Баяндама «Оқушылардың шығармашылық жазба тілін дамыту»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқушылардың шығармашылық жазба тілін дамыту

Жаңа ғасырдағы Қазақстан елінің үміт артар келешегі бүгінгі мектеп табалдырығындағы бүлдіршіндер десек, оларға жан-жақты заман талабына сай білімді, мәдениетті адамзат етіп шығару ұстаздар алдындағы зор міндет екені айтпаса да түсінікті. Олай болса әрбір ұстаз өзін, әр бала үшін болашақ үйдің іргетасын қалап жатқан құрылысшымын деген сезімді бір сәт ойларынан шығармауы тиіс.

Соның ішінде бастауыш сынып оқушыларын оқыту жауапты да күрделі тиіс. Себебі, мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің тәрбиелік деңгейі бірдей емес. Олар әлі кішкентай, оқығаннан гөрі ойнағанды ұнатады. Олармен бірге жұмыс жасау үшін, өзіңді кіші сезініп, солармен бірге бала болуға тура келеді. Онсыз сапалы білім, саналы тәрбие беру мүмкін емес.

Әр баланың бойындағы әртүрлі ерекшеліктерді байқап, оны дәл тауып, әрі қарай дамыту үшін, мұғалімнің бойында төмендегідей қасиеттер болуы шарт.

1. мұғалімнің ары таза, ұстамды, кешірімшіл болу;

2. мұғалім өзінің мамандығына сай білімді болуы шарт;

3. оқушылар арасында беделді, оқушыларға әрдайым әдепті қылықтарды үйретуі шарт;

4. мұғалім теорияны практикамен ұштастырып отыруы керек;

Оқушылардың шығармашылық тілін дамыту жұмысы ауызша және жазбаша болып 2 бағытта жүргізіледі.

Тіл дамытудың алғашқы кезеңінде оқушылар тыңдай білуге үйрету керек. Оқушылар мұғалімнің әңгімесін тыңдап, оған еліктеп тіл үйренеді. Сондықтан мұғалім қысқа да болса қызықты әсерлі әуенімен, көтеріңкі дауыспен сөйлеген жөн.

Осы орайда шығармашылыққа баулудың өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың мынадай түрлерін айтып берейін:

1. тақырыпты мұғалімге сай жинақтау;

2. пікірталас тудыру;

3. сөзжұмбақ құрастыру;

4. шығарма жазу;

5. әңгіменің ұқсастығын салыстыру;

6. қиялдау арқылы суретін салғызу;

7. мазмұндама жазғызу;

8. өтірік өлең

9. ертегі, мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш;

Бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың негізгі мақсаттарының бірі- оқушылардың сөздік қорын, ауызша және жазбаша сөйлеу тілін, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Сонымен бірге ана тілі сабақтарында білік пен дағдыны қалыптастыратын тәсілдердің бірі- тапсырмалар.

Бастауыш сыныптарда оқушылардың тілін дамытып, шығармашылыққа жетелейтін, мүмкіндік беретін- жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер. Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні күшті, балаларды жақсылыққа баулап, жамандықтан аулақ болуға үгіттейтін өнегелі сөз.

а) Отан: Отан- елдің анасы.

ә) Еңбек: Ерінбеген елекпен су ішеді.

б) Иман:

в) Достық: Досы көпті жау алмайды.

Алған білімдерін қорытындылауға, олардың мағынасын терең түсінуге, талдау, жалпылау ой ұғымдарын іске асырауға көмектеседі.

Халықтың ауыздан ауызға тарап, бізге жеткен ертегі, аңыз, әңгімелердің барлығында жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді қатар қойған. Осы тұста да оқушылардың шығармашылық қабілеттерін байқап, одан әрі дамыту үшін мынадай жаттығуларды жасауға болады. « Диалог-ертегі» ойынын жүргізуге болады.

Оқушының ынтасын арттыратын, сөйлеу тілін дамытатын ауызша жұмыстармен бірге, жазба тілін дамыту жұмыстары бір-бірімен алшақтамайды. Осындай жұмыстарды сұрақтар арқылы қайталатып, өз сөзімен түсінгенін қағаз бетіне түсіруге немесе мазмұнын қысқаша дәптеріне жазуға болады. Сонымен бірге дауыс интанациясымен оқу, рөлге бөліп оқу, ұнаған кейіпкерге мінездеме беру жаттығуларын үйге де беруге болады.

Оқушылардың жазба тілін дамытудың ең алғашқы жұмысы- көшіріп жазу. Ол Әліппеден алғашқы 2 әріпті үйренгеннен бастап жүзеге асырылады. Оны қалай болса солай көшіртіп қоймай, қандай дыбыстың әріп таңбасын жазып отырғанын ауызша айтып беру талап етіледі.Плакаттан, тақтадан, кітаптан жаза алмаған бала, кейін әліппе оқулығы бітіп, қазақ тілі жүргенде көр кедергіге жолығуы мүмкін. Сондықтан сауат ашу кезеңінде-ақ, әліппе оқулығынан әріп, буын, сөз, сөйлемдерді өткен сайын көшіріп жазу жұмысын жүргізіп отыру қажет.

Сонымен бірге оқушылардың сауаттылығын арттыруға сабақ сайын диктант жаздыруға машықтандыру - жақсы тиімді әдіс-тәсілдердің бірі.

Бірінші үйрету диктанттары жиі алынып, содан соң бақылау диктанттары алынады. Диктант алынған соң 1 сағат қатемен жұмыс жүргізу міндетті. Оссы кезде оқушыларға шығармашылық жұмысысн арттыру мақсатында карточкамен жұмыс ңстеуге үйретіп, емле қателерін қайталатып, грамматикалық ойындар жүргізіліп отырады.

Оқушылардың ауызша-жазбаша сауаттылығын дамытуда мазмұндама мен шығарма жазудың маңызы зор. Әсіресе, 1-2 сынып оқушалары бұл жұмыс кезінде көп қиналады.

Ол үшін Жоғарыда айтылған ауызша мазмұндау жұмыстары, жазба жұмыстары өз мәнінде жүргізіледі. Соларды меңгергеннен кейін мазмұндама, шығарма жұмыстары жұмыстары нәтижелі болмақ.

Мазмұндама 1 сыныптың 2 жарты жылдығынан бастап жазады.

Мазмұндаманы мазмұнына қарай мынадайй топтарға бөлуге болады:

1) дайын текст

2) сурет бойынша мазмұндау

3) кино, деректі фильм бойынша

1-сыныпта мазмұндама жазу оқушыларға қиындау. Сол үшін тексті тақтаға жазып қоямын. Сонда олардың көру, ойлау, есту сезімдері қатар дамиды.Көптеген сөздердің жазылуымен танысады. Жазылған тексті 1-2 оқушы оқиды. Сонан соң текстің мазмұны бойынша сұрақтар қойылып, оның жауабын текстен тапқызамын. Келесі кезекте екінші тақтаға текстің мазмұнына сай сұрақтар жазылады. Оған оқушылар тексті пайдаланбай ауызша жауап қайтарады.Сол жауаптарына сүйеніп мазмұндама жазылады.

Қорыта келгенде, бастауыш сыныптарда шағын тексті оқу, өзіне таныс емес кітаптармен танысу, өз бетімен шағын әңгіме, ертегіғ өтірік өлең, шығарма, мазмұндама т.б. құрастыра білу-оқушының шығармашылық ауызша және жазбаша тілін дамытуға көмектестін негізгі құрал болып табылады.

© 2010-2022