Тәрбие сағаты. Тақырыбы: Біздің Елбасымыз. 1 -желтоқсан-Президент күні

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағат тақырыбы: Біздің Елбасымыз .1 желтоқсан-Президент күні.

Тәрбие сағат мақсаты:

1.Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; 2.Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу; 3.Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.

Сабақтың барысы:

Мұғалім: 1 желтоқсан қандай күн?

Біздің Президентіміз -Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев . Мемлекет басқару ісі - машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел - ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымызды әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін, ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналығына мән берген, ар мен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне арнағалы отырмыз!1 желтоқсан - Президент күніне орай өткізіліп отырған «Біздің Елбасымыз» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймын!

Әнұран орындалады.

1слайд-Н.Ә.Назарбаев

Қазақстанның егеменді ел атауына Елбасының қосқан үлесі зор.Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдениетін көркейтіп,бірлігі мен ынтымағы жарастырып отырған ұлы тұлға.Тәуелсіздіктің жетістіктерін біліп жүру-біздің міндетіміз.

2 слайд.Өмірбаяны

Отбасы және балалық шағы

Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.

Әкесі - Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.

Анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді.Үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге келген Әлжан Әбішпен танысады. Ауыл арасында ән салу мен суырыпсалмалық өнерден оның алдына түсетін ешкім жоқ еді. Жарқын жүзді Әлжан ұлын үлкенді құрметтеуге, сыйлауға баулыды, оның ұлттық дәстүрлерге, ән-жырларға, салт-ғұрыптарға құштарлығын оятты. Әлжан Назарбаева 1977 жылы қайтыс болды.

Жасөспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын-туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісті. Жас кезінде Іле Алатауының баурайында жазғы демалыс күндерінде әкесіне көмектесіп жүргенде тұңғиық жұлдызды аспан астында жанған алау маңына түнеген романтикалық сәттері де болды. Әке-шешесі осы өлкеде ежелгі заманда өмір сүрген бабалардың берік түп-тамырынан сыр шертетін салиқалы әңгімелер айтып, жан-дүниені тербейтін әндер шырқайтын. Кез келген қазақ білмеуі ұят саналатын жеті ата туралы айтылатын. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, қазақтың өткені мен болашағын жалғап келе жатқан халықтың осы бір ауыр, бірақ үйлесімді тіршілігінің мәңгі және аса мәнді екенін сезінетін.Ол, әсіресе, ежелгі аңыздар мен бабалардың наным-сенімдері туралы үлкендер айтатын әңгімелерді ықыласпен тыңдайтын.

Еңбек жолы

1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.

  • 1960-69 жж. - Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.

Қызмет жолы

  • 1969-73 жж. - Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

  • 1973-77 жж. - Қарметкомбинаттың партком хатшысы.

  • 1977-79 жж. - Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы.

  • 1979-84 жж. - Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.

  • 1984-89 жж. - Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.

  • 1989-91 жж. - Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,

  • 1990 ж. ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.

  • 1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті.

  • 1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы ПрезидентіН.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.

  • 1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.

  • 2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.[1]

Ғылыми еңбектері

Кітаптары

  • «Нарық және әлеуметтік-экономикалық даму» (А., 1994),

  • «Ғасырлар тоғысында» (А., 1996),

  • «Бейбітшілік кіндігі» (А., 2002),

  • «Сындарлы он жыл» (А., 2002),

  • «Еуразия жүрегінде» (А., 2005).

Басқа лауазымдары мен мансаптары

  • Экономика ғылымдарының докторы (1993)

  • ҚР ҰҒА-ның (1995) және басқа да ғылыми мекемелер мен шетел оқу орындарының академигі

  • Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы

  • Қазақстанның Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы

  • Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы

  • Нұр Отан Халықтық-демократиялық партиясының төрағасы

  • Дүние жүзі қазақтары ассоциациясының төрағасы

  • Орталық Азия мемлекеттері Достық қорының құрметті төрағасы

  • ЕҚЫҰ-нің бас төрағасы

  • Бірнеше жыл Халықаралық Аралды құтқару қорын басқарды

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.

Назарбаев - Қазақстанның ең жоғары ерекшелік белгісі - ерекше үлгідегі «Алтын Қыран» орденімен, сондай-ақ әлемнің көптеген елдерінің, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың жоғары наградаларымен марапатталған.

Әлемдік сарапшылардың мойындауынша, Қазақстандағы Назарбаев пен оның пікірлестері жүргізіп келе жатқан өзгерістер ХХ ғ. соңында пайда болған жаңа тәуелсіз мемлекеттер тарихындағы ең табыстылардың бірі болып есептеледі.[

«Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ» білімділер сайысы:

1.КР тәуелсіздігі қашан жарияланды?(16.12.1991ж)

2.КР Ұлттық валютасы қашан енгізілді?(15.11.1993ж)

3.Әр адамның шағын Отаны.(Отбасы)

4.Мемлекеттік рәміздерді ата. (елтаңба,әнұран,ту)

5.ҚР әнұранының авторларын ата. (Ш.Қалдаяқов,Ж.Нәжімеденов,Н.ӘНазарбаев)

6.Жыл басы не?(Тышқан)

7.Бүгін аптаның қай күні?

8.Есту мүшесі.(Құлақ)

9.КР мемлекеттік тілі.(Қазақ тілі)-өлең,м-м айт.

10.Елордамыз қай қала? «Астана)

11.Абайдың әжесі кім! (Зере)

12.Қазақстан шектесіп жатқан мемлекеттерді ата. (Ресей,Қырғызстан,Қытай,Өзбекстан,Түрікменстан)

13.Бокс алаңы қалай аталады?(Ринг)

14.Күн мен түн немен аяқталады?

15.Кірпі қыста не істейді? (Ұйықтайды)

Ой толғаныс: «Бір айналым сөйлем»

Оқушылардың пікірі,ойы.

-Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар,ол - Тәуелсіз Қазақстан.Елбасымыз айтқандай, кең-байтақ Қазақстан-туған өлкеміз,оны құрметтеу-баршамыздың парызымыз.

-Елбасымыз елін дамытып,одан әрі өркендеуіне басшылық етіп отырған ерекше тұлға.

-Біз Елбасымызды әрқашан мақтан тұтамыз.

-Елбасы мен Елорда -егіз.

-Елбасы-Астананың сәулетшісі.

-Елбасы Абылайханның үш арманың орындады,үш жүздің басын қосты,қала салды,ел қылды.

-Елбасы-көреген саясаткер.

-Елбасы-Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Елбасы-Қарулы күштерінің Жоғарғы Басқолбасшысы.

Елбасы- «Ғасыр адамы»

Елбасы-Әнұранның авторы.

Елбасы-халықтың жағдайын ойлап,барлық мүмкіндігін жасаған.

Елбасы-алымды да алғыр басшы.

Елбасы-Қазақстанды әлемге танытты.

Елбасы-10 жылдың ішінде 100 жылдың жоспарын орындады.

Елбасы-мемлекет басшысы.

Елбасы-менің кумирім ( )

Елбасы-Қазақстан Халық Ассамблеясының төрағасы.

Елбас-Қазақтардың Дүниежүзі Қауымдастығының төрағасы

Елбасы-экономика ғылымның докторы,академик.

Бүгінде дүниежүзілік қоғамдастықта Н.Ә.Назарбаев аты Қазақстанның баламасындай болып,Нұрсұлтан есімі Астананың егізіндей жарастық табуы халқымыздың,еліміздің алдағы көрер барша жақсылықтарының бастауындай болып елестейді.

Елдік жолында ерлік жасаған Елбасы еңбегінің қызығын халқы көре берсін!







© 2010-2022