Әдебиеттік оқу Алтын балық Жолтай Әлмашұлы /4 сынып/

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әдебиеттік оқу

№ 65

Тақырыбы: Алтын балық. Жолтай Әлмашев.

Мақсаты:

әңгіме мазмұнын түсіндіре отырып, баланың арманы мен қиялына баға беруге үйрету: жазушының астарлы, айшықты сөздеріне баланың назарын аудара отырып, көркем сөздің адам ойын дәл жеткізудегі рөлін айқындау, сөздің құдіреттілігіне, әсерлілігіне көзін жеткізу;

адамгершілікке, ізгілікке баулу.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Адамның күлкісі - әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1. Әңгімені толық әңгімелету.

2. Бала не болуды армандады? Ол бір күні не тауып алды? Торғайға айналып кетуіне кім көмектесті? Торғай болып жүрген кезінде қандай қиындықтарды бастан кешірді?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Қалай ойлайсың, торғай болған жақсы ма? Сенің кімге айналып кеткің келеді? Неге?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:

1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2. Жаңа сабаққа даярлық. Сөзжұмбақ шешу арқылы баланың қызығушылығын арттыру. Мысалы: ТА(..) ЛЫҚ жауабы: БАЛЫҚ. Бірінші сөз - «таба», екінші сөз - «балық» Жақша ішіндегі нүктелер саны әріп санымен сәйкес келеді. Ү. Жаңа сабақ:

1. кіріспе. - Балалар, неліктен бұл әңгіме «Алтын балық» деп аталады? Кім қалай ойлайды? - Алтын балық туралы ертегі немесе мультфильм көргендерің бар ма? Онда не туралы айтылады? - Жалпы ертегіде алтын балық адамның тілегін орындайды. Ал бұл ертегі емес, әңгіме. Ал алтын балықтың бұл әңгімеге қандай қатысы бар екенін оқып көрелік.

2. Оқулықпен жұмыс. Іштей оқу. Тізбектей оқу. Әңгімедегі басты кейіпкер кім? Шөкі қандай бала деп ойлайсың? Ойыңды дәлелде.

Сөздік жұмыс. Дерт - ауру. Шетінеді - қайтыс болды. Төсек тартып ауыру - төсектен тұра алмай ауырып жату. Қолы жеңіл дәрігер - білгір дәрігер. Қуанышы қойнына сыймай - қатты қуанып. Сабасына түсті - көңілі орнына түсті. ҮІ.Түсінгендерін тексеру:

1. Бала шешесінен А.С.Пушкиннің қандай ертегісін көп тыңдайтын еді? Шөкінің арманы не еді? Баланың атын неліктен Шөкі қойған? «Тіл тию» дегенді қалай түсінесің? Шөкі қармағына түскен балықтан қандай тілек тіледі?

2. Баланың атын «Шөкі» деп қою себебі жазылған жерді тауып оқы.3.Шөкінің «Алтын балыққа» айтқан сөзін тауып оқы.

ҮІІ. Қорыту. Баланың тілегі орындалды ма? (Баланың ойын жинақтау, жазбаша ойын жинақтау, шығармашылық ойлауын дамыту мақсатында № 3 тапсырманы орындау). Егер сен «Алтын балық» ұстап алсаң, не тілер едің? Тілегің болса, оны дәптеріңе былайша жаз: «Қымбатты, су патшасы ...»

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, сурет салу. 2. Бағалау.



© 2010-2022