«Көшбасшы» 3 сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қызылорда облысы,Жалағаш ауданы

№ 201 орта мектеп

Ембергенова Айнұр Болатқызы

Бастауыш пән мұғалімі



XXI ғасыр көшбасшысы

Сайыстың мақсаты: Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары интеллектуалдық оқушылардың дарынын ашу, белсенділіктерін арттыру, білімдерін көтеру. Оқушылардың әрбір пән бойынша алған білімдерін тиянақтау, шапшаңдылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу.

Барысы

Жоспар:

1-тур: Бәйге

2-тур: «Сен білесің бе?»

3-тур: Жұмбақ сандық

4-тур: Жорға

5-тур: Дода

6-тур: Көшбасшы

-Армысыңдар құрметті қонақтар

Ал келіңдер, келіңдер!

Біріңе-бірің еріңдер

Біліміңді тексеріп,

Жарысқа қатысып көріңдер - деп қатысушыларымызды шақырып, бүгінгі XXI ғасыр көшбасшысы атты интеллектуалдық білім сайысымызды бастаймыз!

1.Алмасбек Данабек 3 «А»

2.Әділова Динара 3 «А»

3.Қанатұлы Ерасыл 3 «Б»

4.Пердебек Жансәуле 3 «Б»

5.Ақансеріқызы Динара 3 «В»

6.Болат Дамир 3 «В»

Әділқазыларды таныстыру

Интеллектуалдық білім сайысымыздың шарты: Сұрақ немесе тапсырма берілгенде кім бірінші қол көтеріп, дұрыс жауап берсе, сол қатысушы ұпайды еншілейді. Қол көтермей берілген жауап қабылданбайды. Егер бірінші жауап берген қатысушының жауабы дұрыс болмаса, екінші болып қол көтерген оқушының жауабы тыңдалады.

1-тур: «Бәйге»

Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар ма?

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім ұшқыр ойға-сал алда-деп бірінші турымызды бастаймыз. Кәне, көрелік, бірінші турда сайыскерлеріміз өздерін қалай ұстар екен?

Ойын шарты: Сұрақ берілгенде кім бірінші қол көтеріп, дұрыс жауап берсе, сол қатысушы ұпайды еншілейді. Қол көтермей берілген жауап қабылданбайды. Егер бірінші жауап берген қатысушының жауабы дұрыс болмаса, екінші болып қол көтерген оқушының жауабы тыңдалады. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.

Сұрақ-жауап:

1.Жел дегеніміз не? (Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуын жел д.а)

2.Желбағар дегеніміз не? (Желдің күшін және бағытын анықтайтын құрал)

3.Адамға тыныстау үшін не қажет? (Ауа)

4.Боран соқты. Бастауышты тап (Боран)

5.Бастауыш дегеніміз не? (Қимыл, іс-әрекет иесін білдіретін сөзді бастауыш д.а)

6.Бастауыштың сұрақтары? (кім?кімдер?не?нелер?кімі?несі?)

7Үш таңбалы санда неше сан бар? (3)

8.Азайтудың компоненттерін ата. (азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні)

9.6 санын өз-өзіне 4 рет қосса неше болады? (24)

10. «Жазғытұры» өлеңінің авторы (Абай)

11. «Рәсім» мәтінінің авторы (Медеу Сәрсеке)

12. «Рәсім» сөзінің мағынасы (әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің көрінісі)

2-тур: «Сен білесің бе?»

Бұл кезеңде ақындар мен жазушылардың суреттері көрсетіледі. Ойыншылар суреттегі бейненің кім екенін табулары қажет.Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай.

1.Ы.Алтынсарин

2.А.Байтұрсынов

3.А.Құнанбаев

4. М.Дулатов

5. Б.Момышұлы

6. Ф.Оңғарсынова

3-тур: Жұмбақ сандық

Шарты: Ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беру арқылы сол ұпайларды еншілейсіздер.Оның ішінде жұмбақтар жасырылған.Жұмбақтың жауабын тауып, орыс тіліне аудару қажет.Сәттілік!

40 40 40

30 30 30

20 20 20

10 10 10

40 сол жақ

Кішкентай ғана бойы бар

Айналдыра киген тоны бар (қой-баран)

40 ортасы

Кезекті бір жануар

Үстінде екі тауы бар (Түйе-верблюд)

40 оң жақ

Өзі ширақ, өзі қу

Жүрген жері айқай шу (Түлкі-лиса)

30 сол жақ

Төрт бұлағы - сүт, өзі күшті, мүйізі мықты,
Шайнаңдағаны сағыз,(сиыр-корова)

30 ортасы

Қамыс құлақ, тостаған тұяқ, мінсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ.
(жылқы-лошадь)

30 оң жақ

Жарға шығып ойнайды, ойынға бір тоймайды,
Болса - дағы сақалы, секеңдеуді қоймайды.
(ешкі-козел)

20 сол жақ

Лағымның құлағы, мелтиіп тұрады,
Қозы көрсе болғаны, оны тұра қуады.
(ит-собака)

20 ортасы

Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті - қолын жуады.
(мысық-кошка)

20 оң жақ

Демсіз-үнсіз,
Жүрсе-үнсіз.
Басса ізі жоқ,
Жүрсе жолы жоқ.(Балық-рыба)

10 сол жақ

Ізі бар,
Адымы жоқ. (Жылан-змея)


10 ортасы

Ат та емес, ит те емес,
Тістейтінін қайтерсің. (Тышқан-мышь)


10 оң жақ

Әңгелейді, дөңгелейді,
Ұшқан құстай,
Құс десем, төрт аяғы бар,
Елек-селек, екі құлағы бар. (Қоян-заяц)


3-ші турды аяқтай отырып, біз ең төмен балл жинаған 2 оқушымен қоштасамыз

4-тур. «Жорға»

Бұл кезеңде 1 минуттың ішінде әр пән бойынша сұрақтар қойылады.Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Сыныпта тек 1 қатысушы қалсын, қалған қатысушылар келесі бөлмеге баруын өтінеміз.

1.2 мен 100-дің көбейтіндісін 100-ге бөл (2)

2.1 желтоқсан қандай мереке? (ҚР Президенті күні)

3.Ең кіші үш таңбалы сан (999)

4.Артық сөзді тап: сүт, қаймақ, ет, ірімшік. (ет)

5.Көбейтудің компоненттерін ата (көбейткіш,көбейткіш,көбейтіндінің мәні)

6.Бұлттардың түрлерін ата (шарбы, будақ, қабат)

7.Жауын-шашынның түрлері (жаңбыр, қар, бұршақ)

8.Көлдер қандай болуы мүмкін? (тұщы немесе тұзды)

9.Алматы-сәулетті қала.Бастауыштан кейін сызықша қойылады ма? (Я)

10.Мен үйдемін орыс тіліне аударғанда (Я дома)

4-ші турды тәмамдай отырып, біз ең төмен ұпай жинаған 1 оқушымызбен қоштасамыз.

5-тур: Дода

Шарты: Бұл турда 4 пән бойынша сұрақтар беріледі. Ең тиімдісі пәнді оқушы өзі таңдайды. Пән бойынша берілетін сұрақтардың саны - 4. Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.

Ана тілі

1....Суық қатайған болса керек, аспаннан түскен қар алғашқыдай ұсақ емес, жабысқақ үгінді қар емес, жұмырланған ұсақ, қатты, қиыршық болып жиілеп ұрабастады. Маңдайды желге қарсы беріп жүру, әсіресе қиындады. Азғана уақыт ішінде аттың құлағына шейін, Абайдың селдір сақал-мұрты мен кірпігіне шейін қырау басып қалды.Бұл қай мәтіннен үзінді және авторы кім? (Мұхтар Әуезов «Боран»)

2. «Әйдік» сөзінің мағынасы (Үлкен)

3. «Ей, Жолаушы, болсаң, осы таза бұлақтай бол!» Қай мәтіннен үзінді? (Таза бұлақ)

4.Асық .... азар. (ойнаған)

Қазақ тілі

1.Асырайды, тігінші, инесі. Сөйлем құра (Тігіншіні инесі асырайды)

2.Айтбек ойыннан әлдеқашан шығып қалған.Бастауышты тап.(Айтбек)

3.Баяндауыш дегеніміз не және оған қандай сұрақтар қойылады?(Бастауыштың ісін, қимылын білдіретін сөздерді баяндауыш дейді.Баяндауышқа не істеді? Неғылды? Қайтті? Деген сұрақтар қойылады)

4.Жалаң сөйлемді тап: Жазира әдемі биледі. Жазира биледі. Жазира кеше биледі. Қай сөйлем жалаң? (Жазира биледі)

Дүниетану

1.Әр адам тәулігіне тамаққа және ішуге неше литр су жұмсайды? (2-3литр)

2.Тығыз тау жыныстарына нелер жатады? (гранит, мәрмәр, құмтас, тас көмір)

3.Жерден қазып алып, адам қажетіне жұмсалатын тау жыныстарын не деп атайды? (Пайдалы қазбалар)

4.Саз бен әктің қоспасын күйдіру арқылы біз не аламыз? (Цемент)

Математика

1.Кез келген сан мен 0-дің көбейтіндісінің мәні нешеге тең? (0)

2.Заттардың құнын қалай табамыз? (Заттардың құнын табу үшін, бір заттың бағасын заттардың санына көбейту керек)

3.10 тәулікте қанша сағат бар? (240 сағат)

4.Дарханның туған күніне үлкен торт пісірілді. Ол 8 қойбүлдірген жидегі және одан 3 есе артық шиемен безендірілді. Тортта барлығы неше жидек болды? (8*3=24)

Ұпайы төмен 1 оқушымен қоштасамыз

6-тур: Көшбасшы

Бұл нағыз көшбасшыны анықтайтын кезең. Сендерге логикалық тапсырмалар беріледі. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

1.Ұшақ Алматыдан Семейге дейін 1 сағат 40 минут ұшады, ал кері қайтқанда 100 минут ұшады. Айырмашылығы бар ма? (жоқ)

2.1 кг мақта ауыр ма, 1 кг темір ауыр ма? (бірдей)

3. Бір жұмыртқа 3 минутта піссе,
онда 4 жұмыртқа неше минутта піседі? (3минутта)

4. 3 адам шашки ойнап жатты. Барлығы 3 партия ойнады. Әр қайсысы қанша партия ойнады? (2 партия)

Қорытынды:

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, - днй келе сөз кезегін әділқазыларға береміз.

Марапаттау.

№ 201 орта мектеп



XXI ғасыр көшбасшысы

Қатысушылар: 3 «А», «Б», «В» сынып оқушылары

Ұйымдастырушысы: А.Ембергенова



2013-2014 оқу жылы



© 2010-2022