10 санынан азайту (математика) 1 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

10 санынан азайту (математика) 1 сынып10 санынан азайту (математика) 1 сынып10 санынан азайту (математика) 1 сынып10 санынан азайту (математика) 1 сынып10 санынан азайту (математика) 1 сынып10 санынан азайту (математика) 1 сыныпПәні: математика

Тақырыбы:10 санынан азайту

Сабақтың мақсаты: 10 санынан азайту тәсілімен таныстыру.
а) Қосу кестесі туралы білімдерін есептерді шығару дағдыларын бекіту. Сәйкес теңдіктерді, теңсіздіктерді жазуды, оқуды меңгерту.
ә) Шығармашылық қабілеттерін арттырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
б) Оқушыларды саналылыққа, сыпайылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: плакат, кеспе қағаздар, слайдтар
Сабақтың әдіс - тәсілдері: талдау - жинақтау, сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік.
Пәнаралық байланыс: өзін - өзі тану, математика, музыка.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық

Саған есеп үйреткен,

Пәнге қарап құрметпен.

Сандарды тура табатын,

Қиын әрі қызықты,

Математика пәні болатын.

Өзін - тану сабағынан адам бойындағы 5 асыл 5 жаман қасиет бар екенін білдік. Жалпы бойымызға 10 қасиеттің 5 - еуін дарытып, 5 - еуінен аулақ болуымыз керек. Математика сабағынан 10 санына тоқталамыз. Олай болса сабағымыз 10 - саннан азайту. Бүгінгі сабақта 10 көлемдегі сандарды қосып, азайтуға есептер шығарып түрлі жұмыстар жүргіземіз.

Математикалық диктант. Санға 5-ті қосу

1+5=6

2+5=7

3+5=8

4+5=9

5+5=10

Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы 84 қоңырауды ашайық. 1 - мысалды қарайық. Бұл айтылып тұрған қосудың компоненті ме, азайтудың компоненті ме? Нені табамыз. Енді балалар, осыны тақта да орындайық. (оқушылар айырманың мәнін табады?.)

№1

10-9=1 10-4=6

10-7=3 10-2=8

10-5=5 10-0=10

10-8 =2 10-3=7

10-6=4 10-1=9
II.Мағынаны тану.Мына берілген сандардан өрнек құрайық. Алдымен қосуға екі өрнек жазайық
3 + 7 = 10
7 + 3 = 10
Бұл өрнектен не байқадық?
- Қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен қосындының мәні өзгермейді.
- Кәне кім айтады?
- Қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні.
- Бұдан қандай анықтама айтуға болады?
- Енді азайту түріндегі өрнек құрастырайық
10 - 3 = 7
10 - 7 = 3
- Бұл өрнектерге қарап қандай қорытынды жасаймыз.
- Қосу мен азайту бір - біріне кері амалдар.
Дәптермен жұмыс.
Жақсы, балалар, 2- есепті іштей оқиық
1. Есепті дауыстап 1 оқушы оқиды.
2. Есепті талдау.
- Есепте не туралы?
- Гүлдер туралы.
- Есепте не белгілі?
- Барлығы 10 гүл, оның 3 - еуі қызыл.
- Есепте не белгісіз?
- Ақ гүл.
- Қалай табамыз?
- Қандай амал қолдандық?
- Азайту.
- Неліктен?
- Қалағаның табу үшін қандай амал қолданамыз?
- Енді қысқаша шартын жазайық (1 оқушы тақтада орындайды)
Қызыл -3гүл

Ақ-?

Шешуі: 10 - 3 = 7(ақ гүл)
Жауабы: 7 ақ гүл бар.

Өзіндік жұмыс.

Тиісті таңбаны қой:3 7 =10 2+3 44 3=1 7-1 10
Математикалық жұмбақ есептер.Кәне бәріміз бері қарайық, кімнің ойы ұшқыр екен?
1. Тал басында
Тізіліп
Он жапырақ тұр еді
Жел соқты да үзіліп
Ұшып кетті біреуі
Ізінше оның жұлынып
Түсті тағы бесеуі
Тұр әлі де
Ілініп
Жапырақтың нешеуі.
(4 - уі)
2. Он асықтың үшеуін
Досың сұрап алады
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады
(7 - уі)
3. Алшаға кеп күнара Қонушы еді бір ара
Бүгін тоғыз туысын
Ертіп келді бұл ара
Сонда бүгін алшаға
Келіп қонды қанша ара?
(10 - ы)
4. Аулада бес үйрек
Қорада үш үйрек
Бір үйрек тығылды
Бір үйрек жығылды
Қалғаны неше үйрек?
(6 - ы)

4-есеп. Теңдіктер құру.(Ауызша)

6

10

10

10

77

8

Топтық жұмыс. «Ребус шешу».

Үшбұрыш тобы: он

Шаршы тобы: бес

Дөңгелек тоб: алты

Шыққан сөзден санның құрамын айту.

Сабақты бекіту.Танымдық жұмыс.

Бос орынға қойылуы тиіс фигураны табу.
Сабақты қорыту.
- Не үйрендік?
- 10 санынан азайтуды.
Бағалау. (оқушыларды мадақтап ауызша бағалау).
Үйге тапсырма. 81 қоңырау № 5.



© 2010-2022