Егеменді ел қорғаны-Қарулы Күштер

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 29.04.15

Сабақтың тақырыбы: Егеменді ел қорғаны-Қарулы Күштер

Мақсаты

Білімділік: Мәтінді түсініп оқиды. Топтық тапсырмалар орындайды.

Дамытушылық: Сөздік қорын тіл байлығын ойлау қабілетін дамытады, шығармашылығы артады.

Тәрбиелілік: Топ мүшелері сабаққа белсене қатысады, өз елін сүюге, Отанын қорғауға , Отанның бір мүшесі екенін үйренеді.

Оқытудың нәтежелері:

1.Өз пікірін жеткізу арқылы тапсырманы орындай алады.

2.Оқушы өз ойын еркін түрде жеткізеді және талдайды.

3.Кейбір оқушылар топтың көмегімен тапсырманы орындай алады.

Қамтылатын модульдер:

1-модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл(топтық жұмыс)

2-модуль. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету(миға шабул)

3-модуль. Бағалау

4-модуль. АКТ-ны пайдалану

7-модуль. Көшбасшылық (топты басқару, белсенділікпен қатысу)

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Ұйымдастыру;

Үй тапсырмасын сұрау:

Топқа бөлу

Топтық тапсырмалар беру

Оқушының іс-әрекеті

1-топтық тапсырма

Үй тапсырмасын сұрау: "Мемлекеттік тіл" мәтінін төрт бөлікке бөліп, төрт топ әңгімелейді.

Өтілгенді бекіту:

1.Конституцияның нешінші бабында "қазақ тіл мемлекеттік тіл" деп көрсетілді?

2.Тіл туралы заң нешінші жылы қабылданды?

3. Мемлекеттік ұйымдарда, мекемелерде орыс тілі қандай тіл ретінде қолданылады?

4.Қазақ тілі қандай тіл? Орыс тілі қандай тіл?

Жаңа сабақта қызығушылығын ояту.

Ведиоролик (бейнеүзік)

Модуль Сыни тұрғыдан ойлау әдісі

Ой қозғау (миға шабул)

Қарулы күштер туралы бейнеүзікті көре отырып, жаңа тақырыптың атын келтіріп шығару.

Олай болса, бүгінгі сабағымызда «Егеменді ел қорғаны - Қарулы Күштер» деген мәтінмен танысамыз.

2-топтық тапсырма

Оқулықпен жұмыс: Топ мүшелері мәтінді оқып танысады. Әр топтан бір оқушы мәтінді оқиды.

3-топтық тапсырма

Дәптермен жұмыс:

Жоғарғы бас қолбасшы -Президент

Құрылықтағы, әскери әуе, әскери теңіз флоты күштері. Ұлан тобы.

Сергіту сәті Мен қазақпын ән әуенімен орындалады.

4-топтық тапсырма

1-топ: Бейбіт қазақ елі туралы Қазыбек би қалай жырлады.

2-топ: Бұқар жыраудың Қабанбайдың сипатын жырлауы.

3-топ: Бөгенбай бабамыздың ұлылығын Бұқардың жырлауы.

4-топ: Әлия мен Мәншүк туралы өлең жолдарын айт.

Бейнеүзік : «Ұлы Жеңіске 70 жыл»

5-топтық тапсырма

Постер қорғайық

1-топ: Батыр Бауыржан Момышұлы туралы ойыңды жаз.

2-топ: Әлия Молдағұлова туралы ойыңды жаз.

3-топ: Мәншүк Мәметова туралы пікіріңді білдір.

4-топ: Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігін сипатта.

Жергілікті жердегі ардагерлерді атап суреттерін слайдтан көрсетіп өтемін.

Кері байланыс: «Мен бүгін не үйрендім»

Оқушылар пікірін білдіре отырып, қолдарындағы стикерлерін, ағаш бұтағына барып іледі.

Бағалау: Топ бағалаушыларының және мұғалімнің бағалауы жүргізіледі.

Үйге тапсырма: Мәтінді оқып, әңгімелеп беру.

© 2010-2022