Әліппе - білім бастауы!

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Сабақтың тақырыбы: Әліппе - білім бастауы
Сабақтың мақсаты:
Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.Әр оқушының іс-әрекеттері арқылы қабілеттерін көрсету, шығармашылығын дамыту.Жаңа оқулықпен таныстыру, қызығушылығын арттыру,
Оқушылардың ата-ана, Отан, ел алдындағы борышын сезінуге, елін сүюге тәрбиелеу
Көрнекілік: Әліппе, Ана тілі, Математика макеттері, нақыл сөздер, шарлар, әріптер таңбалары мен цифрлар т.б., слайд

Ерте, ерте, ертеде бір жаһанда «Әліпби» атты ел болса керек. Бұл елде ханзада мен
кішкене ханшайым ұзақ жылдар өмір сүріпті. Хан кішкене ханшайымның оқығанын қалапты.
Сахнаға хан мен оның кішкене қызы шығады.

Хан:
Уа, халайық! Армысың,
Ағайын туған, бармысың
Жарлығымды тыңдаңдар,
Босқа қарап қалмаңдар
Мен сендерге сенемін
Қызымды мектепке апарғанға
Ат басындай алтын беремін
Кішкене ханшайым: Жоқ, әке
Бұл не дегенің?
Оқымай-ақ мен бәрін білемін
Сабақ, оқу, әріп, жазу
Дәптер, кітап - ол не керек?
Ол не береді?
Мен сұлумын, ханшамын
Тәтті қыздың бірімін
Оқуыңа өзің бар,
Керек емес білімің
Тазша бала: Уа, тақсыр, армысыз,
Ханшайымда бармысыз,
Жақсы хабарым бар, сыныптың оқушылары, Әліппемен қоштасу тойын тойлап жатыр, соны көріп ханшаның пікірі өзгерер, қонаққа барып көрелік.
Хан: Ойбай, қызыма көмегі тисе, жүр, түс алға!
Ханша: барсақ, баралық, көрсек, көрелік!
Мұғалім:

Армысыздар құрметті қонақтар,оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі-әліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отырып, ертеңгілігімізді бастайық.
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл - ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларын.
1-жүргізуші

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарында қызғалдақтай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата - аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға. Ортмызға
1-сынып оқушыларын және апайы Мақпал Нұрланқызын шақырайық. Тойымыздың той бастары ретінде (Аружан мен Айнұрдың орындауында Ертегілер әнін қабыл алыңыздар.( Шашу шашылады. Апалар шашу шашады.)

Бексұлтан: Кешегі сәби балаңыз,

Жарады міне қараңыз.

Ғылым,білім жолына

Енді қайық саламыз.

:
Іңкәр: Бексұлтан тоқта! Құр мақтан сөзбен ешкімді сендіре алмаймыз. Одан да мына қонақтарға өз өнерімізді көрсетуге асығайық.
Біз қай мемлекетте тұрамыз?
Айнұр: Қ Астанам, ұлы, Астанам
Ұлылыққа бастаған!
Мақтан тұтар өзіңді,
Кіп-кішкентай жас балаң!
Бақтияр: «А»: Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте!

БақытжТаңнар:«З» Зау-зау заңғар заңғарлар,
Замандар бар, заңдар бар
З-да барлық заңдылық
Заңда з мен заң болар

. Жібек Санжар «А»: Піскен алма топ-топ түсті,
Топ-топ түсті, көптен түсті

МАДИ Ермұхан «Қ»: Қарағанды көмірі
Қостанайдың егіні.
Даласындай жомарт қой
Қазағымның көңілі

Ерасыл: Ерасыл «С»: Жағасында Ертістің
Семей деген қалам бар
Туған мұнда атақты
Абай, Мұхтар, бабалар

«Т»: Қабиден «Т» Жарақты жаумен жұлқысқан
Қылышты жаумен қырқысқан
Ең ежелгі астана
Қасиетті Түркістан!
Гүлдана «А»: ,
алма,алмұрт егеміз

Айғ айға сапар шегеміз

Айға
Еркежан: «Н»: Ас біткеннің анасы
Қасиетті нан осы
М: Осы әріптердің барлығын қосқанда қандай сөз шығады екен?
ҚАЗАҚСТАН
Қазақстан сөзін естігенде көз алдарыңа не елестейді?
Оқушылардың жауаптары тыңдалады? Қазақстан-тәуелсіз мемлекет.
Жүргізуші:Ендеше, сендер Қазақстан деген ұлы мемлекеттің бақытты балдырғандарысыңдар. Ендеше туған елімізге арнап Гүлдана мен Іңкәрдың орындауында ән .........
« Көк туым киелі » әнін шырқайық.
Мұғалім:
Айтыңдаршы,
Іші толған әріпке
Білімдегі жарық не?
Оқушылар: Ол -әліппе.
Мұғалім: Ендеше, бүгінгі кешіміздің басты қонағы әліппені ортаға шықырайық.
(Музыка қосылып, балалар әліппені тосады)
Мұғалім: Әліппе неге кешікті екен?
Осы кезде электронды почтаға хат келіп түседі.
Мұғалім: Балалар, жолда досын ертіп келе жатқан әліппені ҚЫС ХАНШАЙЫМЫ ұстап алыпты. Оның бізге мынадай талабы бар екен.
Мұғалім:1-тапсырма математика пәнінен екен. Кәне тезірек шешіп жіберейік.
Ағаш басында 2 торғай отыр еді,оған тағы 2 торғай ұшып келді.Барлығы қанша торғай болды? (4)

Не - Не берілген?(5+3,9-7) (Өрнектер) - -Қандай өрнектер? -қосынды және айырма -Өрнектердің мәнін кім табады?(5+3=8 , 9-7=2) Біз өрнектің мәнін тапқанда өрнек неге айналады?

---- Те ----Теңдік Теңдіктерді әртүрлі тәсілмен кім оқиды? 1) . 5 қосу 3 тең 8. 2). 5 пен 3- тің қосындысы 8 -ге тең. 3). Бірінші қосылғыш 5,ал екінші қосылғыш 3, қосындының мәні 8-ге тең. Жұмбақ есептер шешейік: Шығармақ боп кеше есеп

Жиналғ Жиналғанда 5 есек 3-і ұйықтап отырды Ынталысы неше есек? (2)

Қазып жүр құмды 5 мысық 3-і жатыр күн ыстық 2-і жүр шомылып Барлығы қанша санап шық?(10)

2-тапсы. Дүниетану пәнінен болады.
Неше жыл мезгілі бар?
4 қыс,көктем,жаз,күз.
Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар, біз ақылды, білімді баламыз.. Біз қыс ханшайымының барлық тапсырмаларын орындадық. Ән: «Бол жанымда» орындайтын Мадияр Ендеше қошеметпен әліппені қарсы алайық!
Әліппе ортаға шығады:

-Армысыңдар жас достар!
Армысыңдар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Таудай болса талабың,
Айтары көп әріптің
Қуанышы баланың
Қуанышы ананың
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйретіп, не білдік,
Қане, ортаға салайық!


Ал балалар әліппеге арналған тақпақтарымызды ортаға салайық:

Нұртілек: Бар кітапқа бас болған,
Әліппе-ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
Дарын: Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріпте

Оқимыз қазір ертекте,

Үйреткен оны әліппе.

Бексұлтан: Бар білімнің бастауы.

Әліппеден бастадым,

Үйренуге талпындым.

Құлшынып балғын, жас шағым.

М.Аружан Әліппем менің әліппем

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің

Ертеңгі сәуле жарықпен. Гулдана: (тақпағын айтады қоштасу) - Әліппе:Ал енді балалар мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар Хош бол әліппе! Хош бол әліппе!


Жургізуші: балалар, енді ортаға әріптерді шақырайық. Әліппе кітабынан әріптерді танып білдік. Ұқыпты, таза ұстадық. Не себепті?
Ертең алтыға толатын,
Сендердей әпке болатын
Әліппені алып қолына
Үлгілі шәкірт болатын кішкене бүлдіршінге әліппені тапсырамыз. «ОТАН»сөзі шығатындай:

Бағдар: «О» Оспанда өлең жаттады.

Олжас та өлең жаттады.

Мына менен басталған

Екеуінің аттары.

Данагүл: «Т» Торғай, торғай торғайсың

Таяу келіп қонғайсың

Жем шашайын тойып ал,

Сонда аяздан тоңбайсың.

А.Аружан: «А» Астана-Астанам

Астана-бас қалам

Ардақтап атыңды,

Аузымнан тастаман.

Іңкәр: «Н» Ас біткеннің атасы

Қасиетті «нан» осы.

Қайсы әріптен басталып

Аяқталған қарашы

Би: Вальс

Балалар әліппеден сұрақ қоямын.Тез ,жылдам жауап беру керек.

- Балалар біздің қазақ тілінде қанша әріп бар?

- 42

--- Біздің елбасымыз кім?(Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы)

- неше таңба бар?( 2)

- Бұл әріптерді біз қайдан үйрендік?

- Әліппеден

---- Біз қандай мемлекетпіз?(Тәуелсіз)

----- Мемлекеттік рәміздерді ата (ту,елтаңба,гимн)

------ Елордамыз қалай аталады? (Астана)

- Сөйлемде сөзің бірінші әрпі қандай әріппен жазылады?(бас әріппен)

- Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?(?)

-- Кейде дауысты,кейде дауыссыз болатын дыбысты ата(У)

Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді?(2.жуан,жіңішке.)

---- Дыбыс бермейтін әріптенді ата (Айыру белгісі,жіңішкелік белгісі)


Мұғалім: Балалар, енді біз ана тілі кітабын жалғастырамыз! Кәне, онымен жақынырақ танысайық!Ортаға ана тілі келеді.
Ана тілі: Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте! Мұғалім: Әліппемен қош айтысып қаламыз, Енді қолға ана тілін аламыз. Атана қуанышқа ортақ бол, Сауатты боп шықты міне балаңыз!
Мұғалім: Ана тілі отырып оқушылардың өнерін тамашалаңыз.
Жүргізуші: Әріптерді үйретіп,
Жақын болған сендерге,
Жамандықтан жирентіп,
Ақыл болған сендерге!
-Әліппеніоқуға,
Үйреткен әр күні
-Үйретіп санауды,
Көп еңбек сіңірген кім ол?
Мұғалім апай ғой! (оқушылардың жауабы)
Барлығы хормен:
-Рахмет! Мақпал Нұрланқызы
Ән «Ұстазым» орындайтын Гүлдана мен Іңкәр
-Әліппені меңгертуге, жазуға, санауға үйреткен ата-аналарымыздың үлесі бар. Ата-анамызға ризашылығымызды білдіреміз:
Мұғалім:
-Балалар, сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қуансаң-қуанып, ренжісең-жұбататын асыл адам - Ана!
-Ана- біз үшін ең ардақты адам. Ананы сыйлау-біздің парызымыз.
Ән. «Ана»
Ант қабылдау
Отанымды сүюге
2. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге,
3. Отанымызды мақтаныш етуге;
4. Ата-ананы қадірлеуге;
5. Білімге ұмтылуға;
6. Салауатты өмір салтын ұстануға;
7. Табиғатты аялауға;
8. Мектеп ережесін сақтауға
9. Үлкеді құрметтеуге
10. Кішіге қамқор болуға.
Барлығы хормен:
Ант етеміз, Ант етеміз, ант етеміз Би : « Қазақ биі» ұлдар тобы

Мұғалім: Балалардың білімі құтты болсын, Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын. Білімдерін әрі қарай дамытатын. Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын! Хор : «Әліппе»

Жүргізуші: Осымен Әліппе-білім бастауы атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Балаларды бүгінгі мерекелерімен құттықтау үшін ортаға мектебіміздің директоры Аманбаева Эльмира Қойшыбайқызын ,бастауыш бірлестік жетекшісі Маненбаева Айнаш Төлешқызын шақырамыз. Ата аналар атынан ата-аналар комитеті Гүлім Сағындыққызына сөз беріледі.



© 2010-2022