3-сынып математикадан сабақ жоспары

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 02.09.12 реті: 2 пәні: математика

Сабақтың тақырыбы: 1000 көлеміндегі сандар нумерациясын қайталау. Ауызша қосу және азайту тәсілдері

Сабақтың мақсаты: 1000 көлеміндегі сандар нумерациясын қайталау, сандарды оқу, жазу, салыстыру дағдыларын дамыту; ауызша қосу мен азайту дардыларын бекіту; құрама есептерді шешу тәсілдерін қайталау; логикалық ойлауды дамыту.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың бұл кезеңінде психологиялық дайындық жүргізіледі. Балалар партаға бастарын қойып, көздерін жұмып, мұғалімнің сөзін қайталайды: Мен мектепте сабақтамын. Мен қазір сабақ оқуды бастаймын. Менің зейінім артып келеді. Есте сақтау қабілетім мықты. Менің миым анық ойлайды. Жұмыс істеуге дайынмын.

2. Тірек білімдерін белсендіру.

Мұғалім оқушылардан 2-сыпыпта не үйренгендерін еске түсіруді сұрайды.

- Осы оқу жылында математика сабақтарынан не үйренгілерің келеді?

- Олай болса, былтырғы оқыгандарың толық естеріңде ме,

соны тексеріп көрелік? Ол үшін бірнеше жаттығулар орындаймыз.

«Санда неше бірлік (ондық) бар?» ойын-жаттығуы.

Ойынның мақсаты: санның ондық құрамын анықтай білуге жаттықтыру.

Мұғалім екі таңбалы және үш таңбалы санды атайды, ал оқушылар карточканың көмегімен неше бірлік немесе ондық немесе жүздік екенін (мұғалім тапсырмасына қарай) көрсетеді.

«Қандай сан жоқ?» ойын-жаттығуы.

Мақсаты: сандар қатары туралы алған білімдерін бекіту; оқушылардың зейінін дамыту.

Тақтаға түсі, көлемі әртүрлі, әр бұрышқа шашыраңқы жазылған 20-дан 40-қа дейінгі сандары бар кесте ілінеді.

40

30

35

33

23

36

28

22

27

29

32

21

37

39

31

24

38

25

34

20

Көркем жазу минутына мынадай тапсырма беруге болады: 1, 2, 3 сандарын пайдаланып, 3 таңбалы сандарды жаз (123, 132, 213, 231, 321, 312). Неше сан жаздыңдар? Ең кіші санды ата. Ең үлкен сан ше? 1 ондықтары бар, 1 бірлігі бар, 3 ондығы бар сандарды ата. Барлық осы сандарда қандай ұқсастық бар? Осы сандарды қандай топтарға бөлуге болады?

Ауызша есепке 1-жаттығуды енгізуге болады. 2-жаттығу математикалық диктант түрінде жүргізіліп, соңынан тексеріледі.

3. Бекіту.

Сандарды және өрнектерді салыстыру дағдыларын бекіту үшін оқушылар 3-жаттығуды орындайды (І-баған тақтада түсінік бере отырып орындалады, ал 2-ші және 3-бағандар нұсқалар бойынша өз беттерінше орындалады).

4. Өткен материал бойынша жұмыс.

Құрама есептерді шыраруға дайындық үшін математикалық диктант түрінде бірнеше жай есептерді шешіп, тек қана жауаптарын жазуды ұсынған жөн:

  1. 3 «А» сыныбында 25 оқушы бар, ал 3 «Б» сыныбында олардан 7 оқушы артық. 3 «Б» сыныбында неше оқушы бар?

  2. Сыныпта 15 ер бала бар, ал олардан 4 қыз бала артық? Сыныпта неше қыз бала бар?

  3. Сыныпта 12 ер бала және 13 қыз бала бар. Сыныпта барлығы неше бала бар?

4) Серікболдың портфелінде 6 оқулық бар, ал Айсәуленің портфелінде одан екі оқулық кем. Айсәуледе неше оқулық бар?

5) Султан өткен оқу жылында 98 «бестік» баға алды, ал «төрттік» бағасы одан 18-ге кем. Сұлтан өткен оқу жылында неше «төрттік» баға алды?

5.Өздік жұмыс.

№4 (а) жаттығуда оқушылар мұғалімнің жетекшілігімен есептің қысқаша жазылуын құрастырады.

Ер балалар - 13 және 3

Барлығы - 25 оқушы

Қыз балалар - ?

  • Есептің сұрағына жауап беру үшін нені білу керек? Сыныпта барлығы неше ер бала бар екенін біле аламыз ба? Қандай амалмен? Сыныпта неше ер бала және барлығы неше бала барын білсек, сыныпта неше қыз бала бар екенін білуге бола ма? Қандай амалмен орындалады? Неге азайту амалымен?

Осындай жан-жақты талдаудан кейін балалар есептің шешуін өз беттерінше таба алады.

№ 4 (ә) жаттығуды балалар өз беттерінше орындайды.

№5 жаттығу есептеудің тиімді тәсілдерін дамытуға бағытталған, оны тақтада түсіндіре отырып орындауға болады.

№7 жаттығуды орындау кезінде уақыт бірліктері (сағат-минут, тәулік-сағат) арасындағы қатынасты қайталап, тәулік мезгіліне қарай уақытты дұрыс айтуға үйрету қажет.

№8 логикалық тапсырманы оқушылар ауызша орындай отырып, соңынан тексереді (бірінші фигурада 9 тіктөртбұрыш, екіншісінде - 18).

«Нумерация» тақырыбы бойынша тест жүргізуге болады:

1. 1 жүздік 7 бірлік және 5 ондығы бар санды тап.

а)175; ә) 157; б)170; в) 150

2. 8 ондықта неше бірлік бар?

а) 8; ә) 80; б) 0

3. Сандардың өсу ретіне қарай дұрыс жазылуын тап. 24, 68, 61, 63, 42, 86, 36, 16

а) 24, 16, 36, 42, 61, 63, 68, 86

ә)16, 36, 24, 42, 61, 63, 68, 86

6)16, 24, 36, 42, 61, 63, 68, 86

4. 380 және 80 сандарының айырмасын тап.

а) 460; ә) 300; б) 370

5. 600 және 6 сандарының қосындысын тан.

а)66; ә)594; б)606

6. 1 санын алу үшін 700-ден қай санды азайту керек? а)701; ә)699; б)70

7. Азайғыш 840, азайтқыш 1. Айырманың мәнін тап.

а) 839; ә) 850; б) 841

8. Санау кезінде 899-дан кейін қай сан тұрады?

а) 888; ә) 900; б) 901

9. Мына сандардан 3-ке аяқталатын ең кіші екі таңбалы санды тап.

а) 23; ә) 33; б) 11

10. Теңдік пен теңсіздік тура болу үшін бос жақшаларға қандай
сандар қою керек:

() + 10 = 19 99-()=90 30 + ()>38

а) 9; 2) 90; б) 19

6. Сабақты қорытындылау.

№6 тапсырманы үй жұмысы ретінде беріп, №8 тапсырмаға ұқсас есеп құрастыруға болады. Мұғалім оқушылардан сұрақтарға жауап беруді сұрайды:

- Сабақтың мақсаты қандай болды?

- Сабақтағы тапсырмаларды орындай отырып, біз мақсатымызға жеттік деп айта аламыз ба?

-Сабақта не ұнады?

- Сабақта қандай тапсырма қиын болды?

- Қандай тапсырма жеңіл болды?

- Бүгінгі сабақта орындаған тапсырмаларына баға бер.

Рефлексия кезеңі:

Сабақ ұнады ма?, ұнаса несімен? - деген сауалнамаға жауап аламын.


© 2010-2022