақын Жазушы

Қазақ

хрестоматиясын Алғаш мектеп

жазды ашты

(Сұрақтарға оқушылар өздерінің жауабын айтады)

(Жауап берген оқушы өзін өзі бағалап отырады)

Сөздік жұмыс

Ғибрат алу- үлгі алу

Сергіту сәті.

би

Шығармашылық жұмыс

- Бұнда сендер әр жолаушының пікіріндегі нақыл сөздерді тауып жазасыңдар. Жазғандарыңызды айтып шығасыңдар.

«Табиғат» тобы бірінші жолаушының пікіріндегі нақыл сөздерді тауып жазасыңдар.

«Бұлақ» тобы екінші жолаушының пікіріндегі нақыл сөздерді тауып жазасыңдар.

«Жолаушы» тобы үшінші жолаушының пікіріндегі нақыл сөздерді тауып жазасыңдар.

- «Адал қызмет қыл, еш уақытта жалқауланып тоқталып қалма, ақырында сен де үлкейіп мұратыңа жетесің»

- «Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе»

- «Көңіліңіңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта. Көңілің осы бұлақтай сыртқа ашық көрініп тұрсын»

(Оқушылар өзін -өзін бағалайды)

Қорытынды

  • Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келесі мынадай сұрақтарға жауап берейік.

1. Үш жолаушы қандай бұлаққа кез болды?

2. Олар нені көрді?

3. Үш жолаушы бұлақ басындағы тастан қандай жазуды оқыды?

4. Үш жолаушының пікірі қандай болды?

5. Сенің ойыңша қай жолаушының шешімі дұрыс деп ойлайсың?

6. Табиғатты қорғау үшін не істер едіңдер?


-суы мұздай, шыныдай мөлдір, өте таза бұлаққа кез болды.

- Қазандай қара тасқа жазған жазуды байқап қалды.

- Пікірі әртүрлі болды. Бірақ жақсы мағынада айтылған.

-

-табиғатсыз өмір жоқ

- табиғатты қорғау

- суды ластамай, таза ұстау керек

- табиғатты бүлдірмеуіміз керек

- орманда от жақпау.жақсақ сөндіріп кету керек.

- ағашты сындырмай, ағашты көп отырғызу керек

Бағалау

Смайлик арқылы бағалау

Үйге тапсырма

«Таза бұлақ» әңгімесін оқып ,мазмұнын айту. «Су- тіршілік көзі» тақырыбында шығарма жазып келу.

- Сабағымыз аяқталды.

Мұқыр орта мектебі

Тақырыбы:

«Таза бұлақ»Ы.Алтынсарин

Сыныбы:3 а

Өткізген: Маханбетова Қарылғаш Сағынғалиқызы


© 2010-2022