6 саны

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: 6 саны

Оқу іс-әретенің мақсаты: Балаларды 6 санының құрамымен таныстыру,0-ден 6 санына дейінгі сандарды тура жіне кері санауға үйрету,дидактикалық материалдарды пайдалана отырып,балаларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа,дұрыс есептеуге,ізденімпаздыққа тәрбиелеу.Суреттер бойынша есептер құрастыра отырып,балалардың ойлау қабілеттерін,тіл байлығын математикалық тілдерін дамыту.

Оқу іс-әрекетінің әдіс-тәсілдері:сұрақ -жауап,түсіндіру,ойын-санау,тақтамен жұмыс жүргізу.

Оқу іс-әрекетінің көренкілігі: суреттер,математикалық таңбалар,сандар,интерактивті тақта.

Оқу іс-әрекетінің барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі

Балалардың назарын сабаққа аудару,оқу құралдарын ретке келтіру

-Балалар бүгін математика сабағына апайлар қатысады сендердің есепті қалай шығаратындарыңда көргісі келеді, ал біз сабағымызды бастамас бұрын,қалай отыратынымызды көсетейік.

1,2,3 бойға жина күш

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз талантты жас ұлан ,

Үлгі аламыз жақсыдан.

ІІ.Негізгі бөлім

-Балалар біз өткен сабақтарда қандай санмен таныстық?

-Ия, 0 санымен және цифрымен,

-0 деген сан нені білдіреді екен?

1-1=?, 2-2 =?,анасы Қанағатқа 2алма берді ал ол екеуінде жеп қойды

неше алма қалды?

-Балалар,санамақтар айтайықшы

«Кім тапқыр»дидактикалық ойыны

-Балалар мен сендерге есеп ауызша есептер қоямын,кім тапқыр екенін көрейік.

1.Екі тышқанның құлағы нешеу

2.Екі мысықтың аяғы нешеу?

3.Бес аққудың мойны нешеу?

4.Екі қаз ұшып барады,

Биіктен төмен қарады.

Аяғы нешеу,басы нешеу?

Жауабын кім табады?

5.Алма ағашында 5 алма өсіп тұр екен,2 алма пісіп ұзіліп түсті,алма ағашында неше алма қалады?

6.Қанша құсты жемдедім

Жем шашып ем құстарға

Келіп қонды үш қарға,

Көңіл қимас достардай

Жетіп келді бір торғай

Айт қанша құс келегенін

Қанша құсты жемдедім.

-Балалар сандар елінен бізге хат келіпті,онда не бар екен ашып көрейік, сандар екен.Бір сан шыққысы келмей тұр,ол сендер сияқты өте ерке екен.Енді балалар мына сандарды ретімен қоямыз оларды тура және кері санаймыз.

1,2,3,4,5

2 саны неше бірліктен тұрады? 1+1

3 саны неше бірліктен тұрады? 1+1+1

4 саны неше бірліктен тұрады? 1+1+1+1

5 саны неше бірліктен тұрады? 1+1+1+1+1

Сергіту сәті

Ал,балалар тұрайық,

Алақанда ұрайық.

Бір отырып,бір тұрып,

Оңға солға, иіліп,

Біз шынығып алайық.

Жаңа сабақ

Екі аяқпен екі қол

Бір ауыз бен бір тілің

Нешеу болды,кәне бол!

Санап шығар кім бұрын.

-Балалар бүгін біз 6 санымен танысамыз,

Бестен кейін алтыны

«Білу оңай» десті

-Шалқан ертегісінің кейіпкірлерін атайықшы,олар нешеу екен?

-Балалар сандық қатарда 6 саны 5 санына кейін тұрады.

Алты саны алтау,

Бестен кейін тұрады.

Тапқыр бірден біледі

Аптаның алтыншы күнін атайық.(Сенбі)

6 саны неше бірліктен тұрады?

1+1+1+1+1+1

«Кім жылдам» дидактикалық ойыны

-Балалар тақтаға назар аударайық,бізге бүгін қояндар қонаққа келіпті,санайықшы неше қоян,тағы 3 қоян келді барлығы нешеу болды.

3+3

Келген қонақты қарсы аламыз және оларға тамақ береміз,қояндар не жейді,қандай көкөністі сүйіп жейді?Ендеше біз оларға сәбіз берейік

Бізді 4 сәбіз бар екен,енді неше сәбіз керек?

4+2

Ағаш бұтағында неше торғай қонып отыр?оған тағы бір торғай келіп қонды,барлығы неше торғай болды?

5+1

Дәптермен жұмыс

Алты саны- ұлық па,

Ұқсас өзі құлыпқа

Ауада жазу,тақтаға жазу,дәптерге жазу.

-Балалар енді дәптерімізді ашамыз 6 санын жазамыз.

-Балар саусақтарың шаршаған болар,жаттығу жасайық

Бала бала балақан,

Қане қайсы алақан?

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат

Оң қолымда 5 саусақ

Сол қолымда 5 саусақ

Алақанда ашамыз,

Бесті беске қосамыз.

Әліппе дәптермен жұмыс

Дәптердегі тарсырмалар орындалады

ІІІ. Қорытынды бөлім

-Балалар біз қандай цифрмен таныстық? Сендер сабақта жаңадан не үйрендіңдер? Сендерге қандай тапсырма ұнады?

1-ден 6-ға дейін және 6-дан 1-ге дейін кері бағытта санайықшы.

Бүгін сабақта белсене қатысып,тапсырмаларды жақсы орындап,есептерді жақсы шығарған балаларға мен жұлдызшалар таратамын.Балалар бүгінгі математика сабағы сендерге ұнады ма?

© 2010-2022