Ана-біздің күніміз. .. .. Біз ананың гүліміз

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Ана- біздің күніміз..... Біз ананың гүліміз....
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер
Сабақтың барысы:
Мұғалім сөзі:
Ана-өмір қолдаушысы әлемнің
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы
Сейілмесін жанарынан ананың
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы
Аялайық аналарды әрдайым
Қуанышқа бөлейікші өздерін
Әжелердің,аналардың,қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін
Ана- барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді,өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана -ұлы адам, Ана-құдіретті жан ,ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын,
Аяулы аналар!!!
Арулар!
Сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі - 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймын! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке !
Тәуелсіз еліміз тұрғындары ертеңгі күнге сеніммен қарайды. Бұл сенімділік қойылған мақсаттарға қол жеткізуге және ауқымды жоспарларды іске асыру мүмкіндігіне көмектеседі. Әлемдегі ең асыл жан ол - Ана десек , жүрегімізде сүйікті жанға деген маххабат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан -ақ бірінші сөзін ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің.
Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару-ана, Ару-асыл жар, Ару - көңілдің гүлі,
Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді деген екен бір ғұлама. Қандай нақты айтылған ой десеңізші! Расында бар әйел қауымынсыз мына әлемді елестету мүмкін емес! Иә, Құдайдан кейін құдірет иесі - ана. Мына жарық дүниеге әкелген Ана алдында бәріміздің де бас иетініміз сондықтан десек, бүгінде ұрпақ өсірумен қатар, ел еңсесін көтеріле түсуіне өз үлесін қосып келе жатқан қазақ әйелдері қандайда
болмасын құрметке лайық. Бүгінде қоғам өмірінің әйелдер араласпайтын саласы жоқ десе болады. Бірі ғалым , бірі саясаткер, енді біреулері дәрігер, кәсіпкер тізе берсең жалғаса береді. Солардың бірі аяулы ұстаздар. Аналар өмірдің барлық саласын меңгергеніне шүбә жоқ бас иеміз.
Ендеше ортаға мад тобы мен 2 сынып оқушыларын құрметпен шақырайық

Сіздерге деген лебіздерін білдірсін .

Мансұр

Құшағына кіргенде

Жылынамын бір демде

Не жетеді көзіңе

Мейірімді күнненде

Жанатбек

Үн қатасың бал тілмен

Еркелеймін әр күн мен

Құттықтаймын анашым ,

Сегізінші наурызбен!

Ырысқұл

Ананың біз гүліміз

Ана-біздің күніміз

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз

Енді қазір 2-сынып оқушылары сіздерге «Алтын балық»ертегісінен үзінді.

Ортаға ренжісіп қалған ата мен әже шығады

Әже: Осы сенің жұмыс істейтін күнің болама ?

Ата: Бүгін сенің мерекең ғой ұрыспайықшы

Әже: Міне, менің мерекем күнім осы кір жуумен өтеді осылай

Одан да бар көлге балық аулап әкел

Ата көлге балық аулауға барады,қармағын 2-3 рет салады ештеңе ілікпейді енді бір салған кезде бір үлкен алтын балық ілінеді.

Балық: Ата мені жіберіңізші мен сіздің бар тілегіңізді орындаймын.

Ата: жарайды өзің әдемі екенсің жіберейін

Ата үйге басы салбырап келеді.

Әже : Немене тағы ештеңе жоқ па?

Ата: Иә, бірақ бір балық ұстап едім, адамша сөйлейді екен содан шошып қоя бердім

Әже : ендеше сенің тілегіңді орындайды ғой

Ата:Ия

Әже:ендеше балығыңа айт мен бір жақсы ән тыңдағым келіп тұр

Ата балыққа келеді

Балық тілегін орындайды ма д оқушылары «Ақ мамам» әнін орындайды.

Әже: рахмет балаларым

Әже: тағы бір тілегім енді бір би тамашаласам екен

Ата тағы балыққа барады.

Би биленеді.

Әже енді мен бір тәтті жегім келіп тұр

Олда болады

Әже шалым жарайсың рахмет, балығыңа да рахмет енді маған бір кір жуатын автомат магмна әперсең тіпті керемет болар еді.

Ата: ол да болады.

Енді әрі қарай концертімізді жалғастырайық

Мансұр Сөздерді ең аяулы

Жақсы көріп жаттадым

Енді білдім оларды

Кімнің ойлап тапқанын

Жанатбек

«Ана» деген сөзді де,

«Әке» деген сөзді де,

«Ата» деген сөзді де

Ойлап тапқан балалар

Ырысқұл

«Күнім» «жаным» дегенді

«Құлыншағым» дегенді

«Ботақаным» дегенді

Ойлап тапқан аналар

Ән: «Балбалалық»

Ән: «Сенің анаң алтын»

«Құттықтаймын мама туған күніңмен» Хор

Би»Қаражорға»





© 2010-2022