Сауат ашу 1-сынып Г дыбысы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Г г дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Г дыбысы және әрпімен таныстыра отырып, сауатты жазуға, дыбыстық талдау жасауға үйрету. Ауызша, жазбаша байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.

Оқушылардың тілін, шығармашылық қасиеттерін дамыту, әдемі, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.

Оқу, жазу, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту. Әдемілікке, сыпайылыққа,таза, көркем жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Г әрпі, суреттер, кеспе әріптер, жұмбақтар

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі: Оқу құралдарын түгендеу

Психологиялық сәт: Үлкендерге сіз,

Кішілерге сіз,

Сәлемберіп құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Балалар, біз «Әліппе» әлеміне күннен - күнге терең бойлап келеміз. Әліппе бізге сан қилы әріптер мен дыбыстардың құпиясын ашады. Ендеше сабағымызды «Әліппе» өлеңінен бастайық.

Іші толы әріпке,

Жақсы кітап Әліппе.

Әліппені аламыз,

Мектепке біз барамыз.

Есте мықты сақтаймыз,

Ұмытпаймыз бәрін де,

Атын, затын, түрінде.

Балалар, сендер өлеңді жақсы айттыңдар, сол үшін мен сендерге гүл беремін. Бұл жай ғана гүл емес, сиқырлы гүл, оның жапырағында әріптер жазулы тұр. Сол әріптердің қандай дыбыс және сол әріпке сөздер айту. Дыбыстық талдау жасау.

А,О,Р,Л,Ш,С,У,Д,Т,М,Н,Ң,Ғ,Ж,І,Ә,Ө,Қ,К,Е,Б,И,Й

Балалар, әріптерді жақсы меңгеріп келесіндер.

Үй тапсырмасын сұрау.Сұрақтар қою арқылы

Дыбыстар нешеге бөлінеді?

Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?

Біз өткен сабақта қандай әріппен таныстық?

Ү әрпі қандай дыбыс?

Ү әрпіне қандай сөздер білесіңдер?

Өткен сабақтағы өлеңді жатқа айту.

«Кім кінәлі?» өлеңі.

Өлеі мазмұнымен жұмыс.

Өлеңдегі балалардың атын ата.

Кінәлі кім? Елемес

Елеместің әрекеті дұрыс па?

Өткен сабақты қорытындылау.

Тақтаға сөздер жазғызу

Буыннан сөздер құрау ойыны.

Үйрек,үйлер,үйеңкі, үкі, үтік, үміт

Жаңа сабақ.

Жұмбақтар шешу:

«Егіз» десек - екінші,

«Сегіз»- десек - үшінші,

Бұл немене, балалар,

Өзің қарап түсінші? Г әрпі

Аналарға сыйлайтын,

Аралар бал жинайтын.

Бұл қайсы әріп екенін,

Узуге адам қимайтын? Гүл

Балалар, бізге таныс емес қандай дыбысты естіп тұрсыңдар?

«Гүл» сөзіне дыбыстық талдау

Гүл -3 әріп, 3 дыбыс, 1 дауысты, 2 дауыссыз.

Есік қағылып, күнделікті газет- журнал әкелінеді. «Ұлан» газетімен таныстыру. Газетте балаларға арналған өлең, әңгіме, ертегі, сөзжұмбақтар, балалардың жазған шығармалары жарияланған. Сендерде болашақта «Ұлан» газетіне жазылып сүйіп оқитын боласыңдар.

Газет сөзін буынға бөлу. Га- зет, бірінші буынды бөлек айтқызу -га. Г дыбысымен таныстыру, хормен айтқызу:

Г дыбысы дауыссыз дыбыс: Өздігінен буын құрай алмайды. Ғ дыбысына ұқсас.

Ғ дыбысы жуан, ал Г дыбысы жіңішке естіледі.

Оқулықпен жұмыс

«Гүл» сөзіне дыбыстық, буындық талдау жасату, сөйлем құрау.

Бағандағы сөздерді оқу, мағынасын ашу:

Сөздік жұмыс:

Егін - бидай егілген алқап

Егіз - Бір сәтте, бір уақытта туылған екі бала

Егеу-еңбек құралы

Кереге- киіз үйдің бөлшегі

Бетеге-шөп

Шенгел-һсімдік

Мезгіл-уақыт жыл мезгілдері күз, қыс, көктем, жаз

Н. Баймұхамедовтың «Ақ көгершін» әнін оқып беру, оқушыларға тізбектей оқыту.

Өлеңге А. Жұбанов ән жазғандығы туралы, көгершін құсының ерекшелігіне тоқталу. Әнін тыңдатып, музыкамен айту.

Жазу жалындағы сөйлемді, сөздерді оқыту.

Сергіту сәт

Көлбең-көлбең көбелек,

Көбелек қалай ұшады?

Көлбең-көлбең көбелек,

Қоян қалай секіріді?

Көлбең- көлбең көбелек,

Аю қалай жүреді?

Дәптермен жұмыс. Партада дұрыс отыру, жазу ережелерін еске түсіру

Әріп таңбасын тақтада жазып көрсету. Ауада жазу.

«Буыннан сөз құра» ойыны.

Гүл-----сім, Гүл----жан, Гүл----ай,Гүл----ден т,б

«Сөзден сөйлем құра ойыны»

Аты не? - Гүл «Гүл суреті» тақтаға іліп қою

Саны нешеу?- Бір

Түсі қандай?- Қызыл

Қимылы қайтті?-Өсті

--Бір қызыл гүл өсті.

Сабақты қорытындылау.

-Қандай дыбыспен таныстық?

Г дыбысы қандай дыбыс?

Бағалау.

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап, мадақтау

© 2010-2022