Тәрбие сағаты Менің досым 3 класс

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сабақтың тақырыбы: Менің досым.

Сабақтың мақсаты:Достық туралы балалар ұғымын кеңейту, балалардың достық қарым-қатынасына ықпал ету. Олардың бойларында сүйіспеншілік, сыйластық сезімдерін ояту.
Сабақтың міндеті: Білімділік:Оқушылардың дос туралы ұғымын кеңейту,достықтың түрлерімен таныстырып адал дос болуға үйрету.

Дамытушылық:Дос турлы әңгімелесу барысында оқушылардың өз ойын еркін жеткізе білуге, жағдаяттық тапсырмалар барысында логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік:Оқушыларды шынайылыққа, адамгершілікке, әдептілікке, қарапайым болуға, достарын сыйлап құрметтеуге, шынайы дос болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Сайыс

Сабақтың типі:Тәрбие сағаты

Сабақтың көрнеклігі:Плакат, суреттер,ұлы адамдардың ойлары, нақыл ұлағатты сөздері, дос туралы мақал-мәтелдер.

Сабақтың пәнаралық байланысы:Ана тіл, бейнелеу өнері
Сабақтың барысы:



I.Ұйымдастыру Оқушылар назарын сабаққа аудару

Балаларды үш топқа бөлу, қатар бойынша балалар үш топқа бөлінеді.
Кіріспе әңгіме Тақтада тұрған суреттерге қарап не айтуға болады балалар? ( тақтада достық туралы суреттер мен нақыл сөздер тұрады)

-Дұрыс айтасыңдар балалар, яғный бүгінгі біздің тақырыбымыз «Менің досым», достар туралы болмақ. Достық- адамдардың бір-бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы.

Ерте заманның ойшылы және асқан шешен Цицерон: «Достық өз бойына қаншама сан- алуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңізші! Қайда барсаңыз да ол сізге қызмет етеді, ол барлық жерде бар, ол ешқашан да мезі қылмайды, ешқашан да орынсыз килігетін жері болмайды; ол сәттілікке жаңа сәулет береді, ол ортақтасқан сәтсіздіктер де көп мөлшерде өзінің уытын жоғалтады» - дейді. Қай кезде, қай жаста болса да, адам өміріндегі достықтың орны бөлек. Сондықтан оған өте жауапкершілікпен, байсалды қарау қажет. Ф.Франклин айтқандай, досты асықпай таңдау қажет.
II.Негізгі бөлім Балалар біз бүгін үш топ болып жарысамыз. Сондықтан балалар топ болып, бірлесе жұмыс жасаймыз. Сайысымыз бірнеше кезеңдерден тұрады.
Оқушыларға тақырыпты ашу сұрақтары: 1топқа 1)"Дос деген кім?" сауалына сызба арқылы жауап беру.

2)Досың бар ма? Ол қандай?

3)Достық шынайы сезім бе, алде жай ұғым ба? 2топқа 4)Досыңыздың басына қиындық түсті, не істейсіз?

5)Достық жасқа байланысты ма?

6)Жақсы дос, жаман дос қандай болады? 3топқа 7)Досыңды неге теңер едің?

8)Сенің досың қандай болу керек?

9)Менің достарым көп болу үшін не істеуім керек? I.Кезең Топтың атын қою. Топтың аты достар тақырыбына сай болу. Мақал-мәтел сайысы Әр топқа 3 мақалдан беремін, ол мақалдың жалғасын табуларың қажет. 1 топқа Дұшпан күлдіріп айтады,

….....................................(Дос жылатып айтады)
Кемшіліксіз дос іздеген адам

….................................(Доссыз қалады)
Досы жақсының, …........................(Өзі де жақсы) 2 топқа Ақылсыз достан,

…........................(Ақылды дұшпан артық.)
Доссыз адам,

…......................(Тамыры жоқ ағашпен тең)
Жақсы дос мың күндік

…......................(Жаман дос бір күндік) 3 топқа Дұшпаннан бір сақтан

….......................(Жаман достан мың сақтан)
Біреу жаныңа жолдас

….......................(Біреу малыңа жолдас)
Жүз теңгең болғанша

….......................(Жүз досын болсын)

2 кезең Сөйлемдерді жалғастыр Әрбір адамға дос керек. Өйткені...

Сыйластық бар жерде...

Адал достық дегеніміз...
3 кезең Жағдаяттар шешу және оны көрініс ретінде көрсету.

Жақсы дос Қанат конькиін аулаға қалдырды да, өзі тамағын ішуге үйге кетті. Тамағын ішіп отырып ол конькиін Маралдың теуіп жүргенін көрді. Қанат ашуланып, аулаға жүгіріп шықты. «қазір оның сазайын тартқызамын, біреудің затын сұрамай алушы болмасын» деп ойлады. Ашулы күйінде жетіп барды, тіпіт жұдырығын да түйіп алған. Ал Марал оны көрді де, «танысып қой, Айдар, бұл менің ең жақын досым - Қанат»- деді. Қанат ұялып қалды.



Алғашқы жауын жауғанша.

Дана мен Бота тату дос болатын. Олар мектепке де бірге баратын. Бірде олар мектепке келе жатқанда жаңбыр жауып кетті. Дананың үстінде плащы бар еді, ал Бота көйлекпен ғана болатын. -Плащыңды шеш. екеміз бірге жамылайық! - деді Бота.

-Шеше алмаймын, үстім су болады! - деді Дана. Мектепке келгенде мұғалім «Даннаың үсті құрғақ, сен неге малмандай сусың. Неге бұлай? Екеуің бірге келмедіңдер ме?» - деп сұрады. -Дананың плащы болды, ал менде көйлек ғана болды. - деді Бота. Екеуің бір плащты жамыла алатын едіңдер ғой. Сендердің

достықтарың алғашқы жаңбыр жауғанша ғана екені көрніп тұр. - деді мұғлім.

Екі дос ертегі


Бір күні екі дос орманда келе жатады. Біреуінің аяғын қайырып алғандықтан, ақсап келе жатады. Кенеттен алдарынан бір аю шыға келеді. Сол кезде досы бталға өрмелеп жасырынып қалад. Ал ақсақ досы болса қалып қояды. екіншісі.
Не істерін білмей тұрғанда, ойына «Өлген адам сияқты жерге етбетіммен жата қалсам, бәлкім құтылып кетермін» деп жерге жата қалады.
Аю келіп оны иіскелей бастағанда демін жұтып, дем алмай жатады. Аю кеткен соң талға өрмелеп кеткен досы төмен түсіп, досының қасына келіп, күліп: «Айтшы ал, аю сенің құлағыңа не деп сыбырлады?» дейді.
Сонда досы: «Досына қауіп-қатер төніп тұрғанда қашып кеткен адамдардан сақтану керектігімді, айтты» дейді.
4 кезең Достық тақырыбында сурет салу және сыныптастарына немесе достарына тілегі...




Дос қандай болу керек?



жомарт адамгершілігі мол қарапайым

мейірімді

кешірімді адал ДОС төзімді

ақылды сабырлы

салмақты

кек сақтамайтын

ашықтық

бүкпесіздік



VIII. ҚОРЫТЫНДЫ : Дос емес достың сөзін көтермесе, Саған жердің түбінен жетем десе. Не қылып дос атына қосылады,

Көтермей бір сөзіңді бүйтем десе.

Нағыз дос бірін-бірі жамандамас,

Араға көп өкпе сап табандамас,

Көңілі татулықтың шабандамас. Жақсының әрбір сөзін қайырмаңыз, Жасыған жездей болып мойымаңыз. Сыр алмаған біреумен дос болам деп, Сыр алған досыңыздан айырылмаңыз
















© 2010-2022