Ажарлы сұлу ғажап тым!

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ажарлы сұлу ғажап тым-

Қыздары қандай қазақтың!

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Бірлестік орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі Сеитова Баршин Жылкайдаровна Сабақтың мақсаты. Оқушыларға 8 Наурыз туралы түсінік беру. Қыздарымызды ана тілінде сөйлей білуге үйрету. Ұлттық салт- дәстүрімізді, өнерді оқушы қыздардың бойына сіңіру. Халқын сүйе білуге үйрету. Сабақтың шарты. Ұлттық киідерінің болуы. Ұлттық салт - дәстүрді білу. Ұлттық ою түрлерін білу, әнін, күйін, биін білу. Мақал - мәтел , жаңылпаштар білу. Түрлі ұлттық ойындарды білу. «Қыз сынын» жүргізу. І жүргізуші. Бар табиғат еміреніп, жан- жануар , жапан дала жаңғыра бастағанда олармен бірге жарысып, олармен бірге жасарып, олармен бірге қуанған адамзат баласы да Ұлыстың Ұлы күнін ақ жарқын мерекеге айналдырған, оны барша ағайын туыс, дос - жаран, айналаның бәрі құшақ жая қарсы алып, төс түйістіріп, қол қусырып мәз -мейрам болысқан. Көктемнің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс - тіршілігі табиғат анамен тығыз байланысқан, зерделі ел Жыл басы - Наурыз құтты болсын, халайық! Заманымыз тыныш болсын! Ақ мол болсын!
ІІ жүргізуші. «Кішкентай арулар» сайысына қатысып отырған аруларымыздың жолдары ақ болсын, жүлделі орынға ие болсын деп, Ажарлы сұлу ғажап тым, қыздары қандай қазақтың! атты байқауымызды ашық деп жариялаймыз, «Жігітке жеті өнер де аз» дегендей қыздарымыз қырық өнерлі болсын дейміз. Олай болса сәттілік тілеп, қыздарымызды ортаға шақырайық. Таныстыру. 1. Қорғасындай мінезі бар салмақты. Бар жұмыстың жайын білер жан - жақты. Аз сөйлеп - ақ кқптеген іс тындырып, Анар қыз сыныбында ардақты 2. Көңілінде шуағы бар көктемнің Меруерттен естімейсің өктем үн Көкірегінде көзі барлар біледі, Меруерттің инабатты екенін. 3. Еңбек сүйгіш, ерінгенге жаны қас, Бір жұмысты екі істеп сабылмас. Ашық қабық, торсық шеке, томпақ бет, Рыскүлдей ер жүрек қыз табылмас. 4.Жанарынан жастық оты шашырап, Гүлге оранып кеткендей ме атырап, Жұмыс қалай жүріп барлығын Айнұр қыз отырады бақылап. 5.Байқауымызды бастамас бұрын, біздің байқауымызға төрелік етуші әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар. 6. Той да бүгін, күңіл шіркін тасиды, Той деп бүгін халқым шашу шашады. Ауылымызда, бүгін болар сайыстың Сөре жүйрік, жыршы бетін ашады, дей отырып, ән «Тойға шашу» 7. Ақыл - көрік бойларына жетеді, Әлі талай сынақтардан өтеді. Мына отырған баршаңызды өзімен Тез арада таныстырып өтеді. 8. Кішкентай арулар келіп жетті танысуға. Бойындағы бар дарынды дарытуға Қорықпастан сахнаға келіп жетті Әдеппен, ізетпен танысуға, дей келе «Қыз өссе елдің көркі» тақырыбы негізінде қыздарымыз өздерін таныстырып өтсін І бөлім. Өзін таныстыру. ( Қыздарымыз кезектесіп ортада өздерін таныстыру). ІІ бөлім. Білім деген байлық бар, Еш байлық оған жетпейді, Жасында оқып, жинап ал. Тепкілесең кетпейді, Өртіңе ол күймейді, Ұрылар оған тимейді, Жатып ішер жамбастап, Жалқауды ол сүймейді. Білім жайлы ойларын жинақтап, тексеру мақсатында бірнеше сұрақтарға жауап алынады. ІІІ бөлім. Шашақ жасау . Зәуреш тыным таппайды, Ине жіпке үйір - ақ, Анасы көп мақтайды Маңдайынан сүйіп ап Мәз боламыз бәріміз. Зәуреш біздің шебер деп, Күтіп жүрміз бәріміз Көйлек тігіп берер деп. Ендеше қыздарымыз үйден дайындап әкелген жіптерінен шашақ жасап, қазылар алқасына тапсырады. Ән «Анашым» ІV бөлім. Көркем өнер - жас бөбек, Сүйкімді болар баптаса Тортасын алған бал қаймақ, Бойына сылау жақпаса, Үлпілдеген қызыл шоқ. Басына үкі тақпаса, дей келе қыздарымыздың өнерін тамашалайық. Қазақ жұрты киелі, Өнерліні сүйеді, Сізді сонша аңсап ел, Би билеп, ән салып бер, -дей келе қыздарымыз өнерлерін көрсетіп өтті. V бөлім. Дайын ою - өрнектен қиып, құрақ көрпе жасайды. «Қол өнері -кілемде, сөз өнері -өлеңде » дегендей, кілемдерде, ұлттық киімдерде көп кездесетін, қазақ ұлтының ерекшеліктерін айшықтайтын белгіміз ою - өрнек. Олай болса, келесі бөлімнің шарты: Ою- өрнек қиып, әр түрлі параққа жапсырады. Мұнда қыздарымыз ептілігін, талғамын байқатады. «Ата көрген оқ жонар, Ана көрген тон пішер» демекші қыздарымыз ою - өрнектен де ненде емес сияқты. VІ бөлім. Ой толғаныс. Таза, мінсіз асыл тас, Су түбінде жатады Таза , мінсіз асыл сөз Ой түбінде жатады. Су түбінде жатқан тас Жел толқытса шығады Ой түбінде жатқан сөз Шер толқытса шығады, дегендей қыздарымыз 8 Наурыз аналар мерекесіне арнайы бес- алты сөйлемнен немесе төрт жолдан тұратын «Ана » деген тақырыпта ой толғаныстарын жазып, оқу. Ән «Қыздар» VІІ бөлім. Үй жұмысы. Кедеймін деп қысылма, Өнерің болса қолыңда Өнерлінің ырысы Жарқырап тұрар бойында Келесі сайыс - үй жұмысы. Бұл бөлімде үйден дайындап тігіп немесе жапсырып әкелген бұйымдарын қазылар алқасына тапсырып, қорғау. Шеберлерім өнер тамып қолынан, Жаңылмаған ата - баға жолынан, Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін, Біз айтайық төрелігін соңынан, дей келе қыздарымыз өз қолдарынан жасаған бұйымдарын қорғап өтті. VІІІ бөлім. Салт - дәстүр. Мақал- мәтел сайысы. « Қылышынан қан тамған батырды, тілінен бал тамған ақын өлтіреді» - демекші, «Мақал - сөздің мәйегі » деп атам қазақ айтқандай, сөз атасы- мақал айтып жарысайық. «Мақал айтсаң - жол көрсеттің. Мәтел айтсаң - жанымды жайландырдың » деп қыздарымызға кезек берейік. ІХ бөлім. Қорытынды бөлім. Кімдер жүйрік , өнерпаз білейікші, Аруы деп сыныбымның жүрейікші, Қазыларға тек қана әділдікті, Ал қыздарға сәттілік тілейікші, «Жүзден - жүйрік »өнерімен, «Мыңнан - тұлпар » шықсыншы. Құрметті өнер сүйер қауым. Өздеріңізбен бірге қызықтап, өнерлерін тамашалаған қыздарымыздың сайысы да аяқталды. 90 ауыз сөздің тобықтай түйініне тірелер болсақ, « Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда » демекші, бүгінгі байқауымыздың жеңімпазын анықтау үшін сарапшылар алқасына сөз береміз. Бүгін аруларымыз «Ажарлы сұлу ғажап тым, қыздары қандай қазақтың» байқауында тамаша өнер көрсетіп, әрқайсы өз білім, өнерлеріне сәйкес мақтау қағаздарымен марапатталды. Әрқашан сыналған шақта, қадамдарына нұр жаусын дейм

Солтүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданы

Бірлестік селосы.







«Нағыз қазақ жігіті» байқауы.



Б.Сеитова.

Бастауыш сынып мұғалімі

Мақсаты:

1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.

2. Әр баланың бойындағы қабілеттерін: ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.

3. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: «Нағыз қазақ жігіті » тақырыбы, мақал - мәтелдер, байқауға қажетті құрал - жабдықтар, музыкалық аппаратура және т.б.

Байқауға қатысатындар: 4 - сынып ұлдары.

Байқаудың қонақтары: мектеп әкімшілігі, оқушылар.

Ұйымдастыру кезеңі.

1 жүргізуші.

Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгін бізде «Нағыз қазақ жігіті» атты бойына өршіл рухы бар, парасатты жігіттер байқауы өтпекші.

2 жүргізуші.

Нағыз кәусар жігітті,

Нағыз қайсар жігітті,

Нағыз бұлбұл жігітті

Анықтайтын кез келді!

1 жүргізуші.

Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық.

Ата жолын жалғамақ

Ел дәстүрін қолдамақ

Ел намысын қорғамақ,

Ұлдар шықсын ортаға,

Бүгін сұлтан атанбақ! - дей отырып, ортаға «Нағыз қазақ жігіті» байқауына қатысушы сайыпқырандарымызды шақырайық! Қарсы алыңыздар!

2 жүргізуші.

Байқауға қатысушысайыпқырандардың ақыл - парасаты мен өнеріне, қайраты мен күшіне баға беруші қазылар алқасы мен таныс болыңыздар!

1 жүргізуші.

Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,

Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат,

Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік

Ер табылса, жарайды қылса сұхбат, дей отырып, байқауымызды әдемі бір әнмен бастайық.

«Тойға шашу» әнін қабыл алыңыздар.

Рыскүл

Мылтығың түзу болсын өзі сырлы,

Сүйменді оғы болсын алты қырлы.

Қолыңда қызыл темір қалың ауыз,

Алысы мен талғамас жақын жерді.

Меруерт

Жігітке мықты дәулет амандығы.

Қанағат барға етпес надандығы.

Шарт жұмып жүргенменен екі көзін,

Көрінер қалайынша адамдығы.

2 жүргізуші.

Қайсысы әнші,кім биші,

Талабына қарайық,

Кімдер зерек, кім жылдам,

Таланттарын табайық!

1 жүргізуші.

Өнер қуып жігіттер өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін,

Бәске түскен жігіттер кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтер деймін.

Айнұр

Ақыл көрік бойларына жетеді.

Әлі талай сынақтардан өтеді,

Мына отырған баршаңызды өзімен

Тез арада таныстырып өтеді.

І бөлім. «Мен атаның ұлымын» тақырыбы негізінде өзін таныстыру.

2 жүргізуші.

Таныс болдық жігіттер тегіменен,

Туып өскен мекені, еліменен

Ұлдарымыздың бәрі ақын көрінеді,

Таныстырып кетті ғой төгіп өлең.

1 жүргізуші.

Қазылар алқасынан осы бөлім бойынша сайыскерлеріміздің бағасын сұраймыз.

ІІ бөлім. «Жүйрік болсаң шауып көр» бірнеше сұрақтарға кезектесіп жауап беру, дұрыс жауапқа 10 балдан.

2..Қазылар алқасынан осы бөлімнің бағасын сұраймыз?

Кедеймін деп қысылма,

Өнерің болса қолыңда.

Өнерлінің ырысы,

Жарқырап тұрар бойында.

Келесі сайыс «Үй жұмысы»Бұл бөлімде үйден дайындап ,өрнектеліп,әшекейленген бұйымдарын қазылар алқасына ұсынып, жасаған заттарын қорғау.

Сөз кезегі қазылар алқасында.

Парасатты ер жігіт,

Ақылымен әр іс біледі

Өнерің барда жігіттер,

Тоқталып сірә, іркілме,

Жұрт қарасын қызығып,

«Бәрекелді» деп шіркінге,- дей отырып сайысымыздың «Жігітке 7 өнер аз,70 өнер көп емес» бөлімін бастаймыз.(

2 жүргізуші.Бұл бөлімде қазақтың дәстүрлі әнін,күйін, биін орындайды немесе бір шығарманы мәнерлеп оқиды.

1 ж .Құлақтан кіріп, бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй, деп Абай атамыз айттқандай кезекті өнерлілерімізге берейік.

Кезек қазылар арқасында.

«Ақылына білімі сай» деп аталатын бөлімде мақал мәтел сайысы.

«Қылышынан қан тамған батырды,тілінен бал тамған ақын өлтіреді» демекші,тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін бір ауыз сөзбен жеткізіп, жүйелі ойыңды білдіресің.»Мақал сөздің мәйегі» деп атамыз қазақ айтқандай, сөз атасы мақал айтып жарысайық.

2 ж. Ей, ер жігіт,ер жігіт,

Ей, өр жігіт, өр жігіт,

Атыңа ерік бер, жігіт.

Біліміңді көрсет, ер жігіт дей келе сайысымыздың шарты мақалдың жалғасын табу;

Мысалы:Түстік өмірің болса,...............................

Кезек қазылар алқасында.

Туған соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ.

Ел дәстүрін білмесең

Жұрт айтады надан деп,

Ата бабаң ардақты

Жамандыққа бармапты

Ардай тұтып үлкенді

Ата жолын жалғапты.

Бауырласқан тәніміз

Бұзылмасын антымыз,

Кең даланың ежелгі

Қазақ дейтін халқымыз,

Өзге ұлттай біздің де,

Бар дәстүр мен салтымыз.

«Салт дәстүріңді білесің бе?» атты бөлімді бастайық.Толық жауапқа 30 балл.

Толық емес жауапқа 10 балл.

(Асық таңдайды № 1,2,3,4,...............16)

Мысалы;Сүйінші.Шашу.Сыбаға.Ерулік.Қалау.т.б.

Ән: Әкешім

Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,

Сұлтаны деп сыныбымның жүрейікші,

Қазыларға тек қана әділдікті,

Ал жігіттерге сәттілік тілейікші.

«Жүзден жүйрік» күшімен

«Мыңнан тұлпар » шықсыншы.

Қорытынды бөлім.

1 ж. Құрметті өнер сүйер қауым. Өздеріңізбен бірге қызықтап, өнерлерін тамашалаған жігіттеріміздің сайысы да аяқталды. 90 ауыз сөздің тобықтай түйініне тірелер болсақ, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, бүгінгі байқауымыздың жеңімпазын анықтау үшін сарапшылар алқасына сөз береміз.

2ж. Оқушылардың ұпай саны белгіленіп, өз ерекшеліктеріне орай «Өнерлі жігіт», «Білімді жігіт», «Шебер жігіт», «дарынды жігіт», «Шапшаң жігіт», «Салмақты шымыр жігіт», «Нағыз қазақ жігіті» атағымен марапатталады.

Көріп, тамашалағандарыңызға рақмет. Еліміздің, Нағыз қазақ жігіттері көбейе берсін!

Бүгінгі сұлтандарымыздың, Нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз. Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын!





Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Бірлестік селосы.





© 2010-2022