1-қыркүйек Білім күніне арналған «Армысың, алтын ұя - мектебім» атты салтанатты жиыны

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1-қыркүйек Білім күніне арналған «Армысың, алтын ұя - мектебім» атты салтанатты жиыны

1 жүргізуші: Ерекше бүгінгі күн, салтанат сән,

Тербетер әр жүректі бір әсем ән.

Құлпырып шәкірттер тұр мектеп ұстаз,

Сағынып жыл құсындай қайта оралған.

2 жүргізуші: Мереке зор қуаныш - Білім күні,

Сыңғырла қоңыраудың алғашқы үні.

Қош келдің, құтты болсын қадамдарың,

Балдырған балғын жандар - өмір гүлі.

1 жүргізуші: Өмір бойы мектебімді жыр етем

Бір өзіңде бақыт, бірлік, берекем.

Шәкірттерің өрістесін өрлесін,

Құтты болсын білім күнің - мерекең!

2 жүргізуші: Құрметті қонақтар! Ұстаздар! Ата-аналар және оқушылар!

2014-2015 жаңа оқу жылының «Армысың, алтын ұя - мектебім» атты салтанатты жиынын ашық деп жариялауға рұқ сат етіңіздер.

1 жүргізуші: Алаулаған алабынан нұр тамып,

Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.

Көк байрағың желбірейді төріңде,

Әнұраның тұр көңілде шырқалып.

(Әнұран орындалады)

2 жүргізуші: Мерекелік жиынға келген қонақтармен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

1) Аудандық «Жаңа өмір» газетінің бас редакторы Мәтенов Меирбек Мәтенұлы

2) Нұрлыкент ауылының ақсақалдар кеңесінің төрағасы Керпиков Нұрғали Ақатайұлы

3) Ардагер ұстаздар: Ідірісова Тамара, Динахметова Гүлдарияш

1 жүргізуші: Биікте тұр менің бала қиялым,

Жақсы сөзді өзіңе арнап жиямын.

Тірегі де, жүрегі де өзіңсің

Мектеп атты білім берер ұяның - деп алғашқы құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Умарбекова Гүлсара Жарылқасынқызына беріледі.

Ән: «Мектебім» орындайтын Жанқуат Айзат.

2 жүргізуші: «Мектеп-кеме, білім - теңіз» сол білім теңізінде шұғылалы сәуле шашып,

нұр құятын - мектеп.

Жаңа оқу жылының басталу салтанатының құттықтау сөзі аудандық «Жаңа өмір» газетінің бас редакторы Мәтенов Меирбек Мәтенұлына беріледі.

1 жүргізуші: Келесі құттықтау сөз кезегі Динахметова Гүлдарияш Шәріпқызына беріледі.

Би: Жорға тобының орындауында «Қазақ биін» қабыл алыңыздар.

2 жүргізуші: Мектеп ана күліп тұр тағы,

Шақырады қыркүйектің нұр таңы.

Асығуда әліппені алуға,

Еліміздің тағы бір жас ұрпағы.

1 жүргізуші: Көп жылын осында өткізген.

Ұстаздар - ізгі пәк жандар.

Қуана шәкірт қабылдап,

Білімнің көшін жалғаңдар.

Алғашқы әріпті үйретер,

Ұстазды шәкірттерімен қарсы алыңдар

Бүгінгі мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндерді ұстаздарымен ортаға шақырамыз.

2 жүргізуші: 1 «а» сыныбы Кадірханова Баян, 1 «ә» сыныбы Есенова Ақкүміс, 1 «б» сыныбы Ахметова Шолпанай, 1 «г» Байгелдиева Нұржамал.

1 жүргізуші: Алғаш келген бүлдіршін,

Құтты болсын қадамың!

Төбеңде бейбіт күн күлсін,

Төмендемесін талабың.

2 жүргізуші: Құттықтау сөз 1 сыныпты қабылдап тұрған ұстаздарға беріледі.

1 «а» сыныбы Кадірханова Баян,

1 «ә» сыныбы Есенова Ақкүміс,

1 «б» сыныбы Ахметова Шолпанай,

1 «г» Байгелдиева Нұржамал.

Ән: «Егемен Қазақстан» орындайтын Қарақұлова Гүлзада қабыл алыңыздар.

1 жүргізуші: Оқу қайта басталды,

Мектебіміз қарсы алды.

Қоңыраудың дауысы

Күмбірлетті аспанды.

2 жүргізуші: Қағылмақ міне әуенге бөлеп,

Қағылмақ алғаш қоңырау.

Нұр толып жүзің, гүл толып құшақ,

Шаттыққа толсын омырау.

Жаңа оқу жылының алғашқы қоңырау соғу рәсімі 1 «а» сынып оқушысы Әмет Ұлдана мен 11 «а» сынып оқушысы Қасым Мақсатқа беріледі.

1 жүргізуші: Қоңырау сыңғырла асыға

Үн қосқан қиядан асуға.

Білім ал, еңбек ет, жас ұлан

Өрле де биік шың басына.

2 жүргізуші: Бар мектептің басталар бүгін жыры,

Бақ қоңырау шақырып ұғымдыны.

Жаңа ғасыр алдында ұстаз, шәкірт,

Құтты болсын бүгінгі білім күні

Күмбірле қоңырау, күмбірле,

Шаттанып күлейік, біз бірге.

1 жүргізуші: Жаңа оқу жылының алғашқы қоңырау мерекесінің салтанатты жиыны осымен аяқталды.

© 2010-2022