Қазақ тілі Тұрлаулы мүшелер

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Тұрлаулы мүшелер.

Сабақтың мақсаты:1.Бастауыш пен баяндауыштың сөйлем құраудағы негізгі рөлін байқатып,тұрлаулы мүшелер деп аталатынын іс-жүзілік тұрғыдан меңгерту.

2.Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту.

3.Оқушыларды ұйымшылдыққа, ізденімпаздылыққа,шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: тұрлаулы мүшелерге байланысты сызба- нұсқа, балықтың суреті, жазылған өлең ,үлестірмелі қима қағаздар.

Сабақтың түрі: ойын сабақ, топпен жұмыс.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,биоинформатика және синэргетика тех/ң элементтері.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.(түгелдеу,психологиялық тұрғыда даярлық)

ІІ.Ой қозғау.

---- Сөйлем неден жасалады?

---- Сөйлем дегеніміз не?

---- Сөйлемнің қандай түрлерін білесіңдер?

---- Сөйлем мүшесі дегеніміз не?

---- Қандай сөйлем мүшесін білесіңдер?

---- Бастауыш пен баяндауыш қандай сөйлем мүшесі бола алады?

ІІІ. 1.---- Сабақ тақырыбы мен мақсатын түсіндіру. Адамның дене мүшелері,олардың атқаратын қызметі болады,сол сияқты сөйлемдегі әр сөздің мағынасына байланысты ,әр түрлі сұрақтарға жауап береді. Бастауыш сөздерді бастап тұрса,баяндауыш аяқтап тұрады,т.с.с. Бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің тұрлаулы мүшелері болады.

Мысалы:Күн жылынды. Жаңбыр жауды. Асан жүгірді. Өзен сылдырлады.Қызанақ пісті.т.б.

Күн---не? --- бастауыш

Жылынды-қайтті?---- баяндауыш.

2.Сергіту сәті.(Дауысты дыбыстарды әндете орындау)

ІҮ.1. «Сөз қуаласпақ» ойыны арқылы сабақты пысықтай түсу.(Допты беру арқылы)

Ойын шарты: мұғалім бастауышты айтса,оқушы баяндауышты айтады немесе керісінше....

Осы ойын арқылы бастауыштың сөйлем басында, баяндауыштың сөйлемнің аяғында кездесетінін меңгереді.

Осы ойыннан кейін төрт топқа 4 түрлі тапсырма беріледі,тапсырманың үшеуі ұқсас,ал біреуі ойлап табу шеберлігін байқау үшін беріледі.

1.Асан ........... .т.б.

2.Жел ......... .

3.Жапырақ ......... .

4.Жылқы суреті ---- не?-----неше?-----қандай?------ не істеді? 4 топтан топбасшылары шығып, түсіндіріп тақтаға іледі. Тұрлаулы мүшелер екендігін дәлелдейді.

2.Сергіту сәті ретінде №3 дәптерге екі қолмен О О әрпін жазып шығу тапсырылады.

Ү. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында мына өлең жолдары ілінеді:

Әріптерді таныңдар,

Бәрің жаттап -------.

Онда қызық ойын бар,

Оған көңіл --------.

Ойнаңдар да --------,

Қызығына ---------.

-----Көп нүктенің орнына қандай сөйлем мүшесінің қойылғаны туралы пысықтап өту.

ҮІ.1. Оқулықпен жұмыс жасау. Ой толғаныс.

173-жаттығу.Ауызша.

І. Топқа: 172-жаттығу.

ІІ.Топқа: 172- жаттығу.

ІІІ-ІҮ топқа: 174- жаттығу беріледі. Жазып болған соң түсіндіреді.

2.Оқушылардың есте сақтау қабілетін байқау және дамыту үшін тақтаға сөздер іліп қою,кез-келген сөзді өшіру,тапқызу.

3. Мақал-мәтелді жалғастыру.

---- Не ексең соны ----- .

---- Ексең егін, ---- -----.

---- Қыс азығын,--- ---- .

---- Қына тасқа бітеді,

Білім ----- ------.

---- Ақыл азбайды,

----- ----------.

4.Ауызша тапсырма: Өзінше ноян,

Қорқақ кім? (қоян)

Бата алмас түлкі,

Үсті тікен (кірпі)

Тұмсығымен шымшып,

Құрт тереді (шымшық)

Өңеші кең таңдайын,

Дәнге тосты (комбайн)

5.Тақтамен жұмыс. Суретке қарап сөйлем құрайық.

ҮІІ. Қорытындылау кезеңі.

Ілінген балық суретіне қарап,балықты жан-жақты таныту.

Мысылы:Сен шортан болуың мүмкін....

Сен әдемісің,қызылсың ....

Сен біреусің .....

Сен жүзе аласың.....

Сонымен балалар бүгін біз нені / біз нені үйренгіміз келеді?

үйрендік?

ҮІІІ. Бағалау.

Үйге тапсырма: 175-жаттығу.



© 2010-2022