Қазақ тілі: Сан есімдер 2 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Сабақтың тақырыбы: «Сан есімдер»
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: сан есімнен алған білім дағдыларын кеңейту, сан есімнің құрамдық түрлерін меңгерту, мәтіннен дара, күрделі сан есімдерді таба білу.
ә) Дамытушылық: есте сақтау және ойлау қабілетін дамыту, танымдық қызығушылықтарын дамыту.
б) Тәрбиелік: балаларды кішіпейілділікке, тіл тазалығын сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, суреттер, оқулық, бағалау парақтары, тестке арналған қима қағаздар.

І. Тілдік ортаға көшу.
- Қане балалар, мені көріп тұрғандар 1 шапалақ, естіп тұрғандар 2 шапалақ, сабаққа дайын оқушылар 3 шапалақ.
- Жақсы отырыңдар. Шапалақ даусынан сендердің бүгінгі сабаққа дайындықпен келгендерің сезіліп тұр.
ІІ. Үй жұмысын тексеру
Тапсырма 2 түрлі болатын:
1) Сан есімдері бар мақал-мәтелдер жазып, жаттап келу.
2) Сан есімдері бар жұмбақ, жаңылтпаштарды жазып, жаттап келу.
ІІІ. Өткен тақырыпты қайталау. «Кім көп біледі» ойыны.
1 минуттың ішінде: 1 - қатар жуан дауысты дыбысты сан есімдерді жазу
2 - қатар жіңішке дауысты дыбысты сан есімдерді жазу.
ІҮ. Жаңа сабақ. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.
1) Тақтаға жазылған сөйлемдер.

І парақ
1. Айгүл жиырмада.
2. Бізге жетінші сыныпта оқимыз.
3. Әжем екі алма берді. ІІ парақ
1. Олеся он бес жаста.
2. Ағам отыз кітап әкелді.
3. Жылқының салмағы 200кг болды
- Қандай ортақ сөздер бар?
- Сөйлемдерде 2 қате бар. Табыңдар.
- 1 парақта дара сан есім жазылған.
- 2 парақта күрделі сан есім жазылған.
2) Тірек сызба арқылы жаңа сабақты түсіндіремін.

3) Тапсырма. Тақтада жазылған сан есімдерді дара және күрделі сан есімдерді бөлек жазу.

Екі, он, сегіз, он бес, жиырма, қырық, жиырма бір, отыз алты, елу, жетпіс, екі мың бес, жүз үш, қырық бес, бір, мың, он тоғыз.

4) Тапсырма.
1 қатар - жиырма сөзіне фонетикалық талдау
2 қатар - алтыншы сөзіне фонетикалық талдау

5) Тапсырма.
есептік реттік Жинақтық
1-бір Бірінші Біреу
2-екі
3-үш
4-төрт
5-бес
6-алты
7-жеті
8-сегіз
9-тоғыз
10-он
25-жиырма бес
38-отыз сегіз
56-елу алты

Сергіту сәті
Мына алты ақ алма
Нұрбибі мен Жанарға
Үш сарысы - Анарға
Қызыл алма - Манарға
Қанша сонда бар алма?

5) Сан есімдерді қатыстырып сөйлем құрастыру.
6) Мәтіннен сан есімдерді теріп жазу; ажырату.

Ү. Қорытынды. Тест жұмысы

1. Заттың санын білдіретін сөз табы
А) сын есім
Ә) сан есім
Б) зат есім
2. -ның, - нің, -дың, -дің қай септіктің сұрағы?
А) Барыс септігі
Ә) Шығыс септігі
Б) Ілік септігі
3. -ыншы, -інші, -ншы, -нші - реттік сан есімнің жұрнақтары.
Дұрыс па?
А) иә
Ә) жоқ
Б) білмеймін
4. Сөздердің аудармасын тап
өзен пресная
бұлақ святой
жалпы река
тұщы родник
киелі общая
5. -ау, -еу - сан есімнің қай түрінің жұрнағы?
А) реттік
Ә) жинақтық
Б) есептік
ҮІ. Үйге тапсырма.
ҮІІ. Бағалау

© 2010-2022