Төлдер айтысы (ертегі)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Төлдер айтысы (ертегі)

Қызылорда облысы , Қызылорда қаласы, №6 орта мектебінің мектепалды даярлық топ мұғалімі: Даулетова.А.Д.

Ұйымдастырылған оқу -іс әрекеті.

Білім беру саласы : Қатынас

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Төлдер айтысы (ертегі)

Мақсаты: Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту.Төрт түлік мал төлінің аталуын және оларды ажырата білуге үйрету.Өз ойларын дәлелдей білуге дағдыландыру.Төлдерге қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру,әңгімелеу,сұрақ-жауап,көрсету,сахналау.

Сөздік жұмыс : Төрт түлік,төл.

Көрнекіліктері: Үй жануарлары және төлдерінің суреттері.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық


Ұйымдастырушылық

ізденімпаздылық






































Рефлекция коррекциялау

Шаттық шеңбер құру.



-Балалар,қазір жылдың қай

мезгілі?

-Көктемде табиғатта қандай

өзгерістер болады?


Дұрыс балалар.Көктемде жер

бетіндегі тіршілік атаулының

бәрі қысқы ұйқыдан оянады.

Күн жылынады,ағаштар

бүршік жарады,құстар жылы

жақтан бізге ұшып келеді.

Төрт түлік төлдей бастайды.

Аптада неше күн бар?

-Балалар апта туралы санамақ

айтайықшы.



Үнтаспа арқылы уй

жануарларының дыбыстары

тыңдатылады.

-Балалар,жайлап қана көзімізді

жұмып,көз алдымызға

ауылдағы ата-әжелеріміздің

ауласындағы жайылып жүрген

үй жануарларын елестетейік.

-Ал көзімізді ашайық,бізге кім келіп тұр екен?

-Бұл төрт түлік малдың,яғни осы жердің иесі Ақылман ата екен.

Ақылман ата?

-Амансыңдар ма,құлындарым?

-Сендер үй жануарларына яғни төрт түлік малға нелер жататынын білесіңдер ме?

-Ал,енді олардың төлдері қалай аталады?

-Жарайды мен сендердің қастарыңа отырып демалайын.

Жұмбақ жасыру. Балалар жұмбақтың шешуін тапқан сайын интрактивті тақтадан суреттерді көрсетіп отыру.

Қабат-қабат тоны бар

Кішкене ғана бойы бар

Кезікті бір жануар

Үстінде екі тауы бар.

Екі айнасы бар

Төрт жылтырмағы бар

Бір шыбыртқысы бар

Төрт аяғы бар

Егіз құлағы бар

Иегінде сақалы бар.

-Балалар,біз үй жануарлары туралы әңгімемізді жалғастырайық.

Үй жағдайында ұстайтын,оларға адамдар қамқорлық жасайтын ол- үй жануарлары.

Ертерек заманда,көшпенділік кезінде қазіргідей көлік болмаған,сол уақытта төрт түлік малды көліктің отнына мініп,жүк артып,арба жеккен.Тағы осы малды ас қылып етін жеген,сүтін ішкен,айран,қатық,майларын алып отырған.Біздің еліміздің жері мал өсіруге өте қолайлы.Қазақ халқын малсыз елестету мүмкін емес.

Дидактикалық ойын: «Төлін тап»

Мұғалім: Балалар,оқу іс-әрекет барысында үй жануарларын ұмытып қалмас үшін сөздікпен жұмыс жасайық.

Түйе- верблюд

Бота- верблюжонок

Жылқы- кобыла

Құлын- жеребенок

Сиыр- корова

Бұзау- теленок

Қой- баран

Қозы- ягненок

Ешкі- коза

Лақ- козленок

Әр жануарларды сипаттап өту: Сиыр-бұзаулайды,Түйе-боталайды,Ат-ұлындайды, Қой-қоздайды,Ешкі-лақтайды.Бұл жануарлардың өзіне тән дыбыстары болады.Төлдері шешесі өріске кеткенде,қарны ашқанда дыбыс білдіреді.

«Не қалай дыбыстайды?»

Үнтаспадан жануарлардың дыбыстарын келтіру.

Төлдер қалай дыбыстайды және оларды қалай шақырады?Сиыр мен бұзау қандай дыбыс шығарады?

Ал мынау қой мен қошақан ше?

Түйе мен ботасы калай дыбыс шығарады?

Балалар мынау не?

Жылқы мен құлыншақ калай дыбыс шығарады?

-Балалар,біз қандай ертегілерді білеміз?

-Жануарлар туралы ертегілерді білесіңдер ма?

Дәптермен жұмыс.

Ендеше сол жануарлар туралы аңыз ертегілер тыңдайық.

«Төлдер айтысы»-деп аталады

Үнтаспадан ертегіні тыңдайды.

Бірге жиналған лақ,құлын,бұзау.қошақан,бота біздің иеміз кайсы кайсымызды жақсы көреді деп бір-бірінен сұрапты.

Сұрақ-жауап

Бірінші лақ бастап


Қошақан тұрып



-Қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

Сергіту сәті


Топпен жұмыс

1-топ ненің суреті?

2-топ Сәйкестендіру

3-топ Сүттен жасалатын тағамдарды табу.


Дидактикалық ойын : «Бәрін білгім келеді».

Ән «Төлдер» айтады.

Оқу іс-әрекетіне жақсы

қатысқан балаларды

мадақтау.

Балалар шаттық шеңберіне тұрады.

Қуан шаттан

Қуан шаттан

Қуанатын күн бүгін

Күліп шықты күн бүгін

Қайырлы таң !

Қайырлы күн !

Қазір жылдың көктем мезгілі.

-Қар еріп күн жылынады.Құстар

жылы жаққа ұшып келеді.

Ағаштартар бүршік

жарып,бәйшешек шығады.

Малдар төлдейді.



Аптада жеті күн бар.

Апта деген атайдың жеті

Бірдей ұлы бар.

Бірінші- дүйсенбі

Екінші-сейсенбі

Үшінші-сәрсенбі

Төртінші-бейсенбі

Бесінші ол - жұма

Алтыншы- сенбі ғой

Жетінші- жексенбі







Қой

Түйе

Сиыр

Ешкі




Үй жануарларының қасына өз төлін тауып ілуі тиіс.



Хормен айту.


-мө-мө,мө-мө деп дыбыстайды.Ахау-ахау деп шақырады.

-Бә-бә-бә деп дыбыстайды,пұшайт-пұшайт деп шақырады.

-бо-бо-бо- деп дыбыстайды,көс-көс деп шақырады.

Ио-,ио-,ио деп дыбыстайды,құрау-құрау деп шақырады.

-Бауырсақ

-Қысқы баспана

-Алма



5-6 баладан сұрау.

-Балалар ертегіні оздерінің орындауында.

Мә-ә-ә! әрине иесміз бізді жаксы кореді.Ол біздің сүтімізді ішіп,түбітімізді киімге пайдаланады.

Ме-ме ! Ал біз ше?Адамға біздің етіміз ұнайды.Ол біздің жүнімізден шұлық тоқиды-деп дауласыпты.

Жібек жүні үлбіреп,

Қарасам көзім тоймайды

Әукім-Әукім әукешім

Қасиыншы әукесін

Енең әне келеді,

Ақ мамасын береді.

Кіп-кішкене момақан,

Қошақанды ұнатам.

Сүйеді анам қозым деп,

Қошақаным өзің деп.

Құлыншағым,құндызым

Құлдырайды шабады

Жылтылдайды жұлдызым

Құстай қана қағады.

-Сиырдың сүті тілінде.

-Қойдың сүті қорғасын

Қойды ұру болмасын

-Сиырды теппейді

Сүтті төкпейді.

-Ат-адамның қанаты .

Қимылмен жасау

Топ-топ етіп басайық

Ауылға біз барайық

Қозыларды санайық

1 2 3 деп.

Алақанды соғайық

4 5 6 деп.

Қораларға қамайық.

Қай жануар екенін табады.

Қай жануардан алатын сүт екенін табу.

Сүттен жасалатын тағамдарды табады.


Балалар дұрыс жауапты табады.

«Төлдер» әні

Хормен айтады.

Күтілетін нәтижелер:

Білу: Үй жануарлары және төлдері туралы білу,

Игеру : Үй жануарларына байланысты тақпақтар,мақал-мәтелдерді,жұмбақтарды игеру.


Меңгеру : Ойындар мазмұнын,ертегіні рөлге бөліп ойнауды үйрену.



© 2010-2022