Поурочный план на тему Суйикти ертегилеримиздин кейипкерлери (1 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері» Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға өздері сүйіп оқитын ертегі кейіпкерлері туралы әңгімелеу және шығармашылық тапсырмалар орындау арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;

2. Өз ойын нақты, жүйелі жеткізуге дағдыландыру;

3. Адамгершілікке баулу.

Сабақтың түрі: аралас

Құрал-жабдықтар: проектор, слайд, видеоматериал, суреттер, кеспелер

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Қазір бәріміз «Шаттық шеңберін» құрайық.

- Арайлап атқан таңмен бірге бір-бірімізге қайырлы күн тілейік!

Қуан, шаттан,

Қуан, шаттан,

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң,

Қайырлы күн,

Күліп шықты күн бүгін!

  • Балалар, менің сендерге сұрағым бар. Сендер ертегілерді ұнатасыңдар ма? (иә)
  • Неліктен ұнатасыңдар?
  • Қандай ертегі кейіпкерлерін ұнатасыңдар?(Бауырсақ, мақтақыз бен мысық, жеті лақ т.б.)
  • Олай болса, балалар, бүгінгі үйірме сабағымызда біз сүйікті ертегі кейіпкерлері туралы әңгімелейміз, кейіпкердің орнында болып көреміз, олар туралы жұмбақтар құрастырамыз.
  • Сендер дайынсыңдар ма? (иә)
  • Қазір сендер мына ертегілердің атауын таңдап сол бойынша топқа бөлініңдер.

ІІ. Топқа бөліну.

«Бауырсақ», «Мақтақыз бен мысық», «Қызыл телпек», «Алдаркөсе»

6 -слайд

Топпен жұмыс ережесін еске түсіру. 7- слайд

ІІІ. Шығармашылық тапсырмалар. Ертегіні балалар ғана емес, сонымен бірге ересектер де жақсы көреді. Ертегі - жақсылық жамандықты жеңіп, соңы жақсылықпен аяқталатын ойдан шығарылған хикая.

  • Балалар, қазір біз «Мына суреттер қай ертегіден алынғанын?» тауып көрейік. 8, 9-слайд
  • Жарайсыңдар! Ал енді мына кейіпкерлер қай ертегіден алынған есімізге түсіріп көрейікші! 10 - слайд
  • Балалар, мына тірек сөздер бізге қандай ертегіні еске түсіреді? Ойланайық! 11- слайд

ІҮ. Сергіту сәті. Видео. Ү. Топпен жұмыс. І топ. Қазір сендер өздерің ұнататын ертегі кейіпкерлерін жасырып, жұмбақ құрастыруларың қажет. Оны жаныңда отырған досыңа жасырасың. Мысалы, Қандай? Не істейді? Осындай тағы не(кім) бар? Көмекші сөздер Қу Алдайды Алдар көсе емес еңбекқор Шағады Ат емес


ІІ топ. Келесі орындайтын тапсырмамыз «Образға кіру» деп аталады. Бір топқа бір ертегі кейіпкерінің суретін беремін, топ мүшелерінің бірі сол кейіпкердің орнына өзін қойып, кейіпкерді сомдап шығуы керек. Мысалы, қоян түссе, «Мен - қоянмын. Мен әдемімін. Бірақ қорқақпын, әсіресе қасқырдан қорқамын.» т.б. ІІІ топ. Топ бойынша берілген ертегі иллюстрацияларынан постер дайындау, қорғау. ІҮ топ. Ертегілер туралы ән айту. ҮІ. Топтастыру. Жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді ажырату. ҮІІІ. Қорытынды. Балалар, бүгін біз сендер сүйіп оқитын ертегілердің кейіпкерлері туралы әңгімеледік, кейіпкерлердің орнында болып көрдік, олар туралы жұмбақтар құрастырдық.

-Қандай кейіпкер болған жақсы екен?

Кері байланыс. Сендерге сабақ ұнады ма?Несімен ұнады? (бас бармағымен көрсетеді)



© 2010-2022