Қыс қызығы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Қыс қызығы

Қызылорда қаласының №4 С.Сейфуллин атындағы орта мектептің «Ақмарал» шағын орталығының тәрбиешісі

Абуова Дүрияш Бекболатқызы






«Балдырғандар» тобында ұйымдастырылған оқу

іс-әрекетінің технологиялық картасы



Күні: 30.12.2013 ж.
Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған іс - әрекетінің түрі: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Қыс қызығы»
Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейту. Сурет бойынша балаларға әңгіме құрастыра білуді қалыптастыру. Өз ойын жеткізе білуге, сөздік қорын байытуға дағдыландыру. Қысқы ойындарға қажетті құралдарды атай білуге төселдіру.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, әңгіме, бағалау.
Қолданылатын көрнекіліктер: Қыс көрінісі, мазмұнды суреттер, оқулық суреттері.









Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық





















































Ұйымдастырушылық- ізденушілік























































































































Рефлексиялық- түзетушілік








Ұйымдастыру кезеңі.

«Жылулық шеңбері»

-Балалар бәріміз дөңгеленіп тұрып, жылулық шеңберін жасаймыз. Балалар бір-біріміздің алақанымызды ұстағанда нені сезіп тұрмыз? Жылы алақанымызды сезінеміз бе? Олай болса, бір - бірімізге жылы лебізімізді айтамыз.



Шанамен зырғып желетің

Шаңғы, коньки тебетін,

Аққала жасап ойнайтын

Қай мезгілдеп ойлайсың?

-Балалар, бәріміз орнымызға отырып оқу іс-әрекетіне дайындалайық.



-Біз өткен іс-әрекетімізде не туралы айттық?

-Біз Аяз атаны қалай қарсы аламыз?

-Аяз ата деген кім?

-Аяз ата жылдың қай мезгілінде келеді?

-Қыста қар басқан ағаштарды көрдіңдер ме?

-Қыста ағаш өсеме? Неге?



Жаңа оқу іс-әрекеті.

-Ал енді, балалар бәріміз бүгінгі оқу іс-әрекетімізді зиін қойып тыңдайық.

Жұмбақ жасыру.



Мамықтай жұмсақ болады,

Ұстасаң қолың тоңады.



Қолы менен қаламы жоқ,

Бірақ сурет салады көп.



Балалар жақсы көреді,

Қыста ғана келеді,

Ән-жыр айтса, қысылмай,

Сыйлық, кәмпит береді.



Бұл жұмбақтар жылдың қай мезгілі туралы? Оны қайдан білдіңдер?

Сонымен , бүгінгі өтетін оқу іс - әрекетіміздің тақырыбы: «Қыс қызығы»



Сурет бойынша әңгімелеу:

«Қыс мезгілі»

-Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?

-Қыс туралы қандай тақпақ білесіңдер?

-Қыс айларын атаңдар?



-Айнала аппақ түске оралып, адамдар жылы киініп, балалар көңілденіп қармен ойнап жатыр.

Қыс мезгілінің әртүрлі суреттерінен слайдтар көрсету.

Дамытушы орталықтармен жұмыс.

Топқа аққала кіріп келеді.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен сендерге қонаққа келдім. Жай келген жоқпын сендерге тапсырмаммен бірге келдім. Сендер тапсырманы дұрыс орындасаңдар мен сендерге жұлдызша беремін.

І топ - Өнер орталығы: Ақ қағаздан аққала құрастыру.

ІІ топ-Үстел үсті орталығы: Қыс мезгілінің суретін бояу.

ІІІ топ-Кітап орталығы: Сурет бойынша жұмыс.

Аққала: -Жарайсыңдар балалар, сендерге көп рахмет. Жақсы балалар екенсіңдер. Қош сау болыңдар,-деп аққала шығып кетеді.



Сергіту сәті:

Қар жауыпты далаға,

Қар жауыпты қалаға.

Сырғанаймыз енді біз,

Отырып ап шанаға.





Ал енді балалар ойын ойнайық:

Д /О «Қыс қызығы»

Ойынның мақсаты: Тәрбиешінің белгісі бойынша бала он адым аттап жүреді, әр адым сайын бір қысқы ойынның атын атайды.

Қайталанып айтуға болмайды, бәрін дұрыс айтқан бала жеңеді.





Қорытындылау.

-Балалар бүгін біз не туралы сөйлестік?

-Қыс туралы не білдік?

-Қысқы ойындар туралы не білдік?

-Қыс қандай болады?



Балаларды бағалау, мадақтау.


Балалар жылулық шеңберін жасады.





















Қыс













Сұраққа жауап арқылы өткенді қайталаймыз.



















(Қар).





(Аяз)







(Аяз ата)









Қыс туралы.

Суреттен







Қыс



Желтоқсан, қаңтар, ақпан

























Құрастырды



Бояйды



Әңгіме құрастырып, айтып берді.













Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.

































Қыс



Қарлы, аязды болады.


Күтілетін нәтиже:
Біледі: қыста болатын өзгерістер жайлы.
Игереді: аққаланың үлкен- кіші дөңгелектерді қосу арқылы салуға болатындығын.
Меңгереді: Қыс мезгілі туралы әңгіме құрауды.

© 2010-2022