Ашық сабақ Бастауыш 1 класс

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ Бастауыш 1 классАшық сабақ Бастауыш 1 классАшық сабақ Бастауыш 1 классАшық сабақ Бастауыш 1 классАшық сабақ Бастауыш 1 классАшық сабақ Бастауыш 1 классАшық сабақ Бастауыш 1 классАшық сабақ Бастауыш 1 классАшық сабақ Бастауыш 1 классАшық сабақ Бастауыш 1 классАшық сабақ Бастауыш 1 классАшық сабақ Бастауыш 1 классАшық сабақ Бастауыш 1 классАшық сабақ Бастауыш 1 классАшық сабақ Бастауыш 1 классАшық сабақ Бастауыш 1 классАшық сабақ Бастауыш 1 классАшық сабақ Бастауыш 1 классСабақтың тақырыбы: Бастауыш

Сабақтың мақсаты: Сөйлемнің тұрлаулы мүшесі - бастауыш туралы түсінік беру.

Сабақтың міндеттері:

1.Сөйлем мүшелері туралы түсініктерін пысықтай отырып, тұрлаулы сөйлем мүшесі - бастауыш туралы түсінік беру. Сұрақ қою арқылы бастауышты өзге сөйлем мүшелерінен ажырата білуге үйрету.

2.Сөздік қорларын байыту, көркем жазу дағдыларын жетілдіру, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3.Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, тұрақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, тірек сызба, талдау-жинақтау.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, бастауыш плакат, слайд.

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру бөлімі.

а) - оқушыларды жинақтау;

- қажет оқу құралдарын дайындау.

ә) Психологиялық дайындық.

Не қажет?

  1. Түлкіден қашып келе жатқан қоянға ...

  2. Тоқтап қалған сағатқа ...

  3. Мұқабасы тозған кітапқа ...

  4. Жарыс кезіндегі спортшыға ...

  5. Тентекке не керек? ...

  6. Сабақ оқуды ұмытқан балаға ...

  7. Қараңғыда не керек? ...

  8. Адасқанға не керек? ...

-Ал, бүгінгі біздің сабағымыз мәнді, әрі сәтті шығуы үшін бізге не керек?

-Тыныштық, белсенділік, алғырлық, шапшаңдық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

-Олай болса бүгінгі сабағымызды үй тапсырмасын тексеруден, пысықтаудан бастайық?! Ол үшін мына ребусты шешіп көрейік.

Ребус: сөйлем.

-Сөйлем дегеніміз не?

-Сөйлемге тән белгілерді есімізге түсіріп жіберейік?

*Сөйлем сөздерден құралады.

*Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысты болады.

*Аяқталған ойды білдіреді.

*Бірінші сөзі бас әріппен басталып жазылады.

*Сөйлем соңына: не нүкте (не.), не сұрақ (не?), не леп белгісі (не!) қойылады.

*Сөйлем мүшесі дегеніміз не?

  • Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөздерді сөйлем мүшелері дейміз.


  • Үйге қандай тапсырма берілді?

  • 63-бет, 20 - жаттығу.

  • Қалай орындау керек еді?

  • Әр сөйлемге сөздер қосу арқылы сөйлем мүшелерінің санын көбейтіп жазу.

Слайд: Айдана жазды. Олар шықты. Сиыр ішті. Кезекші сүртті. Сәуле ойнады. (Әр сөйлемді әр балаға оқытамын)

-Ал, сөйлем мүшесі дегеніміз не? (Оқушылардан сұралады, сосын слайдтан оқытылып, пысықталады).

ІІІ. Жаңа тақырып.

Сөйлем мүшелеріa)

Тұрлаусыз мүшелер

Тұрлаулы мүшелер

Бастауыш

ә) - Тұрлаулы, тұрлаусыз мүше дегеннің мағынасын ашып кету.

  • Тақтаға күннің жады, тақырып жазылады.

  • Көркем жазу.

Жж Жж Жж

Жесенбіде жаңбыр жауды. (көшіріп жазп алу)

Олай болса, қимыл, іс-әрекет иесін білдіретін сөзді бастауыш дейді. Бастауыш Кім? Кімдер? Не? Нелер? Кімі? Несі? деген сұрақтарға жауап береді.

в) Оқулықпен жұмыс.

Жел соқты. Бұлт қоюланды. Жаңбыр себеледі. Оқушы оқыды.

Малшы бақты.


  • Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой?

  • Екінші сөзге сұрақ қой?

  • Сөйлемде неше мүше бар?

  • Біреуі қимыл, іс-әрекет, екіншісі - оның иесі.

23-жаттығу. Оқу, талдау, көшіріп жазу.

Мұғалім түсіндірді. Лақ маңырады. Мұз қатты. Күн шықты. Сәкен оқыды.

24-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін табу және жатқа жазу.

Дала тегіс сарғайды,

Шаруа қысқа қамданды.

Күн қысқара бастады,

Тауға тұңғыш қар жауды.

(Күз)

  • Жатқа жазу.

  • Жұптар бір-бірін тексеру тапсырылды.

г) Сергіту сәті.

- «Мен қазақпын».

-Адасқан бастауыштарды өз орнына қойып, сөйлемді көшіріп жазу.

Жылқы

Түйе

Арыстан

Сиыр

Қой

Боздайды, мөңірейді, ақырады, кісінейді, маңырайды.

-Арыстан ақырады, түйе боздайды, жылқы кісінейді, қой маңырайды, сиыр мөңірейді.

IV. Сабақты қорытындылау.

- Сонымен балалар бастауыш дегеніміз сөйлемнің қандай мүшесі?

-Тұрлаулы.

-Қандай сұрақтарға жауап береді?

-Кім? Не?...........

Слайд: Күз суреті.

- Суретте қай мезгіл бейнеленген?

-Суретке қарап «Күз» тақырыбына шағын әңгіме құрап жазамыз.

-Жазған әңгімелерінен бастауышты тауып, астын сызу тапсырылады.

-3-4 оқушығы оқытып, тексеріледі.

V. Үйге тапсырма.

65-бет, 27-жаттығу. Түсіндіру.

VI. Бағалау.

  • Оқушылардың сабаққа араласқандарына қарай мадақталып, бағаланады. Қонақтарды қалай күліп қарсы алдық, солай күліп шығарып салайық. Сабақ аяқталды.



© 2010-2022