Тәрбие сағатының тақырыбы: Айтыс

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Айтыс.

Мақсаты:Оқушыларға айтыс ,айтыстың түрлері туралы мағлұмат беру.Салт-дәстүрді дәріптеу.Оқушыларды тапқырлыққа,шешендікке тәрбиелеу.

Барысы: I.Ұйымдастыру бөлімі.

Ұлттық тағамдар.

II.Кіріспе бөлім. 1-жүргізуші: Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық, ән салайық.
Қаһарлы қыстан өтіп, Наурыз келді,
Арқаңды кеңге созшы, уа халайық. 2-жүргізуші: Наурыз қайтып оралды, аты да аңыз,
Сұрамаймыз алғыс та, ақы да біз.
Кең дастархан, даламыз сахнамыз,
Ұлы мейрам - Наурызға шақырамыз. 1-жүргізуші: Қош келдің, Наурызым Ардақты,
Халқым саған бар үмітін арнапты.
Жылда осылай келе бергін жасарып,
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты. 2-жүргізуші: Тойла бүгін,тауларым мен боз далам, Тойла бүгін,қарттарым мен бозбалам. Қайта оралған намысымдай Наурызым, Жаңа жыл боп қош келіпсің,Наурызым! 1-жүргізуші: Гүлге орап,жасандырып жусан белін, Ақтарған шат-шадыман думан селін. Сіңірген халық салтын қанымызға Мейрамың құтты болсын,туған елім! 2-жүргізуші: Кең жайып қазақы үйдің керегесін, Көрсетіп қасиетін,өнегесін. Мерейі халқымыздың өсе берсін, Көгертіп мәңгі-бақи көсегесін.

III.Негізгі бөлім.

Айтыс-халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі,топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы.Айтыс-тұрмыс-салт жырларынан бастау алып,келе-келе ақындар айтысына ұласқан.Көшпелі елдің қызық-қуанышын бөлісіп келген айтыс халқымыздың сан алуан ойын-той,әр түрлі дәстүрлі думандарда қуана қызықтайтын театры іспеттес болған.

Қазақтың ауыз әдебиетінде айтыстың бірнеше түрі бар:бәдік айтысы,жар-жар,жануарлар мен адамның айтысы,өлі мен тірінің айтысы,жұмбақ айтыс,салт айтысы-қыз бен жігіт айтысы,ақындар айтысы,осы күнгі айтыстар.Бұл айтыстардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі және өзіндік мәні бар.

Бәдік айтысы - айтыстың көне түрі. Сонау ерте заманда адамдар мал ауруының да иесі бар деп білген. Малмен күн көріп отырған халыққа ең бір қиын ауру «айналма» деген мал ауруы болған екен. Одан құтылу амалы аурудың иесі бәдікті үркітіп көшіру деп білген. Ол үшін ауыл жастары кешқұрым сауық кеш өткізетін болған. Екі жақ болып, айтысқан кезде «көш - көш» деген сөзбен бастап, бәдікті қорқытып көшіреді екен. Қыздар:

Бәдік кетіп барады өзекпенен, Өзің тастап ұрарсың кезекпенен.

Бәдікті сіз де айтыңыз, біз де айталық, Кәпірді көшірелік кезекпенен. Жігіттер:

Бәдік кетіп барады айға таман,

Жүген ала жүгірдім тайға таман.

Сіз де айтыңыз бәдікті, біз де айталық,

Итере сал кәпірді сайға таман.

Бірге:

Асқар - асқар тауға көш,
Ағыны қатты суға көш.
Айнала соққан желге көш,
Иесіз қалған жұртқа көш»
Жануарлар мен адамның айтысы

Төрт түлік халық ауыз әдебиетінде ерекше орын алады. Онда жануарлар мен адамның айтысы да кездеседі. Мысал үшін иесі мен сиырының айтысын алайық.

Иесі:
Шолақ сиыр, көзіңді ояйын ба?
Биылғы жыл соғымға сояйын ба?
Биылғы жыл соғымға сойып алып,
Танабайға жаяңды қояйын ба?

Сиыры:
Шиыршықтап қыл арқан ескеніңде,
Қу шолақты соялық дескеніңде,
Қу шолақты соғымға сойып алып,
Бүржекейден көрермін көшкеніңді.

Айтыстардың ішінде ерекше орын алатын түрі - жұмбақ айтысы. Жұмбақталатын нәрсенің көпшілігі шындық өмірден алынады. Жұмбақ айтысының ең жақсы үлгісінің бірі - Сапарғали мен Нұржан айтысы.

Сапарғали: Нұржаным,білдірейін сізге тағы, Құс көрдім өзі жансыз бір аяғы, Теңізде салған жолы сайрап жатыр, Байыппен ойлап тапсаң мұны-дағы.

Нұржан: Сапеке,айтқаныңды қазір табам, Жансыз құс бір аяқты-мұның қалам, Теңіз мысал қағаз ғой,жолың-жазу Жұмбағың осыменен болсын тамам.

Сапарғали:
Бір құс бар қанат жайса дөп-дөңгелек,
Адамнан еш уақытта жүрмес бөлек,
Ұшырса, қондырса да еркі адамда
Шықпайды панаңыздан көлеңкелеп.

Нұржан:
Мысалы жайса зонтик құс секілді,
Тетігі қолда болған іс секілді,
Жауса пана, күн шықса көлеңкесі,
Достығы бейне сіз бен біз секілді. Оқушылар айтысы. 1-оқушы: Айтып қойшы,қарағым, Қандай боп жүр сабағың? Жайын біліп қояйын, Сендей салақ баланың. 2-оқушы: Сөзін тыңда, қарағым, Мен секілді баланың. Сен осында қаласың, Мен лагерьге барамын. 1-оқушы: Қайда барсаң,онда бар, Семіргенің жөн болар. Тәртібіңнен, алайда, Болмай тұр-ау оң хабар. 2-оқушы: Айналайын,көкешім, Тәртіпті айтып не етесің? Сендердегі Серікбай Неге жарды шекесін? 1-оқушы: Қай өнерің асып жүр, Қай тәртібің тасып жүр? Сендердегі Сембай да Сабағынан қашып жүр.

Салт айтысы екіге бөлінеді:қыз бен жігіт айтысы және ақындар айтысы. Қыз бен жігіт айтысы - айтыстың бір түрі. Бұл айтыстың басқа айтыстардан негізгі айырмашылығы - айтысқа түскен қыз бен жігіт арасында әзіл-қалжың, сондай-ақ әлеуметтік жағдай көбірек сөз болады. Қыз бен жігіттің өнер жарысы кейде қайымдасу не жұмбақтасу түрінде болады.

1-жүргізуші: Ақыл,білім-жастарда, Сөз беремін жастарға: Ақбота,Жансая -өреннің Тыңдайық айтыс-өнерін! Әзіл айтыс. Жансая: Ақботажан,жасымыз бір,бойымыз да. Асқардан асар біздің ойымыз да. «Әсемнің әрін айтпа,тірлігін айт», Әкелдің қандай шашу тойымызға? Ақбота: Толмайды той шашумен,сыныптасым, Болмайды тойханада нарық-шешім... Намысты жібермейді біздің сынып, Табысты сенбегендер барып көрсін. Жансая: Наурызда өз аулаңа тал тікпедің, Еңбексіз тойлаймын деп,шалқып келдің. Аңқаудай арсыл-гүрсіл сөз айтасың, Жалқаубай ағамызға тартып тегің. Ақбота: Жансаяжан,қарасаңшы өз жайыңа, Басқадан үйреніпсің сөз дайындап... Гүлдентті Наурыз қырды,гүл күтейік, Міндетін орындайық тез пайымдап. Ақындар айтысы.
Ақын - өз жанынан өлең шығаратын өнер иесі. Ақындар сөзге жүйрік, суырып салмалық қасиеттері шебер дамыған, тапқыр, ел тарихын анық білетін, білімді, ойы ұшқыр, талантты әрі білікті, аспаптарды да жақсы меңгеретін асыл жандар деп танимыз. Ақындар кез - келген тақырыптарды жырлап айтысқа түседі.Қазіргі кездегі айтыскерлер сөз шеберлігі мен тапқырлығының арқасында көрермен қауымның көңілін көтеріп, қошеметтерге ие болады. Еліміздің жетістіктерін, жерімізді мекендеген ұлттар арасындағы достықты, қол жеткізген тәуелсіздік пен басшылардың даналығын негізгі тақырыпқа қоса жырлайды.Бүгінгі таңда, барша қазақ халқының өнер сүйер қауымына танымал ақындар - Қуаныш Мақсұтов, Сара Тоқтамысова, Аманжол Әлтаев,Ринат Зайытов,Айнұр Тұрсынбаева және т.б. 2-жүргізуші: Қазақ осы ашық жарқын қабағы, Қонақ келсе шабылып бір қалады. Байқа да тұр саған да ол кетерде, Ат мінгізіп жібек шапан жабады. Би: «Қазақ осы» Ұлттық ойын: «Сақина салу» 1-жүргізуші: Нұр құйса дарқан далама таңның шапағы, Күн күлсе терлеп Жер ана бүршік атады. Бозторғай жырласа жырын ашық аспанда, Күй ойнап,шырқалып әндер шалқып жатады.

Наурызым-бабамның сөзі, Наурызым-анамның сөзі. Ғасырдан ғасырға жеткен даламның сөзі.

2-жүргізуші: Ұлыстың ұлы күнінде ізгі ол жарқын, Елдікті қасиет тұтқан дәстүр мен салтым. Тілеген елдің іргесін,жер амандығын, Сақтаған Наурызды бізге айналдым,халқым.

Наурызым-бабамның сөзі, Наурызым-анамның сөзі. Ғасырдан ғасырға жеткен даламның сөзі.

Тәрбие сағатының тақырыбы: Айтыс.



Ембі қалалық №3 орта мектеп

Айтыс

Сыныбы: 3б

Мұғалім: Жакешева Г.Т.



2014-2015 оқу жылы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Айтыс.

Тәрбие сағатының тақырыбы: Айтыс.



© 2010-2022