Мектепішілік өткізілген ашық сабақ ( 1 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бейнелеу өнері Өткізілген күні: 10.12.2015ж

Тақырыбы: «Жаңбырлы күн»
Мақсаты:
1. Жаңбырлы күн суретін бейнелеуге үйрету.
2. Көктем, күз, жаз мезгіліне тән құбылысқа қызығушылығын арттыра отырып, табиғатты аялауға тәрбиелеу
3. Есте сақтау қабілетін, сөздік қоры мен ұсақ қол моторикасын дамыту.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Кітаптар мен көрнекі иллюстрациялық жабдықтардан жаңбыр бейнесін көріп тамашалау. Жаңбыр жайлы әңгіме, дыбыс, музыкалық шығармаларды тыңдату.
Әдіс - тәсілдер: Түсіндіру көрсету. Сұрақ - жауап, Саусақ, қол жаттығуы. Көрнекті құралдар: Сурет құрал - жабдықтары су бояулар., қылқалам, Суреттер «Жаңбырлы күн», , қолшатыр. Үлгі«жаңбыр» суреті. «Бұлт» бейнеленген альбом парақтары.
Сабақтың барысы: Шаттық шеңбері: (слайд 1)

Топ- топ етіп басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса-жаса жарқын күн,

Жаса-жаса алтын күн.

1. Ойын: «Күн мен жаңбыр»
Мақсаты. Балалардың көріп, естіп қабылдауын жетілдіре отырып, жылдамдыққа, жүгіруге және ереже бойынша ойнауға үйрету. Балалардың іс - әрекетке ынтасын арттыру.
Балалар «Күн шықты!»- деген сөзге серуендеп, «Жаңбыр жауды! - деген сөзге қол шатыр астына жиналуы керек.

2.Топқа бөліну: 1-ші қолшатырдың астындағы балалар 1-топ,

2-ші қолшатырдың астындағы балалар 2-топ,

3-ші қолшатырдың астындағы балалар 3-топ.

3.Топ басшыларын сайлау.

4.Топ ережесін еске түсіріп, орындау.

5. Үй жұмысын тексеру: А) Түстер туралы не білеміз? ( слайд 2)

1-топ: Негізгі түстер ата.

2-топ: Жылы түстер

3-топ: Суық түстер

Ә) Ауа райының шартты белгілерін білеміз бе?

Топпен жұмыс. Шартты белгілерді белгілеу.

6. Жұмбақ шешу: (слайд 3)

Тырсылдап түседі,

Жер бетіне жетеді.

Жер бетіне жеткен соң,

Ғайып болып кетеді.

(жаңбыр)

7. -Жаңбыр туралы не білесіңдер? ( слайд 4)

- Жылдың неше жыл мезгілі бар?
- Балалар жаңбыр жылдың қай мезгілінде жауады?
Жаңбыр қайда жауады?

- Жаңбыр терезеге, жерге, гүлге, шөпке жауады.
- Кім жаңбырдың астында жүріп көрді? -Жаңбырлы күні үстіміз су болмау үшін бізге не қажет?
8. Суретпен жұмыс.

- Балалар, қазір сендермен жаңбыр туралы суреттер қарайық. ( слайд 6, 7)
9. Саусақ қол жаттығулары (слайд 8)
«Жаңбыр жауды»
Жаңбыр қалай жауды. Алдымен жәй жауды. Саусақ ұшымен үстел үстін соғып тырсылдатады. Содан кейін қатты жаңбыр жауды. Үстелді қаттырақ соғады.
Балалар барлығың мына суретке қараңдаршы.
- Нені көріп тұрсыңдар?
- Бұлттан не жауып тұр?
- Көк түсті бояуды көрсетіп түсіндіреді.
- Көк түсті не болады?
- Тамшының пішіні қандай?

Мультфильм «Капельки Кап-кап »


- Балалар біз бүгін жаңбырлы күннің суретін саламыз.

10. Балалардың жеке жұмысы.
/ әр балаға жекелей көмек көрсетеді, сұрақ қойып балаларға көмек береді/. Балалар жұмысын қадағалап, мадақтап жұмыстарына, көмек береді. Жаңбыр дыбысын қосып айтқан баланы мадақтайды.
Балалар салған суреттерін тақтаға қойылып, балалар назарына ұсынылады. Жақсы орындаған суреттерді мадақтап, марапаттайды.

«Жаңбырдың кереметі » бейнежазба
11. Қорытынды: ( слайд 9)

Тілдік қимылды ойын ойнатады.
- Жаңбыр жауады. Тырс!
- Жаңбыр жауады. Тырс! Тырс!
- Жаңбыр көп жауады.
Тырс! Тырс! Тырс! Тырс! Тырс!
/бір орында тұрып, секіреді/
- Балалардың алған әсері жайлы сөздерін тыңдау.
- Көзімізбен көрдік.
- Құлағымызбен естідік.
Үстелді саусақ ұшымен соғу
- Бұлтты көріп тұрмыз.
- Жаңбыр жауып тұр.
- Су, өзен, гүл, заттар болады.
- Пішіні сопақша.
- Тырс! /алақанды бір рет соғады/
- Тырс!, Тырс! алақанды екі соғады
Тырс! Тырс! Тырс! Тырс! Тырс!
/бір орында секіреді/
- Ненің суретін салдық?
- Жаңбырдың, пішіні, қандай?
- Жаңбырдың дыбысы қандай?
Қандай тәсілмен салдық? - Сурет іс әрекетімен
- Жаңбыр тамшысының суретін салдық.
- Түсі көк. пішіні сопақша.
- Тырс! Тырс! етеді





© 2010-2022