Ата-анамен жұмыс Отбасы татулығы

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтын мақсаты: Әр баланы отбасы, жақын адамдары туралы әңгімелете отырып, отбасы құндылықтары, ұрпақтар сабақтастығы туралы түсіндіру. Отбасындағы сыйластық дағдыларын дамыту.

Сабақтын барысы:

Мұғалім сөзі. Балалар! Отбасы - бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасынан берілетін ұлттық тәрбиеге тікелей байланысты. Атамыз қазақ «Бала - адамның бауыр еті», «Балалы үй - базар» дейді. Отбасы ата - анадан, балаларынан, туыстардан тұрады. Әр отбасында ата -ананың, отбасы мүшелерінің орны ерекше.

Әңгімелесу. Балалар, «Отбасы» ұғымына тереңірек тоқталып, осы ұғымды мына сұрақтар төңірегінде тереңірек талдайық.

• Отбасы бақыты дегенді қалай түсінесіңдер? Ол кімдерге байланысты деп

ойлайсыңдар?

• Отбастарыңда қадір тұтатын қандай құндылықтар, дәстүрлер бар?

• Өз отбасың үшін алаңдайсың ба, жауапкершілігін сезінесің бе?

Оқулықпен жұмыс. Ж.Солтиеваның «Мен оны пір тұтамын» әңгімесін оқып талдау жасаймыз, әр оқушыдан

-Мен үшін әкем.......,

-Мен үшін анам.......,

-Мен үшін туысым..., - деген пікірлері тыңдалады.

Тыныштық сәті. Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмып, денелеріңді бос ұстап, ауаны терең жұтыңдар. Көз алдарыңа отбасындағы ең бақытты сәттерді елестетіп, ата -аналарыңның сендерді еркелетіп, аялап қамқор болып жатқанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашыңдар.

Дәптермен жұмыс. (шығармашылық жұмыс). Отбасындағы жарасымды күшейтетін құндылықтарды пайдалана отырып отбасы ережесін құрастырайық.

Отбасы ережесі: адалдық, татулық, қарапайымдылық, мейірімділік, сыйластық, махаббат, кішіпейілділік.

(Әр оқушының жұмысына тоқталу, мадақтау)

Сұрасан менің тегім....(Отбасының шежіресі, бәйтерегі) Жеті атаңды білесің бе? (оқушылардан жауабы)

Үйге тапсырма. Мына сұрақтар бойынша эссе жазу

- Отбасында қандай ағасың (апасың)?

- Ағалыққа тұрарлық қандай іс - әрекет жасап жүрсің?

- Лайықты іні, (сіңлі) болып жүрсің бе?

Мұғалім сөзі. Міне балалар әкенің де, ананың да отбасындағы орыны алтыннан да қымбат, оны ешқандай бағалы затпен өлшеуге келмейді. Күні ертен сендердің әрқайсысың бір отбасының әкесі, анасысыңдар. Сондықтан барлық адамгершілік қасиеттерді жақсылық пен ізгілікті, мейірімділік пен кешірімділікті бойларыңа сіңіріп өсіңдер. Себебі отбасың сенің ертеңің, болашағың.....

Ән «Әрқашан күн сөнбесін»Add to FacebookAdd to Delicious

Digg thisAdd to RedditAdd to StumbleUponAdd to MySpaceAdd to Technorati



© 2010-2022