Оқушылардың сауаттылығын арттыру

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Батыс - Қазақстан облысы

Бөрлі аудандық білім беру бөлімі







Оқушылардың сауаттылығын

арттыру жолдары

Бөрлі негізгі орта қазақ мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Майманов Нуркан Джаныбекович


2015 ж

Мақсаты : Бастауыш сынып оқушыларының тіл байлығын дамыту барысында жұмыстарды ұйымдастыру арқылы сауаттылығын арттыру; Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қазіргі қоғам талабына сай ой-өрісін дамыту, шығармашылығын кеңейту, терең білімді, бәсекеге қабілетті тұлғаны жасау;Білімге деген қызығушылығын дамыту ; Оқушылардың шығармашылық қабілетін көтеру ;

Міндеттері:

-үлгерімі нашар оқушылармен жеке-бағыттық жұмысын ұйымдастыру үшін жағдайлар жасау.

2.Оқушылардың жеке жетістіктерін анықтау жүйесін жасау

3. Мониторинг арқылы үлгерімі нашар оқушылардың дамуы мен оқуын қадағалау.



Күтілетін нәтиже: Оқушының танымдық көкжиегі кеңейеді, шығармашылық белсенділігі артады, жаңа тапсырмаларды орындау кезінде өз бетінше жұмыс істеуге үйренеді, оқуға деген ынта-ықыласы оянады;







Мазмұны

  1. Кіріспе

  2. Жоспары

  3. Сабақ кестесі

  4. Мониторинг

  5. Қорытынды

  6. Пайдаланылған әдебиеттер



Кіріспе.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауында білім беру ұйымдары жастарға жалаң білім беріп қана қоймай алған білімдерін өмірдің түрлі жағдайларында пайдалана алуды үйретуі керек екендігін баса айтып, үкіметке оқушылардың сауаттылығын дамытудың бес жылға арналған Ұлттық шаралар жоспарын дайындау жөнінде нақты тапсырма берген болатын.

Осы тапсырманың негізінде маусым айында Үкіметтің 25 маусым 2012 жылы №832 қаулысымен бекітілген «Мектеп оқушыларының сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары» қабылданды. Ұлттық жоспардың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау болып белгіленген.

Бала тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын ойшылдары мен зерделі зиялыларын толассыз толғанысқа, үздіксіз ізденіске түсірген ізгі мұрат екені даусыз.Балаға берілетін алғашқы тәрбие ата-анасын, туған-туысқандарын, жолдасын сыйлаудан басталады, себебі ата-анасын сыйламайтын жолдасына да, қоғамға да пайда келтіре алмайды, ал қоғамға пайда келтіре алмаса бұл тәрбие одан әрі шиеленісіп, ақыры үлгермеуші балаларға әкеп соқтырады.

Әрине үлгермеуші балалардың пайда болуы көптеген үлгермеуші себептерге байланысты.

Үлгерімі төмен оқушылармен әр түрлі жұмыс жүргізуге болады. Топпен жұмыс, жұппен жұмыс, жеке дара жұмыс түрлерін жүргізуге болады.Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары болу керек. Жаттығулардың түрлері өте көп,сол жаттығулардың түрлерін орындату арқылы білім сапасын жоғарылату қажет. Үлгерімі төмен оқушылармен деңгейлік тапсырмалардың жеңіл түрлерін өткізуге болады. Оқушылардың үлгерім деңгейінің төмен немесе жоғары болуына мұғалімнің жауапкершілігі мол. Мұғалім өзінің пәнін жетік білуі керек. Біліктілігі жоғары, жан -жақты іздену, жұмыс түрлерін түрлендіруі, сабақты қызықты өткізу керек сонда оқушылардың пәнге үлгермеушіліктері азайып немесе мүлдем болмайды. Барлығы мұғалімнің шеберлігімен, оқушының қызығушылығына байланысты.

Оқушыларының сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор. Соның ішінде қазақ тілі мен әдебиетінің алатын орны ерекше. Осы ретте, оқушыға халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін танытуда, оларға идеялық-саяси, рухани-адамгершілік, этикалық-эстетикалық т.б. тәрбие беруде, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыруда көркем әдебиетті қуатты құралдардың бірі ретінде пайдалану - әдебиет пәнінің басты мақсаты болып есептелсе, тіліміздің өзіндік қалыптасқан нормаларын, жалпы айтқанда грамматикасын үйрету - қазақ тілінің басты міндеті болып танылады.

Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс жоспары

2015-2016 оқу жылы

Мақсаты: Пән бойынша оқушының білімін дамыту, сабақ үлгерімін жақсарту. Оқушының жекелеме тапсырмалар арқылы пәнге қызығушылығын ояту. Сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз ете отырып, шығармашылықпен ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.


р/с

Жүргізілетін жұмыстар

Тапсырмалар

Орындалатын тапсырмалар

1

Жаңа сабақты меңгерту

Көшіріп жазу

«Керекті сөзді тауып айт»

2

Мәтінмен жұмыс түрі

Суреттер таратылады, соған байланысты сөздер жазу керек.

«Қатеңді тап»

3

Шағын шығармалар оқу

Жаттығу жұмыстарын орындау

Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз;

4

Оқушының сөздік қорын дамыту

Жазу калиграфиясын түзету мақсатындағы жұмыс

Көркем жазу, анықтама, мәтінді меңгеру, талдау

5

Оқушының есте сақтау қабілетін дамыту

Сөздерді жаттау, ойдан отбасына байланысты эссе жазу

Мәтінді оқу

6

Сөйлеу қабілетін дамыту

Берілген ережелерді жаттау

Өтілген тақырып бойынша жаттау

7

Тестпен жұмыс жасауға жаттықтыру

Тест

8

Шығармашылық жұмыстарға баулу

Өзіндік жұмыстар

Мәнжазба жазу

9

Тірек сызбалар арқылы ауызша мәтін құрау;

Кеспе қағаздармен жұмыс

Жазу , сауаттылығын

10

Лексикалық тапсырма

Сөздіктермен жұмыс

Сөйлемдер құрау

11

Ауызша сұрақтар қою

Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою

Жоспарланған шаралар. Олардың iске асыруының мерзiмдерi. № Үлгерімі төмен оқушылармен Жүргізілетін жұмыстар Берілетін тапсырмалар және өз бетінше орындауға берілетін жұмыс Мерзімі 1 Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін дамыту 1.«Керекті сөзді тауып айт» ойыны 2.«Бұлар кiмдер?» ойыны 3.Сөзжұмбақты шешіп көр ! 5.Артық сөзді тап 6.Сөйлемді аяқта 7.Бұл қай кезде болады ? қыркүйек қазан 2 Үй тапсырмасын орындауға бейімдеу 1. Үйге берілген мәтінді оқып келуді, сызба арқылы мазмұнын айтуды қадағалау. 2.Мәтінді көшіріп жазып келу. 3.Сөздерді буынға бөлгізу, буын түрлерін ажырату. қараша желтоқсан 3 Оқушының есте сақтау қабілетін дамыту 1.Сөзжұмбақ шешуді үйрету. 2.Тестпен жұмыс жасауға жаттықтыру 3.»Сандарды сөйлет» ойыны 4. Сызба бойынша бір тақырыпқа сөйлету қаңтар ақпан 4 Әр оқушының сауаттылығын арттыру 1.«Қатеңді тап» ойыны 2.Заттардың атауын көпше түрінде жаз 3.Қазақ тіліне тән дыбыстарына сөздік диктант жаздыру 5.Берілген сөздерден сөйлем құрастыру наурыз 5 Сөйлеу қабілетін дамыту 1.Үй тапсырмасын сұрау 2. Ауызша сұрақтар қою 3.Рольдеп диалогті оқу 4.Бір тақырыпқа сөз тіркестерін құрастыру

5.Тіл туралы, Отан туралы, еңбек туралы

мақалдарды жаттау 6. Жаңылтпаштарды жаттату сәуір мамыр

Сабақ кестесі :

Жұмыс түрлері

Мерзімі

жауапты

Диктант ( көшіріп жазу )

Апта сайын

мұғалім

Жазу калиграфиясын түзету мақсатындағы жұмыс

Күн сайын

мұғалім

Шағын шығармалар оқу

Күн сайын

мұғалім

Суретпен жұмыс

Апта сайын

психолог

Тест тапсырмалары ( қабілетіне қарай )

Тоқсанға бір рет

мұғалім

Оқу шапшаңдығын қадағалау

Күн сайын

мұғалім

Ата - анамен жұмыс ( әңгіме )

әр айда 1 рет

мұғалім

Тіл дамыту

тоқсан сайын

дефектолог



І. Жаңа оқыту әдіс-тәсілдері арқылы қазақ тілін меңгерту жолында оқушылардың сауаттылығын арттыру .

«Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында,ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында» деп елбасымыз атап айтқандай,оқушылардың талантын ашу - менің күн тәртібімдегі өзекті мәселелардің бірі.

Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін сабағымда белсенді оқыту,диалогтік оқыту,сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы сатылай кешенді талдау,мән беріп оқыту технологиясын қолданып келемін.

Белсенді оқытуда қысқа әңгіме,ойын түрлері,сөздік ойыны т.б. атауға болады.Өзім беретін 2,4-сыныптарда мән беріп оқыту технологиясы бойынша оқушылардың оқу,тыңдау,айту,жазу дағдыларын дамытудамын.Көбінесе топтық жұмыс жасап,достық қарым-қатынасты нығайта отырып,ұлттық бірліктің жарасымына жол ашамын.

Сонымен бірге оқушылардың теориялық білімдерін дамыту мақсатында Н.Оразақынованың «Сатылай кешенді талдау» технологиясының тиімді жақтарын айтқым келеді.

1. Оқушыларға теориялық білім береді.

2. Тілін дамытады.

3. Ұлттық құндылықтарды бағалай білуге, құрметтеуге үйретеді.

4. Ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйымдастырады.

5. Оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді.



Қазақ тілі сабағында оқушылардың сауаттылығын арттыру жолдары

1. Дыбыстарды тіркестіріп сөз жасаңдар;

2. Түсіп қалған буынды табу;

3. Тиісті сөздерді тауып , сөйлемді аяқтау ;

4. «Бес жолды өлең»

5. Берілген сөздерден сөз құрастыру ;

6. Сөздердің мағынасын табу;

7. Сөздерді сәйкестендіру ;

8. Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрап жазу;

9. Сөйлемдерден мәтін құрастыру;

10.Берілген мақалдардың сыңарын табу ;

11Өлеңге ұйқастар тауып , өлеңді жалғастыру ;

12. Өлең шығаруға баулу ;



Үлгерімі төмен оқушылармен әр түрлі жұмыс түрлерін жүргізуге болады. Сабақтарда жаттығулардың түрлерін пайдалану арқылы оқушылардың білім деңгейлерін арттыруға болады.

Сөйлемдерді дұрыс құраңдар.

1. күн, ұзарады, күзде, қысқарады,түн.

2. жеміс, піседі, бақта, бақшада, көкөніс.

3. егін, күздігүні, жинайды, диқаншылар.

4. қараңғы, түседі, күзде, ерте.

Қандай сөз жасырылған ?

Ү й р к е - үйрек

Ш ұ қ а - ұшақ

Ғ т а с а - сағат

Р а ш - шар

Топпен жұмыс, жұппен жұмыс, жеке дара жұмыс түрлерін жүргізуге болады.Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары болу керек. Жаттығулардың түрлері өте көп,сол жаттығулардың түрлерін орындату арқылы білім сапасын жоғарлату қажет. Үлгерімі төмен оқушылармен деңгейлік тапсырмалардың жеңіл түрлерін өткізуге болады. Оқушылардың үлгерім деңгейінің төмен немесе жоғары болуына мұғалімнің жауапкершілігі мол. Мұғалім өзінің пәнін жетік білуі керек. Біліктілігі жоғары, жан -жақты іздену, жұмыс түрлерін түрлендіруі, сабақты қызықты өткізу керек сонда оқушылардың пәнге үлгермеушіліктері азайып немесе мүлдем болмайды. Барлығы мұғалімнің шеберлігімен, оқушының қызықғушылығына байланысты. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс түрлері.

  1. «Адасқан әріптер » ойыны.

Дыбыстарды тіркестіріп сөз жасаңдар.

Р, О, Б БОР

П, А, Т, І, К КІТАП

М, А, Л, А, Қ ҚАЛАМ

Р, Е, Т, П, Ә, Д ДӘПТЕР

Ш, Ы, Ғ, З, Ы, С СЫЗҒЫШ

Ш, І, Г, Р, І, Ш, Ө ӨШІРГІШ

2. Қай әрпім жоқ?

Құр...қ, Сағ..т, Б...қ ...т, ІІІ..л, Б...з, Қ ...з

3. Түсіп қалған буынды тап.

Ер ..., Дәрі ..., Ал ... , Ор .. , О ... шы.

4. Қандай сөз жетпейді?

Талғат ... оқушы ( әдепті , жақсы , жаман , ұқыпты , салақ , талантты ).

5. «Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрап жаз»

1.Айжан, бара жатты, Мәрия, мен, фермаға.

2.Олардың, ұша жөнелді, бір, үйрек, алдынан.

3.Ұшқан, жерге, олар, үйрек, келді.

4.Ұяда, жатыр, жеті, жұмыртқа.

5.Олар, алмады, жұмыртқаны.

7. Өлең жаза білуді үйренейік.

Жүремін бе мен текке?

Барам биыл ......( мектепке)

Қолға қалам .....(аламын )

Суретті де .........( саламын )

Жеріміз ....( байтақ )

( Тәуелсіз) ...... қазақпыз

Еркіндік ....( аңсап)

( Достықты)..... жырлаймыз.

Жайқалып биыл шығыпты

Тігіп ем былтыр ...( шыбықты)

Көкте жарқылдап найзадай

От шашты шатынап...( найзағай)

Орыннан -орынға жылдам ауысқан

Ұшқалақ қара ала ...( сауысқан )

Мұндай өлең жолдарында мағынасы болуын, сонымен бірге ұйқасының үйлесіп келу керектігін түсінеді, ізденеді.

І топ «Мақалды жалғастыр»

Бірлігі жоқ ел тозады ,

******************** (Бірлігі күшті ел озады )

Ақыл көпке жеткізер,

******************** (Білім көкке жеткізер )

« Сәйкестендір»

Еріншектің аяғы құтқарады

Қоянды бір тоғыз

Білгенің от басынан

Білмегенің ертеңі бітпейді

Өнеге тоқсан тоғыз

ІІ топ «Өлеңді жалғастыр»

Шашырап алтын шапағы,

Тамылжып таңдар ...(атады )

Асығып барлық адамдар

Жұмысқа ...( бара жатады )

« Сөйлемдерден мәтін құрастыр »

*Бір балапан ұядан түсіп қалды .( 3 )

*Қарлығаштар риза болды . ( 5 )

*Біздің үйде үш жылдан бері қос қарлығаш ұя салады.( 1)

*Ағам оны ұясына салды.( 4 )

*Олар жылда ұяларынан балапан ұшырады .( 2 )

«Мағынасын тап »

Есінен шығып кетті - ұмыту

Бармағын тістеу - өкіну

Қабағын қарс жабу - ашулану

Ит өлген жер - алыс

Бірауызды болу - тату

Етек жаю - көбею

9. Түрлі ұйқастар арқылы сөз мағынасына түсінік жүргізу, өздеріне мысал келтіртіп, дәлелдету.

Арқамнан түс,

Түскі тамақ іш.

Бар-жоғыңды сана,

Болса сенде сана.

Төгіп кел де күл,

Күлем десең күл.

Қорыта айтқанда, оқытуда жаңа технологияларды қолданудың ұстаздар және оқушылар үшін маңызы өте зор.

Сөзжұмбақ « Қарлығаш »

Қ

А


Р

Л

Ы

Ғ

А

Ш

1.Үй құсы

2. Құстың баласы

3. Туымыздағы құс

4. Ең кішкентай құс

5. Сөйлей алатын құс

6. Ең ұзақ жасайтын құс

7. Сұлулық символы

8. Теңіз құсы


Бала тәрбиесінде жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал мәтелдер олардың дүниетанымын, түсінігін, болжағыштығын, ұғымын кеңейтумен қатар, тілін ұстартып ойын жүйелеуге, кеңейтуге әсері мол. Мақал -мәтелдер- ой дәні, сөз мәйегі. Балалардың ақыл-есін молайтып, ой-өрісін кеңейтеді, адамгершілікке, адалдыққа, ерлікке, еңбекке, өнер-білімге тәрбиелейді.Жаңылтпаш баланың тілін ұштап, асықпай еркін сөйлеуіне көмектессе, жұмбақ -тез ойлауға , шапшаң жауап беруге үйретеді.Сондықтан мен сабақтарымда балалардың тілін дамыту үшін, осы жаңылтпаш , мақал-мәтелдер, жұмбақтарды кеңінен пайдаланамын.
Мысалы:
Жұмбақтар
1. Өзінше ноян,
Қорқақ кім... (қоян)
2. Алмастан тыным,
Шабады ... (құлын)
3. Бата алмас түлкі,
Үсті тікен ... (кірпі)
4. Айбат шегер алыстан,
Аң патшасы ... (арыстан)
*Өздерің де осы үлгіде ойын құрастырып келіңдер.
Лексикалық ойын.
Көп нүктенің орнына сан есімді қойсаң мақал толық шығады.
Білімді............... жығады, білекті............... жығады.
............ауыз сөздің тобықтай түйіні.
Мақал-мәтел жаттайық. Мағынасын түсіндір.
Әдептілік, ар -ұят - адамдықтың белгісі.
Мақал- мәтелдің соңын тап.
1. Қыз өссе елдің көркі , ……………................................
2.Досы жоқпен сырлас, досы көппен ……………………......
3. Туған жердей жер болмас, .......................................................
4. Әдепті бала арлы бала .......................................................
Кері мақалды, нақыл сөзді кім түзейді?
1. Әкесінің баласы адамның дұшпаны емес,
Адамның баласы бауырың емес.
2. Егер ісім өнсін десең, ретін тап па.
3. Мимен асқан қардан, бақпен асқан патша артық.
4. Қайғысызға жақ бол, қайғылыға сақ бол.
5. Адам баласына адам баласының бәрі- қас.
Өтілетін тақырыпқа сәйкес орнымен қолданылған анаграммалар, өтірік өлеңдер, оқушылардың ойын тереңдетеді, тілін дамытады.
Үлгерімі нашар оқушылардың дамуы мен оқуын қадағалау мониторингі.



Жеткен нәтиже :

  1. Осы шығармашылық тапсырмаларды пәндерге бейімдеп қолданудан , оқушылардың пәнге қызығушылығы артты .

  2. Оқушылардың білім сапасы көтерілді .

  3. Оқушылардың логикалық ойлауы , шығармашылық іс - әрекетке қабілеті артты .

  4. Осы жұмысты өткізу барысында бақылау нәтижесімен ата - аналар таныстырылып , оларға ақыл - кеңес берілді .

  5. Өз бетімен оқуға, жұмыстануға дағдыланады.
    7. Өз ісіне деген сенім пайда болды.
    8. Әр нәрсеге сын көзбен қарауға үйренді.
    9. Салыстыруға, қорытынды жасауға үйренді.
    10. Шығармашылық белсенділіктері артты.

Қорытынды

Заман талабына сай білім бере отырып, оқушы бойында танымдық қабілетін дамыту бүгінгі таңда ұстаз үшін үлкен жауапкершілік іс болып табылады. Бұл туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты - қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру», - деген тұжырымдамасында ашып көрсеткен.
Қоғамның осындай дарынды адамдарға деген қажеттілігін қанағаттандыру талабы білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық қабілеті зор жеке тұлғаны қалыптастыру міндетін қойып отыр. Бұл жердегі мұғалімнің міндеті: әр оқушының бойындағы бейімділікті дер кезінде көре біліп, оны дамыту.
Мен ұстаз ретінде әр оқушыны болашақ азамат ретінде бағалап, осы тұжырымдаманы өз қызметіме басшылыққа аламын. Қазіргі компьютерленген жаңа заманда әр оқушының заман талабына сай әлемдік дәрежеде білімді меңгеруі үшін қазақ тілі пәні бойынша шығармашылық қабілетін дамыту - ең басты міндетім.

Осыған орай оқушының пәнге, ғылымға деген қызығушылығын арттыру мақсатында, оқушым Жолдасбек Маржанға және басқа да дарынды оқушыларға өзіндік жұмыстар жасауды, өлең жазуды, реферат дайындауды тапсырма етіп бердім. Осындай сабақтан тыс тапсырмаларды орындауда олар тыңғылықты деректерді жинап, өлеңдер шығарып,өз бетінше ізденіп, зерттей білді.
Бүгінгі күні ХХІ ғасырдың ақпараттанған, жан-жақты мәдениетті, іскер, өмірге икемделген, бәсекеге қабілетті дарынды шәкірт тәрбиелеу барша ұстаздың міндеті

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Комышева А.В. Игровые методы обучения иностранным языкам//Қазақ тілі әдістемесі ,2008, №1, 16-17,20-21 б.
2.Сұнғатова Г.Ж.Сабақта ойын жағдаяттарын пайдалану//.Қазақ тілі әдістемесі,2008,№2, 9-11б.
3.Сұнғатова Г.Ж. Тілдерді оқыту ойын әдісі//, 2009,№3,26-29 б.
4.ҚұдайбергеноваА.М.Ойындар-коммуникативтік компетенциясын қалыптастыру құралы// Қазақ тілі әдістеме, 2009,№8. 20б,22 б.

5. Әміров Р. «Қазақ тілі» оқулығына методикалық нұсқаулық. - Алматы: Рауан. - 1990.
6. Нұржанова Ж. Қазақ тілін оқыту әдістемелерінің түрлері // Казахский язык в русской школе. - №9, 2002

7.ҚР Білім туралы Заңы. Астана. 2004 жыл.

8.Н.Назарбаев "Біздің халқымыз жаңа өмірге бейімделуі керек".//"Егемен Қазақстан". 31 мамыр. 2000 ж.

9.Бабаева Ю.Д. Динамическая теория одаренности. Основные современные концепции творчества и одаренности. М. 1997г.

10.Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. - Алматы. "Ғылым". 1988г

11.Дамыта оқыту технологиялары.Алматы 2000.Б.А.Тұрғынбаева

12.Ұстаздық шығармашылық.Алматы 2007. Б.А.Тұрғынбаева

© 2010-2022