Конспект для уроков

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шерхан Мұртаза. Интернат қоймасы.

Нурмагамбетова Асемгуль Тугелбаевна

№31 қазақ орта мектебі

Сабақтың мақсаты:

-Тақырып бойынша оқушылардың білімдерін кеңейту,ақпаратты өз бетінше меңгертіп,сыни ойлай отырып,өз ойын жүйелі жеткізе білу,талдау,сараптау әңгімесіне қатысып,мәселе шешімін таба білуге үйрету.

Міндеттері:

-Оқушыларды Тұрар Рысқұловтың балалық шағының бір көрінісімен таныстыру. Мәтіннің идеялық мазмұнын ашып көрсетіп, ұғындыру. Топта бірлесе жұмыс жасай білуге үйрету.

-Оқушының мәтінге мағыналық талдау жүргізу машығын, сыни тұрғыдан қисынды ойлау білігін дамыту. Жаңа сөздермен таныстыра отырып,сөздік қорларын молайту.

-Жақсы және жаман қасиеттерді ажырата білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

-Тақырып мазмұнын түсінеді.Әңгімені өз бетінше оқып,мазмұнын ұғына алады,тапсырма тұрғысынан саралап оқи алады,өз ойларын саралап жеткізе біледі. Кластастарымен қарым-қатынасы қалыптасады,өзін- өзі бағалай алады.


Ұйымдастыру бөлімі: 1.Психологиялық тренинг жаттығу өткізіледі ("Мен өзімді теңеймін") 2.Топқа бөлу. Ақын,жазушылардың аттарымен топтастыру.Әр топ өз атауларына түсінік береді.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

"Кедейлік мүлдем болмас үшін не істеуге болады?" тақырыбында шағын эссе жазып келу тапсырылды. "Автор орындығы" әдісі бойынша әр топтан ең үздік эссені ортаға шығып оқиды.

1) Қызығушылықты ояту.

-Балалар, біздің оқып отырған тарауымыз қалай аталады?

-«Ата-бабам тарихы-менің тарихым» Өз тарихыңды,өткеніңді білмей,келешегіңді жоспарлау мүмкін емес. Сол сияқты дана, ұлы адамдарды бүкіл әлем біледі. Мысалы, батырлар, ұлы ақындар, жазушылар, халқын ойлаған жақсылықты жақындатқан халық сүйіктілері.Ендеше бүгінгі сабақта да осындай тарихымызда өзіндік орны бар адамдардың бірінің балалық шағының көрінісінен сыр шертеміз.


Мағынаны тану.Ой шақыру.

-Ол кім ? Бұл сұраққа жауап беру үшін мына бір сөйлемдерге назар аударайық, еске түсірейік.

Тақтада: «Иван Владимирович» «Аспара. Қызыл жебе. Көке»

«Жоқ, шынтақ жеңінен жылтыңдап қарамайды, оған надандық үңіліп қарайды»

  • Бұл шығарма кім туралы еді?

  • Тұрар Рысқұлов.

  • Шығарма қалай аталады?

  • Бұл шығарма Ш.Мұртазаның «Бала Тұрар» деп аталатын шығармасы

  • Тұрар Рысқұлов туралы не білеміз топтастырайық.

1894ж.

Талғар обл. Қоғам қайраткері,

Бесағаш ауылы. Тұрар Рысқұлов азаттық үшін күрескер.

3) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашу:

-Бүгінгі сабағымызда Шерхан Мұртазаның «Интернат қоймасы» әңгімесімен танысамыз.

а) Сөздік жұмыс. Интернат деген не?Қойма деген не?

"Болжау" стратегиясы.Тірек сөздер арқылы болжам жасату,әр топтан бір оқушыға оқыту.Мозайка әдісі арқылы толық мәтінді шығарып алу.

1- бөлім: дыбыс, қараңғы аула, Тұрар,Қабылбек,

2-бөлім:Серік, апыр-топыр ,қойма,тонау, Атамырза, интернат

3-бөлім: Серік,шындық,базар,жаңа көйлек,әкесіне айту.

4-бөлім: Аяп кету,Тұрар,Қабылбек, ақ көңіл, жұдырықтасып төбелесу

Соңғы азат жолын қайтарап оқып,сабақтын түйінді ойын шығару:

-Тұрар шайқастың мәнін енді түсіне бастағандай еді. Шайқас-тек жұдырықтасып төбелесу емес,ұрмай жаралайтын зымиян соққы да болады екен.Осының бәрі күрес екен.

Кері байланыс: "Қар үйіндісі?" әдісі бойынша мәтінді түсінгендерін тексеру.Әр топ сағат тілі бойынша бір жуан сұрақ дайындап,келесі топқа жолдайды. Ой қорыту: Шығармашылық тапсырма. 1. Қалаған кейіпкерге хат жазу. 2. Венн диаграммасы (Серік мен Атамырза) 3. Мәтін мазмұнына сәйкес келетін мақал айту. 4.Тұрарға мінездеме беру Қорытынды.Рефлексия ."Мен қандаймын? Ол қасиетті бүгін кімнің бойынан көріп тұрмын? Оқушылар сабақ барысында достарының бойынан көрген жақсы қасиеттерін айтып, класта жағымды ахуал қалыптастырады. Үйге тапсырма: Мәтінді оқу.Тұрар кейін Сталинге неліктен хат жазды жеп ойлайсың? Бағалау.


© 2010-2022