Тәрбие сағат Алтын күз

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жанна Манатовна Жаксымбетова

Малайсары орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Малайсары ауылы, Май ауданы, Павлодар облысы

Алтын күз сайысы

Мақсаты: 1. Алтын күз сайысына қатысушылардың арасынан күз ханшайымын және күз ханшасын анықтау.
2. Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын,ынтасын арттыру.
3. Табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Жоспары:

1.Таныстыру
2.Күз сәні. (Күзгі сән үлгілерін көрсету)
3. « Қас-қағым сәт» сұраққа жауап беру.

4.Өз өнерін көрсету.
5.Арулар қиялынан туған ас мәзірі және ұлар мақал-мәтел жалғасын айтады.

6.Күз ханзадасы мен ханшайымының биі. (Күрең күз әнімен)

Барысы:

Би «Күзгі жапырақтар»

Жүргізуші №1
Армысыздар Қымбатты ханымдар мен мырзалар!

Жүргізуші №2

Қайырлы күн Ұлағатты ұстаздар , жалынды да , жігерлі жас достарым.
Берекелі де, мерекелі Алтын күз мерекелеріңіз құтты болсын!

Жүргізуші №1
Мінеки табиғаттың ерекше құбылып, айналымыз cары түске боялатын, қамбамыз астыққа толатын, бәріміз асыға күтетін, сағындырған сырмен көңілге қуаныш, асқарлы үміт сыйлайтын, баршамызға шашылған сары нұрымен шуақ болып тарайтын берекелі мезгіл күз айы да келді.
Жүргізуші №2
Күз айы мерекелі ай. Қырман толып, халқымыздың ырысы артатын берекелі ай. Келесі күзге дейін жүрегімізде есте қалатындай арман сезімін себелейтін, үнемі асқақ мұраттарға жетелеп отыратын қасиетті ай. Ендеше халайық келіп отырған Алтын күз мерекесі әрбір жанға құт пен береке, ырыс пен табыс әкелсін демекпіз.

Жүргізуші №1
Олай болса бүгінгі «Аяулы күз, Алтын күз» атты байқауымызға қатысатын үміткерлерді қошеметпен ортамызға шақырайық.Қарсы алыңыздар: Балымыздың үміткер ханзадасы мен ханшалары!
1- жұп.

2- жұп.

3- жұп.

4- Жұп .

5- Жұп

Жүргізуші №2

Аяулы күз, Алтын күз -2010 байқауының үміткерлеріне ақ жол деп, қошемет көрсетейік құрметті көпшілік.

Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем.
Әділдікке бас иеді күллі әлем
Жүйрік озар сайыстарда неше бір
Сарапқа сал әділдікпен шеше біл … дей келе бүгінгі сайысымызға қазылық жасайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шарипбекова Жулдыз Манатовна, медбибі Жаксымбетова Гульмира Сабыржановна, аға тәлімгер

Жүргізуші №1

Ендеше бүгігі кешіміздің бағдарламасымен таныс болыңыздар. Бағдарламамыз
6 кезеңнен тұрады

1.Таныстыру
2.Күз сәні.

3. « Қас-қағым сәт» сұраққа жауап беру.

4.Өз өнерін көрсету.
5.Арулар қиялынан туған ас мәзірі және ұлдар мақал-мәтел жалғасын айтады.

6.Күз ханзадасы мен ханшайымының биі.

ЕСКЕРТУ. Әділқазылар алқасы үміткерлеріміздің бағасын жеке- жеке шығарады. Яғни аруларға бөлек, жігіттерге бөлек баға қойылады. Ең төменгі бал -3 , ең жоғарғы бал- 5.

Жүргізуші №2

Сайысымыздың бірінші бөлімінде Алтын күз сайысына қатысушылар өзін-өзі таныстырады.

1 жұп

2жұп

3 жұп

4 жүп

5 жұп

Жүргізуші №1

/2 бөлім/

Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен
Әр сұлу әсем болар өз сәнімен
Күз сәні өнерімен ортаға шығып
Сән көрсетер сайыскерлер сәнімен-деп сайыскерлерді «Күзгі сәні» үлгісінде ортаға шақырамыз

1 жұп

2жұп

3 жұп

4 жүп

5 жұп

Жүргізуші №1

3 бөлім « Қас-қағым сәп» «Жапырақ теру» ойыны.Алдарыңыздағы шашылған жапырақшалардағы сұрақтарға жауап беру

№1 . Білім күні қай күн? /1 қыркүйек/

№2.Күз айларын ата /қыркүйек, қазан, қараша/

№3. Жеті атаны атаңыз?
(Ата, әке, бала, немере,
шөбере,шөпшек, немене)
№4. Бір топ аттылар тартыспағын қазақта қалай атайды?
(Көкпар)
№ 5. Күз мезгілінде егілетін дақылдарды атаңыз?
Бидай, жоңышқа, сәбіз, пияз, арпа.

№ 6. Күзгі жиын терім біткенде тойланатын той қалай аталады?
/Сабан той./

№7. Күзде ғана жинап алатын емдік шөпті атаңыз?
Адыраспан, дермене, қараша.

№8. Күзде келетін құстарды атаңыз?
Ала қарға, үйрек, көкшымшық.

№9. Ғарышта Абайдың қандай әнін, қай ғарышкер орындаған?
(Талғат Мұсабаев Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін орындады

№10. Күзгі жемістерден кептіріліп дайындалатын жемістерді атаңыз?
/кепкен өрік, мейіз,/
Жүргізуші №2

/4 бөлімінде/

Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Бүгінгі сайыста бәйге алуға,
Үміткерлер , аянбай-ақ жан салыпты.
. Құрметті көрермендер ендігі кезекте үміткерлеріміздің дайындап келген өнерлерінің куәсі болуға шақырамыз.
1 жұп

2жұп

3 жұп

4 жүп

5 жұп

Жүргізуші №1

/5 бөлім/

Келесі кезеңде ас мәзірін дайындаудағы «арулар қиялы» және ұлдарымыздың ой ұшқырлығын байқап көрсек. Бұл кезеңде аруларымыз алдын- ала дайындалған рецептер бойынша «қиял асын» дайындаса, ұлдарымыз мақал- мәтелдердің жалғасын айтулары тиіс.

Жүргізуші №2

6 бөлімінде күз ханшасы мен ханшайымының биі.Ортаға сайыскерлерлерімізді шақырамыз.

Жүргізуші №1Сонымен , Қымбатты көрермендер жан дүниесі, рухани әлемі таза,. адам баласының ең тамаша қасиеттерінің барлығын бойын сіңірген .арыстандай айбатты, жолбарыс жүректі ер мінезді нағыз ханзадаға лайық жігіттерімізбен ……….

Жүргізуші №2
Сыпайы да мейірбанды, ақ маңдай ашық жүзді , айдай сұлу жылы жүздерінен күннің нұры төгілген нағыз ханшаға лайықты, ақылды да, парасатты қыздарамызды анықтайтын кезге де келіп жеттік.

Жүргізуші №1
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, болсаң егер ұғатын.

Жүргізуші №2

Келешекте әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шыңдалсын қалыспаңдар.
Өнерлілер көбейсін күннен - күнге,
Өмір күрес әлі талай жарыстырар … дей отырып,

« Алтын күз» байқауының нағыз ханзадасы мен ханшасын жариялау үшін ортаға әділқазылар алқасын шақырамыз.

Жүргізуші №1
Қымбатты көрермендер! Жеңіпаздарымызға биік шыңдарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып, сайсымызды осымен аяқтаймыз.

Жүргізуші №2
Тамашалағандарыңызға рахмет, сау- саламат болыңыздар





© 2010-2022