Баланың оқуға дайындық деңгейін анықтау

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Баяндама:Баланың оқуға дайындық деңгейін анықтау.

Қай заманда,қай қоғамда болсын алдымызда тұрған зор міндеттердің бірі болашақ ұрпақ тәрбиелеу.Жан-жақты жетілген ақыл,парасаты мен мәдениеті мол, саналы ұрпақ тәрбиелеуде әр халықтың салт-дәстүрі, ел дамуындағы бағалы байлықтың нәрін біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады.Халықтың жазбаша жазылмаған,бірақ ұрпақ есінде мәңгілік сақталып,бір ұрпақтан бір ұрпаққа ауызша жалғасып келген нақыл-өсиет, өнеге қағида болып таралып келген тәлім-тәрбие тағылымының бай мұрасы бар.Ол халықтық педагогика деп аталады.

Халықтық педагогика ата-бабаларымыздың тәрбиеге қатысты ғасырлар қойнауынан сараланып жеткен іс-тәжірибелерінің жиынтығы.Ол-адамның жан-дүниесін тәрбиелейтін,зерттейтін ілім.Жалпы,халық педагогикасында бала тәрбиесіне өте үлкен жауапкершілікпен қараған.Халықтық педагогиканың мақсаты-бірнеше ғасырларға созылған халық тәжірибесіне сүйене отырып, болашақ ұрпақты еңбекке,адамгершілік,имандылық қасиеттерге тәрбиелеу.

Сонымен қатар баланың оқуға дайындық деңгейін анықтау-ол баланың жеке басының дамуына педагогикалық жағдай жасайтын,рухани жағынан таза,дүниеге тік қарайтын,қоршаған ортамен жүйелі байланыс түзетін, білімнің жаңа мазмұнымен байланысқан,бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ өсіріп,дамытып жетілдіретін мектеп болуға тиіс.Елге танымал аты шулы ғұламалардың бірі Әл-Фараби былай деген екен: «Тәрбиесіз қолға білім салма» деген бағдарлы ойын тек қана ескеріп қана қоймай,педагогиканың діңгегіне,мектеп жұмысының тірегіне айналдырып баршамыздың міндетімізге айналуы тиіс.Менің ойымша білім беруді тәрбиеге негіздеудің екі қанаты бар.Олар білімді ұлттық құндылықтар мен өркениетке негіздеу. Шәкіртті өз күш-жігерін пайдалануға баулу.Бұл екеуі құстың қос қанатындай,бірінсіз бірі шәкіртті самғау биікке көтере алмайды.

Ендеше сапалы білім беретін мектеп бүгінгі күнде өзіндік мектеп реформасын қажет етпек.Сондықтан да мектеп реформасын тек мектептің басқару жүйесі мен оқыту процессін ғана қамтып қоймай,солмен қатар оқуға дайындық деңгейін анықтау мектептің бала оқытатын мұғалімдері жаңа бағытқа қарай кәсіби шеберлігін күнделікті ұштауын талап ету жағы тағы бар.

Бүгінгі күнде мектептің жаңа реформалық жүйесі 12 жылдық білім беру турасында әрбір өзін кәсіби оқуға дайындық деңгейі жетілген деп есептейтін кез келген мұғалім,білім беру қызметкері бұл жүйенің қыр-сырын түгел меңгермей,бала дамуының мәселелерін түгелімен меңгере алмайды. Сондықтан да,білімнің жаңа үлгісі өзіне сәйкес жаңа мұғалімдері талап етеді. Сіздің білім беруге қосар құнды үлесіңіз-ұнамды қатынас болмақ.Ендеше қазіргі заман мұғалімі шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға,педагогикалық қызметінің барлық келеңді-келеңсіз жақтарын зерттеп меңгеруге ынталы,өзінің пәнін жетік меңгерген,кез-келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі,іскерлігі,шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үрдістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын мұғалім болуы керек.

Мектепалды даярлық сыныбында баланың оқуға дайындық деңгейін анықтау маңызы өте зор.Оқуға дайындық деңгейін жетік меңгерудің алғашқы сатысы 1-сыныпта әліппе кезеңінен басталады.Оқушы 2-немесе 3 дыбыс әрпін үйренгеннен кейін-ақ жеке-жеке әріптеп оқытпай,неғұрлым буындап оқуға дағдыландыру қажет. 1-сынып оқушылары буындап оқуды меңгергеннен кейін-ақ шапшаң оқудың алғашқы сатысы қаланады деуге болады.

Қазақ халқы қашанда сөзге бай,өз орнын білетін,рухы мен талғамы биік халық қой.Жыр десе ішкен асын жерге қоятын ұлы ақындарымыздың бірі данышпан Абай атамыз бірде былай деп жырлаған екен:

«Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегін кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуге балаға ».

Мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету,өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін біз жақсы түсінуіміз керек және өмір бойы ізденушілікті,зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін анық аңғарғанда ғана толық нәтижеге жете аламыз.Мұғалімнің әрбір сөзі мен ісі,қимылы,аяқ алысы,жүрісі,көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады.Сондықтан әрбір ұстаз үшін оқу мен тәрбие процесін ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдануды қажет етеді.

Қазақстан әлемдік қауымдастық қатарында басқа елдермен терезесі тең дәрежеге қол жеткізуі үшін,жас ұрпақтың нұрлы болашағы үшін осындай батыл қадамдарға бару қажет.Қоғам игілігі,елдің өркендеп дамуы үшін жасалып жатқан осы маңызды бастамаға білім беру және ғылыми саласы қызметкерлерінің,жалпы барша халықтың қолдау көрсетіп,барынша ат салысатынына сенеміз.Сол сенім бізді алға жетелейді.

Халқымыздың ғасырлар бойы армандап,екі ғасыр тоғысында қол жеткізген бақыты ло біздің-тәуелсіздігіміз.Оның іргетасының мықты болып,нығаюы жас ұрпақтың терең білімі мен тәлімді тәрбиесіне байланысты болмақ. Ендеше 12 жылдық білім беруге көшуде барлығымыз біріге күш жұмсап,ел ертеңіне сеніммен қарайық,аяулы да ұлағатты ұстаздар!



© 2010-2022