Маематика Пысықтау (2 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Пысықтау. Сандардың ондық құрамы негізінде қосу және азайту.

Сабақтың мақсаты: а) Сандардың ондық құрамы туралы білімдеріне негізделген қосу мен азайту тәсілдерін жетілдіру.

б) Тірек білімдерін жетілдіру. Ауызша есептеуге есептеу дағдыларын жетілдіру.

в) Өз бетінше жұмыстануға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы: І. Ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1 мысал: 20-ға дейінгі сандар қатарын қалпына келтіру.

- Сандар қатарын толықтыр. 10,...,...,13,14,...,...,...,18,...,... .

20,19,...,...,...,15,...,...,12,...,... .

Толықтырып жазған сандарды ондық және бірлік түрінде жазыңдар.

2 мысал: «Есептеу машинасы» ойыны.

4+5+1-6-2+4+3

2+8-3-1-2+1-4

5+5+4-10+3+2-5

3 мысал: «Есепті қандай таңбамен шығару керек?» Математикалық диктант.

- Асқарда 3 доп, Бауыржанда 2 доп бар. Балаларда барлығы неше доп бар?

- Жасыл таспаның ұзындығы 8 см, сары таспа жасыл таспадан 2 см ұзын. Сары таспаның ұзындығы нешеге тең?

- Балада 10 марка бар. 5 марканы ол альбомға жапсырды. Қанша марка қалды?

- Ыдыста 7 алма бар, ал алмұрттың одан 2-еуі артық. Ыдыста қанша алмұрт бар?

- Бірінші кесіндінің ұзындығы 5см, екіншісі одан 2 см қысқа. Екінші кесіндінің ұзындығы нешеге тең?

ІІІ. Жаңа сабақ.

1-мысалЕсепті талдау өз беттерінше шығару.

+ +

45 31 32 14

+ +

22 61 15 61

2-мысал

Мысалдар төрттігін құрастыр.

45+30

96-60

38+11

77+22

Есеп 3

Көк бет-20

Қызыл бет-12

Жасыл қағаз-13

Барлығы-?

Мысал 4

Сурет бойынша есеп құрастыр.

Есеп 5

Қысқаша жазылуы бойынша есеп құрастыр және оны шығар:

мысал 6 Салыстыр:

54+3+1*50+9-4

12-9+8*11-8+9

Мысал 7

Тура теңдік шығатындай тиісті жерге жақша қой:

ІV. Қорытындылау. Ойын:* Дұрыс оқы.* Балаларға қосу және азайтуға берілген есептер жазылған тірек қағаздар беріледі. Өрнекті дұрыс оқып және нәтижесін айту керек.

Қатемен жұмыс. Бағалау. Мадақтау.



© 2010-2022