Табиғат және денсаулық (даярлық топ)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырып: Табиғат және денсаулық

Мақсаты: табиғат және денсаулық құндылықтары туралы түсіндіру. Олардың өзара үйлесімділігі туралы түсініктерін кеңейту. Адам денсаулығына табиғаттың пайдасыне түсіндіре отырып, оны қорғауға, аялауға үйрету.Балалардың туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Сөздік қорын молайту.табиғат байлықтарын қадірлей білуге үйрету.

Әдістері: әңгімелесу, сұрақ - жауап, түсіндіру.

Көрнекіліктер: суреттер, табиғаттың суреттері, табиғатты құрастыруға арналған қима суреттер.

Билингвалды сыңар: табиғат - природа, денсаулық - здоровия.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

«Қайырлы таң!»

Балалар,біз бәріміз бір үйдің балаларындай татумыз, доспыз.Қане бәріміз бір болып шеңберге тұрайық, қонақтарымызбен амандасайық.

Үнтаспадан құстардың сылдырап аққан судың, тербелген ағаштардың сыбдыры,табиғаттың сан алуан құбылысының дыбысы естіледі.Балалар мұқият тыңдайды.

Сұрақ-жауап

-Қандай дыбыс естідіңдер?

-Бұл -бізді қоршаған орта -табиғат.Табиғат нешеге бөлінеді?

-Табиғат екіге бөлінеді: өлі және тірі табиғат.

-Адам денсаулығы мен табиғат арасында қандай байланыс бар?

Балалар шеңберге тұрып:

Қайырлы таң,көк аспан

Қайырлы таң,алтын күн

Қайырлы таң, жер-ана,

Қайырлы таң,достарым

Қайырлы таң, қонақтар.


-құстардың, судың, тербелген ағаштардың дыбысын естідік.

-Өлі табиғатқа тас, су, тау, топырақ, жер т.б. жатады

-Тірі табиғатқа ағаш, гүлдер, жануарлар,адамдар т.б. жатады.

-Табиғат болмаса өмір сүре алмайды. Ауа жоқ болса, дем ала алмай тұншығып қалар едік.Су жоқ болса шөлдер едік

Іздену

ұйымдастырушылық

Дидактикалық ойын

Мен сендерге «Егерде.....» деп басталатын табиғат, өсімдіктер жайлы сөйлемдер айтамын,сендер аяқтайсыңдар.

-Егерде гүлдерге су құймаса....

-Егерде аулаға тал екпесе...

-Егерде тісмімізді шаймасақ...

Пейзаж құрастыру ойыны

Балаларға табиғат бейнеленген суреттердің бөліктері таратылып беріледі.

«Адам денсаулығына не пайдалы?» атты көріністі тамашалаймыз (табиғат құбылыстарының айтысы)

-гүлдер шөлдеп, қурайды

-көлеңке болмайды.

-тісіміз ауырады.

Бұлт (Милана)

Жел(Мирас)

Боран(Айсана)

Жер(Ажар)

Рефлексивті - қортындылау

Балалар біз бүгін қандай тақырыппен таныстық.

Қоштасу шеңбері

Табиғаттың денсаулыққа пайдасы туралы.Табиғатты қорғай білуге, аялап күтуге үйрендік.

Күн, сәуле шашқаның үшін рахмет!Таза ауа, саған рахмет! Бұлт, жаңбыр сепкенің үшін рахмет! Ағаш, көлеңкеңе рахмет! Табиғат, сұлулығын үшін рахмет! Қонақтар сабағымызға келгендеріңіз үшін рахмет!

Күтілетін нәтиже: Білу керек: табиғат пен денсаулық тығыз байланыста екенін білуі керек.

Істей біледі: Өз ойларын нақты жеткізе білуді, толық жауап беруді, топпен бірлесе жұмыс істей білулері керек.

Күні: .03.2013 ж

«Балдырған» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс - әректі технологиялық картасы.ертегінің мазмұнымен таныстыру.

Тақырып: «Жыл басына таласқан хайуанаттар»

Мақсаты:

1.Білімділік: Халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылықтарын «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі арқылы арттыру.

2.Дамытушылық: Шығарма желісі бойынша шығармашылық белсенділігін, көркемдік талғамын арттыр; ойын арқылы есте сақтау қабілетін дамыту.

3. Тәрбиелік:Ұжымда достық қарым - қатынасты тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: «Жыл басына таласқан хайуанаттар»ертегісінің суреттері . Төрт түлік малдың суреттері.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Жылулық шеңбері:

«Жыл басына таласқан хайуанаттар»ертегісін балалармен бірге еске түсіріп, әңгімелеп беріп,ертегіден кейіпкерлердің қалаай дыбыстайтының айтуды ұсынады.

Жұмбақ

Үстінде екі тауы бар, кезікті бір жануар

«Не қалай дыбыстайды?» ойыны

Тапсырма

Тәрбиеленушілердің диалогты сөйлеуін жаттықтыру

-Кәне ертегідегі әр кейіпкерді сипаттап көрейікші!

-Ертегіде қанша жануар бар?

-Биылғы жылдың иесі қай жануар

Балалар шеңберге тұрып:

Хайуанаттардың қалай дыбысталатыны туралы айтып береді.

(Түйе)

Жануарлардың дыбыстарын келтіреді.

-(әтеш-әдемі, жігерлі, жауапты, қатал. Сиыр-салмақты, шыдамды,мықты т.с.с)

Ертегіде алты жануар бар

Биыл жылан жылы

Іздену

ұйымдастырушылық

Сергіту сәті:

«Ботақан мен бұзау»

«Анасын тап» ойыны

Тікткеп титтей құлағын,

Ботам былай жүреді.

Сыртылдатып тұяғын,

Бұзау оған ереді.

Алға созып мойының,

Ойнақтайды ботақан

Көкке қарай мойының

Шүйіреді бұзауқан.

Тақтада төлдер ілініп тұрады,әр төлдің анасын тауып жапсырады.

Рефлексивті - қортындылау

Балалар біз бүгін қандай ертегімен таныстық? Ертегі не туралы? Қандай ойындар ойнадық ? Дұрыс айтасыңдар

Қоштасу шеңбері

«Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісімен

«Не қалай дыбыстайды?»ойыны «Анасын тап» ойындарымен таныстық

Қол ұстсып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскеше күн жақсы,

Сау-саламат болайық

Күтілетін нәтиже: Білу керек:1 мүшелде-12 жыл,1 жылда-12 ай бар, 12 айдың өз атаулары бар.

Істей біледі: Өз ойларын еркін жеткізе білуді, толық жауап беруді, топпен жұмыс істей білуді.

© 2010-2022