1 сынып үшін сабақтың тақырыбы: Ө дыбысы мен әрпі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
М. Сиранов атындағы орта мектеп Ө дыбысы мен әрпі. Кусайнова Шолпан Бағытқызы Сабақтың мақсаты: Білімділігі:Оқушыларға Ө дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету. Дамытушылығы: Ө дыбысына қатысты жаңа сөздерді оқыту арқылы оқушылардың білімі мен тілін дамыту. Логикалық ойларын , сөздік қорларын, танымдық дағдыларын дамыта отырып, дұрыс оқи алуға , әдемі жазуға машықтандыру Тәрбиелілігі: Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, оны қорғауға тәрбиелеу Сабақтың түрі: Жаңа білімді игерту Сабақтың әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ -жауап, ойын, оқу, жазу Пәнаралық байланыс: Математика, дүниетану, ән саз Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта, суреттер, оқулық, бейне көрініс, анаграмма, тірек сызба. І. Ұйымдастыру бөлімі: Қол ұстасып бәріміз, Жылылықты сезейік. Шуақ шашқан күндей боп, Күлімсіреп жүрейік ІІ. Өткен сабақты еске түсіру "Неше буынды сөз" ойыны І. Жаңа сабақ мазмұны: 1 сынып үшін сабақтың тақырыбы: Ө дыбысы мен әрпі.

Қызығушылықты ояту

Бейне көріністі тамашалау

ІV. Оқулықпен жұмыс

Оқулықтағы бағандағы сөздерді оқу, сөздік жұмысын жүргізу

ө зен ө ріс бө рік өр нек көр ме

ө лең ө рік кө рік өр мек көр пе

ө нер ө мір кө мір өр кеш көр ші

"Өзен"

Сурет бойынша әңгіме 1 сынып үшін сабақтың тақырыбы: Ө дыбысы мен әрпі.

Өзен маңы қандай?

-Өзен суы қандай болады?

  • Өзенде қандай балықтар бар?

  • Біздің өлкемізде қандай өзен бар?

  • Өзенде қандай құстар жүзеді?

  • Өзенге біз қай уақытта шомыламыз?

V. Сергіту сәті

  • Біздер әлі баламыз

  • Өсіп алға барамыз.

  • 2030- жылдары

  • Біз де осындай боламыз

VІ. Дәптермен жұмыс

  1. Ө әрпінің жазбаша түрін көрсету

2. Ауаға жаздыру

3. Ө дыбысының үлкен және кіші әрпін

тақтаға жазып көрсету

4. Дәптерге ө әрпін және ө дыбысына

қатысты сөздер жазу

VІІ. Логикалық тапсырма

VІІІ. Сабақты қортындылау

  1. Біз бүгін қандай дыбыспен таныстық?

  2. Ө дыбысы қандай дыбыстар қатарына жатады?

  3. Мысалдар келтіру

  4. Анаграмма

  5. ІХ. Үйге тапсырма

  6. 89 - беттегі бағандағы сөздер мен "Өркеш" мәтінін оқып келу

  7. Х. Балаларды мадақтау

Сабақта белсенділік танытқан оқушыларды жекелеп мадақтау



© 2010-2022