Тәрбие сағаты Әліппе-білім бастауы

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:Әліппе- білім бастауы

Сабақтың мақсаты:Оқушылардың білімдерін бекіту,олардың алған білім ,білік ,дағдыларын көрсету.

Тілін дамыту,сөздік қорын молайту.

Отанын, туған жерін,мектебін сүюге, Қазақстан Республикасының білімді азаматы мен азаматшасы болуға жетелеу.
Ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу

Көрнекілігі:Суреттер,шарлар,нақыл сөздер,тапсырмалар,аңдар

Барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Құрметті ұстаздар ,ата-аналар, оқушылар! Елдігіміз ескеріліп,еңсеміз көтеріліп тәуелсіз мемлекет болғанымызға да біршама уақыт болды. Еліміз 50 елдің қатарына қосылу үшін елбасымыз Н.Ә. Назарбаев білім беру саласына да көп міндеттер жүктеді.

ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Сондықтан жас ұрпақ білімді болуы үшін ата-аналарға да жүктелер міндет аз емес.

Күні кешегі ойын баласы болған сіздердің балаларыңыз бүгінде бойларына үлкен міндет жүктеп,мектеп табалдырығын алғаш аттаған кезде қолға ұстағаны-әліппе оқулығымен қоштасуда.

1 -жүргізуші:

1 «г» сынып оқушылары дайындаған «Әліппе -білім бастауы» атты әліппемен қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

2- жүргізуші:

Өтті оқу сан сабақ

Бүгін үлкен салтанат

Оқулықпен достассаң

Әліппемен қоштаспақ.

Ой білімі жаңғырып,

Әліппеден мәңгілік,

Әріптерді таныған

Өңкей білгіш балдырған

Құтты болсын тойларың!

Ал, балалар бүгін шексіз қуаныштымыз. Өйткені әріптердің бәрін танып,сауатымызды ашқан әліппені бітірдік.Енді өзіміз оқып, жаза алатын болдық.Қазір біз ертегілер әлеміне барамыз.

(Сынып іші безендірілген , баяу музыка ойналып тұрады.) Оқушылар сыныпқа (ертегілер әлеміне ) кіреді.

«Ертегілер» әні орындалады

1-жүргізуші

Шашу, шашу шашайық
Ақ сандықты ашайық
Бұл мереке бұл тойдың
Бастаңғысын жасайық

Шашу шашып ,ортаға аңдар шығады.Балалар бүгінгі сендердің қуаныштарыңды бірге бөліспекке келдік.

Оқушыларды 4 топқа бөліп отырғызу.

2-жүргізуші

Қане ,достар, әліппеден не үйрендік ,не білдік келіңдер ортаға салайық.

«Әіппеге мың алғыс» бөлімі

-Мен сендерге бір сұрақ қойғалы отырмын.

-Іші толы әріпке,

Білімдіге жарық не?

Оқушылар:

Болашаққа жол бастар ,

Ол сүйікті -әліппе.

1-жүргізуші:Ыстық әрбір беттерің

Жазуыңды ұғамын ,

Ақыл бердің әліппе,

Ақылшы сенсің әліппе.

-Олай болса ортаға әліппені шақырайық.

- Әліппе ,әліппе.(хормен)

-Балалар ,құтқарыңдар!(әліппенің даусы)

-Жоқ, біз сені босатпаймыз.Мына балалар осы уақытқа дейін не үйреніп, не білді ?

-Қане, бізге көрсетсін.

-Балалар, әліппені аңдардан құтқарамыз ба?

-Иә.

-Олай болса біз сендерге түрлі тапсырмалар береміз. Соны орындасаңдар біз әліппені босатамыз.

Әр топқа тапсырмалар беріледі.Ортаға аю шығады.Маған бал жинауға көмектесесіңдер ме? Ендеше мына араларды ұстап маған балын жинап беріңдер..

Аюдың тапсырмасы.

І топ. ІІ топ.

Табада бар , Әкетте жоқ,

Танада жоқ . Әкелде бар.

Сабада бар , Әсетте жоқ,

Санада жоқ (Б) Әнелде бар (Л)

ІІІ топ. ІҮ топ.

Жазуда бар, Маусымда бар,

Сызуда жоқ, Мамырда жоқ.

Жылуда бар, Қауырсында бар,

Қызуда жоқ.(Ж) Қамырда жоқ. (С)

Жұмбақтың шешуіндегі дыбыстарды пайдаланып, сөз және сөйлем құраймыз.

-Жарайсыңдар ,балалар, тапсырманы өте жақсы орындадыңдар.

Айдина: Бар әріпті үйреткен -
Міне менің әліппем
Жақсы оқимын сабақты,
Әріптерді танып мен.


МЕРЕЙ:Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріпте,
Үйреткен оны әліппе


Даниял: Әліппем менің әліппем,

Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің
Балбота: Әліппем менің әліппем,

Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.

Панданың тапсырмасы.

-Балалар , менде сиқырлы сандықша бар. Сол сандықшаны бірге ашып , ішіндегі тапсырманы орындаңдайық.

2-жүргізуші:Ана тілін сүйгендер,

Саналы білім үйренер.

Жұмбақ , мақал, санамақ,

Айтады шәкірт саралап.

І топ. ІІ топ.

Еңбек туралы мақал-мәтел айтыңдар. Оқу, білім туралы мақал-мәтел айтыңдар.

ІІІ топ. ІҮ топ

Батырлар туралы мақал-мәтел айтыңдар. Отан ,туған жер туралы мақал-мәтел

айтыңдар

Тапсырмалар орындалғаннан кейін балаларды мадақтап, сыйлықтар беріліп отырады .

2-жүргізуші: «Сырлы әріптер сыры» бөлімі:

Сырлы әріптер сөз түйіп ,

Сабырмен саған қарайды.

Сырларын білсең бас иіп

Керегіңе жарайды.

Балалар, біз қай республикада тұрамыз?

-Қазақстан.

-1 -желтоқсан қандай күн?

-Алғашқы президент сайланған күн.

-16- желтоқсан ше?

-Біздің тәуелсіздік алған күніміз.

Тәуелсіздік ол:
Рахымжан: Т Тәуелсіз елде тұрағым,Тәуелсіздік жыр әнім
Нұрай: Ә Әспеттеп салт пен әдетті,Боламыз бала әдепті.
Диас: У Уәдеге берік боламыз,Биік -биік үйлер саламыз.
Айым: Е Елім деп мен жар салам,Елімменен мақтанам.
Арман: Л Лайым болсын ел аман,Несібесі мол заман.
Жаннұр: С Сенімін елдің ақтаймыз,Жақсы істер жасаймыз.
Әділет: І Ізгілік нұрын шашатын,Жасасын Қазақстаным!
Балбота: З Зейінге бәрін тоқимыз,Сабақты 5 - ке оқимыз.
Дамир: Д Даламыздай кең пейілді, Мақтан тұтам елімді.

Нұрсұлтан: І Ілтипатқа бөленген ,Елбасымыз Нұрсұлтан.
Арай: К Келешекке нық басқан,Біз бақытты балдырған!

-Қандай сөз шықты?.

-Тәуелсіздік.

Әліппені оқып, білім алдыңдар. Көп нәрсені үйрендіңдер. Қазақстанның өсіп, өркендеуіне үлес қосар болашағы сендерсіңдер.

Таңат:Отан-менің өз елім,

Отан -туған өз жерім.

Отан-далам,өзенім,

Гүлдей жайнап өсемін.

Наурызбай:Отан-біздің әніміз,

Отан -біздің сәніміз.

Ер жетеміз туған ел

Сені сүйіп бәріміз.

Ән. Менің Отаным.

-Балалар, жолбарыстың бізге қояр шарты қиын сияқты. Одан әліппені құтқара алар ма екенбіз?

Жолбарыстың тапсырмасы.

«Сөз құра,тез құра» ойыны.

І топ ІІ топ

Ана ,пана,жаңа Отан, тана, ата

ІІІ топ ІҮ топ

Апа,апан, апта алма,лама,амал

-Міне, балалар, сендер әліппені жақсы меңгеріпсіңдер .Біз әліппені сендердің орталарыңа қосамыз.Әліппеге айтар рахмет, тілектерің бар ма?

«Кім неден күшті» көрініс


Бағдәулет: Әліппем менің әліппем,

Өмірді келем танып мен.
Қайталап айтам мың рет,
Әліппеге рахмет!

Әліппеге рахмет!

Ән. Әліппе

2- жүргізуші:

Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне балаңыз.

Таныстырған 42 әріппен ,

Қош бол менің қасиетті әліппем!

Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,

Сауатты адам санатына кіргенім.

Біз енді әіппемен қоштасамыз

Жолына гүлмен қоса жыр шашамыз.

Білімнің бұлағына сусындауға,

Көптеген кітаптармен достасамыз.

1-жүргізуші: Әліппемен қоштасып, оны шығарып салайық.

Әліппе:
Мен туралы біраз нәрсе ұғыпсыңдар.Маған өкпелерің болмаса қош болыңдар! Енді сендерді әрі қарай жетелейтін достарың Ана тіліболмақ.Әріптер елінен іздеген қымбат,асыл қазыналарыңды ана тілінен табатын боласыңдар..

Ортаға Ана тілін шақырамыз.

Ана тілі:Құрметті оқушылар!Мен Ана тілі пәнімін.Барлық қазына байлық оқу білімде.Ендеше ол туралы менен оқитын боласыңдар. Мен сендерге көп нәрсені үйретемін.

2-жүргізуші:Достар, ана тіліне арналған өлеңдерің бар ма?

1-жүргізуші:Қане, ортаға салайық.

Арайлым: Ана тілі - ұраным
Ана тілден аламын
Ана тілім ардақты
Ақ сүтіндей анамның.
Абдірахман: Ана тілі - ұраным
Ана тілім - құралым
Ана тілі болмаса
Мықты болмас тұрағым.
Нұрайлым: Адамдықты үйретер,
Жамандықтан жиренер
Тілімізді ширатар
Ана тілі - данамыз

2-жүргізуші: Ән. Ананың тілі

2-жүргізуші: Мұғалім ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым.
Ұланың сенің тойыңа
Арнайды саған бұл әнін.
1-жүргізуші: Ән «Мұғалім ол біздің» Бұл ән барлық ұстаздарға арналады

Мұғалім:

Әіппені бітірді балаларым,

Әіппеден нәр алған даналарым.

Өзі жазып-оқитын халге жетті,

Құтты болсын қадамы балалардың!

Балалардың білімі құтты болсын,

Білімдерін әрі қарай дамытатын,

Ерінбейтін,еңбекқор, мықты болсын!

2- жүргізуші:Біздің 42 әріпті танып,оқып кетуімізге ата-анамыздың да көмегі зор болды.
Кеудемнен сезім селі ақтарылсын
Болармын күні ертең мақтанышың
Білім алып ,тер төгем, еңбек етем
Ата-ана сеніміңді ақтау үшін.

Хормен

Ана біздің күніміз,

Біз ананың гүліміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.(хормен)

Ән.Анашым

2-жүргізуші:Бұл мереке сенің арқаң анашым,

Бір мен үшін жоқты іздеп табасың.

Балаң жақсы деген сөзді естісең,

Күлімсіреп ,бір қуанып қаласың.

1-жүргізуші: Ата-аналар сөз кезегі өздеріңізде.

Балалардың концерттік бағдарламасы.



© 2010-2022