Тақырыбы: Оқушылардың шығармашылығын дамыту. Баяндама

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

Бастауыш мектеп -оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды кезең. Сондықтан бастауыш білім -үздңксіз білім берудің алғашқы сатысы, қиын да жауапты жұмыс. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Дамыта оқытудың да басты мақсаты - баланы оқыта отырып шығармашылық бағытта жан - жақты дамыту.

Шығармашылық дегеніміз - іздену, ойлап табу дегенге саяды. Яғни, оқушының қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру білімнің ең негізгң мақсаттарының бірі.

Бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз қабылдау мүмкіндіктері де әр түрлі болады. Дегенмен де әр баланың бір нәрсеге бейімі болады. Бейімділік оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға біз өз сабақтарымызда ықпал ете аламыз.

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып олардың белсенділіктерін қызығушылықтарын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс тәсілдерді қолдануға болады. Олар мынандай:

  1. Арнаулы бір тақырыпқа пікір талас тудыру.

  2. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген, тапсырмаларды шешу (анаграмма, ребус)

  3. Берілген тапсырмаларды түрлендіру бағытындағы жұмыс ( кері есеп құрастыру мәтін мазмұнын өңдеу, шығарма,шағын әңгіме мәтінін құрастыру)

  4. Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу.

  5. Қиялдау арқылы сурет салғызу, рольге бөліп оқыту.

  6. Ұнатқан кейіпкерге мінездеме беру.

  7. Ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру.

  8. Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.

Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып,тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Бала бойындағы қабілетті ашу оқушының шығармашылық бағытта дамуына жете мән беру болып табылады. Әбебиеттік оқу сабағындағы жұмбақ, жаңылтпаштар өту кезінде де өз беттерінше құрастырады.

Мысалы: Аспаннан жауады Өзі ақ болады

Жерге қонады (қар) Құстасаң қолың тоңады. (қар)

Осы секілді мысалдарды көптеп келтіруге болады. Сондай -ақ оқушыларға дайын өлең жолдарын ұсынып, соны аятауды тапсыруға болады. Тапсырма дұрыс орындалуы үшін ең алдымен оқушылар құрастыруға тиісті өлеңнің сызбасы ұсынылады немесе дайын ұйқастар ұсынып, осы ұйқастарға мазмұнды өлең мәтінін құрастыру тапсырылады.

Менің негізгі шығармашылық тапсырмаларым оқушыларды өлең құрастыруға баулу болып келеді.

Өлең -тәрбиеші. Өлең - жан дүниеңді тазалыққа баурайды. Қиянатшыл болмауға, өтірік сөйлемеуге, батыл болуға баулиды. Өйткені ақын өз жұрегінен шыққан сөзге түзеледі.

Мысалы: Әдебиеттік оқу сабағында Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» әңгімесін оқығанда оқушыларға Бауыржан Момышұлына арнап өлең құрастыру тапсырдым мен өлеңнің бас бөлігінен, аяғынан орын тастап отырдым оқушылар сол жерлерге сөздер қоя отырып төмендегідей өлең жазды.

Бауыржандай ----------------------,

Өсиетін ----------------------------.

----------- ісін үлгі қып,

Нақыл сөзін ----------------------

Бауыржандай атаның,

Өсиетін ақтаймыз

Ерлік ісін үлгі қып

Нақыл сөзін жаттаймыз. Т.б

Мұғалімнің ең үлкен міндеті бала белгілі бір көркемдік шешім тауып, өз туындысын ұтымды аяқтап шыққанға дейін оны назардан тыс қалдырмау, шығармашылық бағыт бағдар беру керек.

Шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар.

  1. «Сәтсіздікке ұшыраймын, қолымнан еш нәрсе келмейді» деген қорқыныш сезімі.

  2. Өзіне тыс риза болмаушылық сезім;

  3. Жалқаулық.

«Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығында өзін -өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дқрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Бастауыш сыныптың қай пәнінде болсын оқушылардың танымдық шығармашылық қабілетін дамыта оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын оятады.

© 2010-2022