Көңілді мәре спорттық сайыс

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Көңілді мәре» порттық сайысы

Өтілетін орны: Спорт зал

Тақырыбы: «Көңілді мәре» спорттық сайыс

Мақсаты: Оқушыларды ойын кезінде өзін-өзі бақылау арқылы белсенділікке,сенімділікке,қайсарлыққа, батылдыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Төзімділік,жылдамдық,ептілік деңгейін дамыта отырып,дененің жалпы даму сапасының артуына,ойын кезінде әділдікке,жолдастық сезімге,ойынды жетілдіруге тәрбиелеу.

Түрі: жарыс

Көрнекілігі: нақыл сөздер,доп,қап,круг,кегли

Барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Кіріспе сөз.

3.Спорттық сайыс

4.Қорытынды

Құрметті мұғалімдер және оқушылар! «Әдепті бала,арлы бала» атты 19-24 күндері арасында өтіп жатқан апталықтың бір бөлігі «Көңілді мәре» атты спорттық жарысымызға қош келдіңіздер.

Әр таңды бақытпенен атырамыз,

Өнерді ой көгінде бақылаңыз.

Сайысқа қатысуға енді ортаға,

Спортшы балаларды шақырамыз.

Қарсы алыңыздар!

4 команды ортаға шығады. Командаларды атап өту.

1- топ «Сұңқарлар» 1 «А» сыныбы

2-топ «Тұлпарлар» 1 «Б» сыныбы

3-топ «Болашақ» 1 «Ә» сыныбы

4-топ «Денсаулық» 1 «В» сыныбы

Ал құрметті халайық,

Жарысты енді көріңдер.

Әділ қазы алқасы,

Әділ баға беріңдер.

Жарысты бастамас бұрын ойынға төрелік ететін әділ-қазы алқасымен таныстырып кетейік.

  1. Әдіскер- Тажигулова Б.

  2. Тәрбие орынбасары-Есқуатова А.

  3. Баст.бірлестік жетекшісі-Муханова К.

Құрметті қатысушылар бүгінгі сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін.

Сайыстың бағдарламасы:

  1. «Таныстыру»

  2. «Кедергіден допты жерге ұру арқылы өту»

  3. «Қаппен секіру»

  4. «Топтасып жүгіру»

  5. «Скакалкамен секіру».

Сонымен ойынымызды бастаймыз.

  1. «Таныстыру».Әр топ өз командасын таныстырады.Ұранын айтады.Эмблемасын табыстайды.

  2. «Кедергіден допты жерге ұру арқылы өту»

  3. «Қаппен секіру»

  4. «Топтасып жүгіру»

  5. «Скакалкамен секіру».

Қазыларымыздың қорытындысы дайын болғанша кезекті қонақтарымызға береміз.

  1. Хамзек Аслан пародия «Макл Джексон»

  2. Тұрғанбай Райымбек «Өтірік өлең»

  3. Серикбаева Жумагул «Ізін көрем» әнімен

Марапаттау.

Қорытынды.

Көрсетті міне өз өнерін балалар,

Сайыстың да соңы келіп таянар.

Жеңімпазды анықтайық кәнеки,

Әділқазы сайысты әділ бағалар,

Сөзді әділдікпен шешетін қазылар алқасына береміз.

Спорт-көркі өмірдің,

Спорт-досың,серігің.

Жаттықсаң шымыр боларсың,

Шынығып өсіп толарсың,-демекші салауатты өмір салтын ұстанып,спортты серік етейік!

Құрметті оқушылар! Сіздерді алған орындарыңызбен құттықтай отырып,бүгінгі жарысымызды аяқтаймыз. Келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет,сау болыңыздар.


© 2010-2022