Менің педагогикалық ұстанымым

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Катиева Балнур Даулетовна

Бастауыш сынып мұғалімі

№ 23 орта мектеп

Боралдай кенті, Іле ауданы,

Алматы облысы

Е-mail: [email protected]

Менің педагогикалық ұстанымым


«Жас бала жас- шыбық, жас күйінде қай түрде иіп тастасаң,

өскенде сол иілген күйінде қатып қалмақ»

М.Жұмабаев Мен келешекке білім атты гүлдің қызғалдаған үзіп алып таратсам деген арманмен ұстаздық жолдың ауыр жүгін өз жүрегімнің қалауымен таңдап алдым.Сондықтан ұстаз-дық жолда адал міндет атқаруды өзіме мақсат етіп қойдым. Аталған мақсатты жүзеге асыруда мектепте істеген аз уақыттың ішінде өзіндік педагогикалық философиям және ұстанымым қалыптасты. Әр бала өзінше жеке, әрі қайталанбас тұлға. Сондықтан баланың жан дүниесін түсіне білу, оларды жақсы көру, өзіңнің жанына жақын тарту менің негізгі ұстанымым. Сонымен қатар баланы жеке тұлға ретінде қабылдау, бала пікірімен санасу және қоғамда өз көзқа-расы қалыптасқан, бәсекеге қабілетті өзін көрсете білетін, шығармашыл тұлғаны қалып-тастыра білу. Осы ұстанымдарым негізінде ұстаздық жолда қызмет жасаудамын. Ұстаздық қызметте, шәкірттермен қарым-қатынаста ізгі ниеттілік, кішіпейілділік және мәдениеттілік бірінші кезекте тұру керектігіне көзім жетті. Бұл қасиеттер ұстаз бойынан табылу үшін әр мұғалім өз мәдениетін, біліктілігін көтеріп отыру қажет. Мен Кембридж бағдарламасы бойынша Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған курсқа қатыстым. Бұл курста білім берудің озық технологиялары негізінде жеті модульді қамтыған жүйелі жұмыс жүргізілді. Осы курстың арқасында өзімнің білімге деген жаңашыл көзқарасым қалыптасты. Ахмет Байтұрсынұлы: «Олақтықтың белгісі- бір ғана әдісті білу, шеберліктің белгісі- түрлі әдісті білу, керек орында жоқ әдісті табу да қолынан келу... Мұғалім әдісті көп білуге тырысуы керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек» деп жазған еді. Шынымен де, қазіргі кезде түрлі жолдар тауып, оқыту технологиясының оқу материалдарын меңгертудің неғұрлым тиімді әдістері таңдалған. Бұл әдістерді жүзеге асыру мұғалімнің тікелей шеберлігіне, ізденуіне байланысты. Осының негізінде мен үздік-сіз ізденіс жасауды, өз еңбегімді байыту және ынталандыруды, біліктілікті жоғарлатып отыруды жүзеге асыруды қолға алдым. Бүгінгі жаһандану заманында ұлттың бәсекеге қабілеттілігі білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан, ертеңгі келер күннің бүгінгіден нұрлы болуына апаратын жол- білім. Тек білімді ұрпақ қана қоғамға қозғаушы, басшы болары сөзсіз. Бұл орайда ұстазға артқан сенім өте зор. Қорыта келгенде, О. Бальзактың «Ұдайы еңбек ету - өнердің де, өмірдің де заңы» дегендей қазіргі қоғам мұғалімге үнемі ізденіп, тұрақты еңбек етуді міндеттейді.

© 2010-2022