Урок на тему разработки

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Я әрпінің жазылуы.

Сабақтың мақсаты: Я әрпінің жазылуымен таныстыру. й+а=я.

Сабақтың көрнекілігі: Я әрпіне байланысты кесте.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Үй тапсырмасын қайталау.

А) И әрпінің жазылуы, мысалдар келтіру, талдау. И - дауысты.

Б) й әрпінің жазылуы, мысалдар келтіру, талдау. Й - дауыссыз.

3. Жаңа сабақ.

А) Кесте арқылы жұмыс.

Б) Кітаппен жұмыс.

94- жаттығу. Топқа жатпайтын сөзді тауып жаз.

Қоян. 5 дыбыс, 4әріп. й+а=я

95 - жаттығу. Жұмбақты жазу, шешуін табу.

Тал басында түндіксіз отау. (Ұя)

Сөзде йа дыбысы естілгенімен, жазуда олардың орнына яәрпі жазылады.: мая, сая, таяқ.

Сергіту сәтін жүргізу. Тұп -тұнық таза суда

Балық жүзіп ойнауда

Біресе керіледі,біресе созылады.

Бірде құмға тығылады.

96- жаттығу. Мақалды жатқа жазу.

Әдептілік ар- ұят-

Адамдықтың белгісі.

97- жаттығу. Ребусты шешу.

Тақия, қария сөздерінен сөйлем құрап жазу.

Қорытынды.

Үйге тапсырма: 98-жаттығу. 3 -бет.

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Я әрпінің жазылуы.

Сабақтың мақсаты: Я әрпінің жазылуына жаттығу. Оқушыларды әдемі, таза , қатесіз жазуға дағдыландыру. Достарын, сыныптастарын сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Я әрпінің кестесі.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үй тапсырмасын тексеру.

  3. Я әрпіне жаттығу.

99 - жаттығу. Таяу, жедел жәрдем, ұялы телефон сөздерін пайдаланып жағдаяттан шығып көр.

100 - жаттығу. Өлеңді көшіру, я әрпі бар сөздің астын сыз.

Менің інім - Бақтияр,

Болса өзінде ықтияр,

Қызыл қарбыз тұрғанда,

Жемес еді көк қияр.

Сөздегі и әрпінен соң а жазылмайды, я жазылады: мия, тақия, Ғалия.

Сергіту сәтін жүргізу.

101 - жаттығу. Мақалды жатқа жазу.

Адалдан зиян жоқ,

Арамда иман жоқ.

102 - жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жаз.

Пияз, Ұрқия, сия, Дария, Қария, зиян.

Қорытынды. Я дыбысының жазылуын түсіндір.

Үйге тапсырма: 103 - жаттығу. 35 - бет.

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Ю әрпінің жазылуы.

Сабақтың мақсаты: Ю әрпінің жазылуымен таныстыру.Оқушыларды ю әрпі бар сөздерді қатесіз жазуға дағдыландыру.

Сабақтың көрнекілігі: Ю әрпіне арналған кесте.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үй тапсырмасын тексеру.

а) Я әрпінің жазылуы.

б) Мысалдар келтіру, талдау.

3. Жаңа сабақ.

а) Кесте арқылы түсіндіру талдау.

б) Кітаппен жұмыс.

110- жаттығу. Екі суреттің атына ортақ әріпті табу. Аю - ою

111- жаттығу. Өтірік өлеңді көшіріп жазу. Қарамен жазылған сөздердің астын сызу.

Ұлу озды елікпен жарысқанда, Тышқан жеңді аюмен алысқанда.

в) Кестемен жұмыс.

Сөзде йу дыбыстары естілгенімен, жазуда олардың орнына ю әрпі жазылады. й+у=ю : көркею, жию, ою, аю, тою, азаю.

112- жаттығу. Өлеңді жатқа жазу.

Тәтті балға тоюды Ойлап аю, Омартаны ториды.

113- жаттығу. Сөздерге у дыбысын қосу, өзгертіп жазу.

Күшею, азаю, молаю, тою, көркею, тыңаю.

Ю әрпі ймен у дыбыстарының орнына жұмсалған.

Қорытынды.

Үйге тапсырма: 114- жаттығу, 38 бет.



© 2010-2022