Урок на тему Төрт түлік 1 класс

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Видеоуроки
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Нурканова Мадина Салимовна

Бастауыш сынып мұғалімі

Қ.Дамитов атындағы орта мектеп

Үлкен Нарын ауылы

Катонқарағай ауданы

Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік ( қорытынды сабақ)

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушылардың төрт түлік жайлы білімдерін бекіту, тиянақтау.

2. Логикалық ойлау қаблеттерін, тілін дамыту.

3. Малды күту рәсімдері, қадірлеу және еңбексүйушіге баулу.

Тіл материалы бойынша: Жуан және жіңішке айтылатын сөздерді меңгеру.

Пән аралық байланыс: Қазақ тілі, дүниетану.

Сабақтың көрнекілігі: Төрт түліктің суреттері, бетперделер.

Сабақтың типі: кіріккен сабақ.

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру

II. Өтілген материал бойынша жұмыс.

  1. Тіл материалымен жұмыс.

а) Графикалық минут-

Ж (дыбысының әрпін көркем, әдемі жазу)

Жылқы жабағы жирен жүген

Тапсырма: жуан дауыстылардың астын бір рет, жіңішке дауыстылардың астын екі рет сызғызу.

Сөздік жұмысы: жирен-шиқандай қызыл жылқыны айтады. (түсі)

ә) «Қай мал не істейді?» (төлдеуін) деген сұраққа сөйлем құрастырып тақтаға жаздыру. Жуан дауыстылардың астын бір рет, жіңішке дауыстылардың астын екі рет сыздыру.

Бие құлындайды. Түйе боталайды. Сиыр бұзаулайды. Қой қоздайды. Ешкі лақтайды.

  1. Оқу материалымен жұмыс.

  1. Сұрақ-жауап арқылы төрт түлік туралы білімдерін тексеру.

  2. А) төрт түлік малға нелер жатады?

Ә) төрт түлік малдың пірлерін атаңдар.

Б) төрт түлік малдың пірлері сөйлейді.

(3 сынып оқушылары)

Шопан ата: Ай мүйізі шоқпақтай,

Шүйделері тоқпақтай,

Тегене құйрық қошқарлы,

Малды берсең, қойды бер,

Ұлды берсең, бойлы бер,

Жұртқа ақыл салғандай,

Ақылы артық ойлы бер...

Сексек ата:

Қойды көсем бастайтын,

Өткелден үркіп саспайтын,

Қарағай мүйіз серкелі,

Шүйде жалды, желкелі,

Сексек ата баласы

Ешкі бассын үйіңді,

Ешкі басса үйіңді,

Сыймай бассын үйіңді.

Зеңгі баба:

Сиыр берсең сүтті бер өңкей мама,

Кең өріске шұбыртып өзің бағып,

Кешке жақын қотанға әкеп қама.

Зеңгі баба баласы

Сиыр басын үйінді.

Сиыр басса үйіңді,

Сыймай бассын үйінді.

Қамбар ата:

Тағы бір тілек тілейін,

Шын бергенің білейін,

Өңкей ала шұбардан,

Жал-құйрығы шұбалған,

Айғырды бер байсалды,

Үйірі толған байталды.

Өңкей мама биемен

Сауған сайын иіген.

Ойсыл қара.

Ит құс пәле індеттен аман сақтап

Топ-топ қылып боталат аруана.

Қотанға сыймас түйе бер

Түйе берсең, үйе бер.

Төрт түлік малдың пірлері жұмбақ жасырады. Оқушылар шешеді.

Қос мүйізді, төрт сирақты

Сыйладым балдай ақ бұлақты (сиыр)

Көкке шаншып құйрығын

Келді шауып жүйрігім.(құлыншақ)

Кішкене ғана бойы бар,

Айландырып киген тоны бар.(қой)

Маң-маң басқан,маң басқан

Шудаларын шаң басқан.

Екі өркешін қом басқан

Төрт аяғын тең басқан

Бұл не? (түйе)

Төрт түлік малдың төлдерін қалай шақырамыз? Қане, шақырып көрейік.

Сахналық көрініс Төлдердің айтысы-төлдердің рөлінде бетперде киген оқушылар шығып айтысады.

Тілді дамыту жұмысы: төрт түліктің суреттері бойынша

1.түйе- оның ерекшелігі , пайдасы.

2.жылқы ерекшелігі, пайдасы.

3. сиыр- ерекшелігі, пайдасы.

4. қой,ешкі туралы.

Төрт түлік туралы жаттаған өлең-шумақтарын айтады.

Кел, балалар жарысалық !

Жатқа жаңылтпаштар айтылды.

Мақал-мәтелдер айтылды.

Түлікті құрметтеу , тыйым сөздер айтылды.

Сабақты қорыту, бағалау.

Сыйлықтар тарату.

© 2010-2022