Үй құстары

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы:

Әлеуметтік орта,Таным

Тобы:

Екінші кіші

Бөлімі:

Қоршаған ортамен таныстыру, экология

Тақырыбы:

Үй құстары.

Ақпараттық құзіреттілік:

Үй құстарының тіршіліктері туралы түсініктерін кеңейту. Үй құстарының пайдасы туралы мағлұмат беру. Құстарға деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.


Коммуникативтік құзіреттілік:

Үй құстарының аттарын атап, бір- бірінен ажырата алу әдісін меңгереді. Үй құстарын қатыстыра отырып сөйлем құрауға үйрету.

Проблема шешу құзіреттілік:

Өз беттерімен үй құстарын атап, сөйлем құрай алуы, қойылған сұраұтарға жауап бере отырып, тапсырманы орындауы.

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінде қолданылатын демонстрациялық материалдар:

Үй құстарының суреттері, жұмыртқа

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің өтілу әдісі:

түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиеші іс- әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

- Балалар, қолымыздан ұстап «Қуаныш шеңберін» құрып, бір-бірімізге жылуымызды білдірейік.

Тиіспе, балапан, тауыққа,

Тентектікті қойыңдар.

Араздық жоқ араңда,

Тату-тәтті болыңдар.

Тәрбиеші: - Балалар, бір-біріміздің тату екенімізді білдірдік. Ендеше, қонақтармен амандасайық.

Балалар тәрбиешімен бірге шеңберге тұрып өлең жолдарын айтады

Қонақтармен амандасады

Іздену- ұйымдастырушы

- Өте жақсы балалар, енді орнымызға отырайық. Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

- Кыс мезгілінде қандай табиғат құбылыстары болады?

- Ендеше, кыс туралы кім тақпақ біледі?

- Балалар, тыңдаңдаршы, бір нәрсе тырсылдап жатыр. Қане, қайтадан тыңдайықшы. Мәссаған, мына жұмыртқаның үлкенін - ай, өзінің түсі аппақ екен, ал көлемі сопақшаға ұқсайды екен. (Балалар жұмыртқаға таңдана қарайды)

- Балалар, жұмыртқа жарылып жатыр екен. Бұдан не шығатынын білесіңдер ме?

- Балапан шығатынын білесіңдер. Балапан не істеп тұр?

- Балапан, сен неге жылап тұрсың? Біз саған көмектесеміз, айтшы балапан.

Балапан: - Мен мамамнан адасып кеттім. Сіздер соны тауып бере аласыңдар ма, балалар?

- Әрине, балапан. Біз саған көмектесеміз. Балалар, бәріміз балапанның мамасын шақырайықшы.

Тауық: - Балалар, не болды, менің жұмыртқаларымды таптыңдар ма? Сендерге көп рахмет.

- Тауық, біз балалар болып сіздің жұмыртқаңызды таптық. Оны ұстайын деп едік, ол жарылып жатыр екен. Біз оның жарылуын күттік. Содан міне, сіздің балаңызды аман-есен тапты балалар.

Тауық: - Рахмет, балалар! Менің балапанымның қарны аш еді, сендер балапаныма жем, тары тауып беріңдерші.

- Тауық бізде жем де, тары да бар. Бірақ, менің тапсырмаларымды орындасаң ғана беремін.

Тауық: - Ендеше, балалар, сендер маған көмектесіңдерші.

1 - тапсырма: Жұмбақ шешу.

Басында айдары бар,

Иегінде сақалы бар.

(Әтеш)

2 - тапсырма: Үй құстарын атап беріңдер?

(қаз, тауық, әтеш, үйрек)

- Балалар, бәріміз орнымыздан тұрып бойымызды сергітейік.

-Балалар балапан сендермен бірге ойын ойнағысы келіп тұр

Ойын: «Жоғалған үй құсын табу»

Шарты:Балалар көздерін жұмып,жоғалған құстың не екенін айтады.

Тауық: - Балалар, сендер маған көп көмектестіңдер. Рахмет, енді мен сендермен қоштасайын. (Тауық балапанын алып кетіп қалады)

- Кыс мезгілі

- Күн суытады, қар жауады, жапырақтар жерге түседі.

Асылым:

Шанамен зырлап желетін,

Шаңғы,коньки тебетін,

Аққала жасап ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың?

- Балапан шығады

- Жылап тұр.

Қыт-қыт-қыт! Қыт-қыт-қыт!



Жарайды, көмектесейік.

(Әтеш)

қаз, тауық, әтеш, үйрек

Рефлексивті коррекциалаушы

-Балалар сендерге бүгінгі тақырып ұнадыма?

-Балалар, сонымен сендер қандай үй құстарын білесіңдер?

- Неліктен бұл құстарды «Үй құстары» дейміз?

- Үй құстарының адамға қандай пайдасы бар?

- Өте жақсы, дұрыс айтасыңдар! Балалар осымен біздердің сабағымыз аяқталды.Сіздер жақсы қатыстыңыздар.Рахмет.

-Ия ұнады

- Қаз, тауық, үйрек.

- Үйде мекендегендіктен үй құстары дейміз.

- Үй құстарының еті, сорпасы, жұмыртқасы адам ағзасына өте пайдалы.

Күтілетін нәтиже:

Баланың білуі: Үй құстарының тіршіліктері туралы , үй құстарының пайдасы туралы біледі .

Баланың меңгеруі: Үйқұстарының пайдасы бар екені туралы және оларды бір- бірінен ажырата алуы әдісін меңгерді.

Баланың жасай алуы: Берілген тапсырманы орындады.Қойылған сұрақтарға еркін жауап бере

Білім беру саласы: Таным

Бөлімдері: Экология негіздері

Тақырыбы: Үй құстары. Әтеш, тауық, балапан.

Мақсаты: Үй құстарының тіршіліктері туралы түсініктерін кеңейту. Үй құстарының пайдасы туралы мағлұмат беру. Құстарға деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, дидактикалық ойын.

Көрнекіліктер: Әтеш, балапан, тауықтың суреттері, жұмыртқа, үнтаспа.

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші: - Балалар, қолымыздан ұстап «Қуаныш шеңберін» құрып, бір-бірімізге жылуымызды білдірейік.

Тиіспе, балапан, тауыққа,

Тентектікті қойыңдар.

Араздық жоқ араңда,

Тату-тәтті болыңдар.

Тәрбиеші: - Балалар, бір-біріміздің тату екенімізді білдірдік. Ендеше, қонақтармен амандасайық.

Үлкенге де - сіз,

Кішіге де - сіз.

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Тәрбиеші: - Өте жақсы балалар, енді орнымызға отырайық. Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: - Кыс мезгілі

Тәрбиеші: - Кыс мезгілінде қандай табиғат құбылыстары болады?

Балалар: - Күн суытады, қар жауады, жапырақтар жерге түседі.

Тәрбиеші: - Ендеше, кыс туралы кім тақпақ біледі?

Данияр:

Шанамен зырлап желетін,

Шаңғы,коньки тебетін,

Аққала жасап ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың?

Тәрбиеші: - Балалар, тыңдаңдаршы, бір нәрсе тырсылдап жатыр. Қане, қайтадан тыңдайықшы. Мәссаған, мына жұмыртқаның үлкенін - ай, өзінің түсі аппақ екен, ал көлемі сопақшаға ұқсайды екен. (Балалар жұмыртқаға таңдана қарайды)

Тәрбиеші: - Балалар, жұмыртқа жарылып жатыр екен. Бұдан не шығатынын білесіңдер ме?

Балалар: - Балапан шығады

Тәрбиеші: - Балапан шығатынын білесіңдер. Балапан не істеп тұр?

Балалар: - Жылап тұр.

Тәрбиеші: - Балапан, сен неге жылап тұрсың? Біз саған көмектесеміз, айтшы балапан.

Балапан: - Мен мамамнан адасып кеттім. Сіздер соны тауып бере аласыңдар ма, балалар?

Тәрбиеші: - Әрине, балапан. Біз саған көмектесеміз. Балалар, бәріміз балапанның мамасын шақырайықшы.

Балалар: Қыт-қыт-қыт! Қыт-қыт-қыт!

Тауық: - Балалар, не болды, менің жұмыртқаларымды таптыңдар ма? Сендерге көп рахмет.

Тәрбиеші: - Тауық, біз балалар болып сіздің жұмыртқаңызды таптық. Оны ұстайын деп едік, ол жарылып жатыр екен. Біз оның жарылуын күттік. Содан міне, сіздің балаңызды аман-есен тапты балалар.

Тауық: - Рахмет, балалар! Менің балапанымның қарны аш еді, сендер балапаныма жем, тары тауып беріңдерші.

Тәрбиеші: - Тауық бізде жем де, тары да бар. Бірақ, менің тапсырмаларымды орындасаң ғана беремін.

Тауық: - Ендеше, балалар, сендер маған көмектесіңдерші.

Балалар: Жарайды, көмектесейік.

1 - тапсырма: Жұмбақ шешу.

Басында айдары бар,

Иегінде сақалы бар.

(Әтеш)

2 - тапсырма: Үй құстарын атап беріңдер?

(қаз, тауық, әтеш, үйрек)

Тауық: - Балалар, сендер маған көп көмектестіңдер. Рахмет, енді мен сендермен қоштасайын. (Тауық балапанын алып кетіп қалады)

Тәрбиеші: - Балалар, бәріміз орнымыздан тұрып бойымызды сергітейік.

Тауық тары жинапты,

Оны ешкімге қимапты.

Бөтекесін толтырып,

Қамбасына құймапты.

Қыста тауық қақылдап,

Тары іздеп жүр тақылдап.

Дидактикалық ойын: «Анасын тап»

Шарты: Балаларға үй құстарымен олардың балапандарының суретін үлестіріп беру. Балалар анасын балапанымен жұптастырады.

Тәрбиеші: -Балалар, сонымен сендер қандай үй құстарын білесіңдер?

Балалар: - Қаз, тауық, үйрек.

Тәрбиеші: - Неліктен бұл құстарды «Үй құстары» дейміз?

Балалар: - Үйде мекендегендіктен үй құстары дейміз.

Тәрбиеші: - Үй құстарының адамға қандай пайдасы бар?

Балалар: - Үй құстарының еті, сорпасы, жұмыртқасы адам ағзасына өте пайдалы.

Тәрбиеші: - Өте жақсы, дұрыс айтасыңдар! Балалар осымен біздердің тәрбие сағатымыз аяқталды.Сіздер жақсы қатыстыңыздар.Рахмет.



© 2010-2022