Шегіртке мен құмырсқа 3 сынып әдебиеттік оқу

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Әдебиеттік оқу

Тақырбы: Шегіртке мен құмырсқа.

Сабақтың мақсаты: Оқушының алдағы күнді болжай білуге және өзгенің

ойын тыңдап, сұрақты жүйелі дұрыс қоюға, өз ойын

еркін жеткізе алуына ықпал ету.

Сабақта: «Өзара оқыту», интериактивтік құрылғыларды пайдалану,Суреттер салу

Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушыларды сабаққа даярлау

2.Бағалау парақтарын беру,түсіндіру

Сабақ барысы

Үй тапсырмасы

«Күзгі орман» суретін көрсету

Үй тапсырмасын қорытындылау:

1.Сөзжұмбақ «Күз»

2. «Күзгі орман» альбом

І.Қызығушылықты ояту.

Балалар, мен сендерге қазір қызық жұмбақ жасырайын. Қане, шешіп көріңдер.

Ат басты,

Арқар мүйізді,

Бөрі кеуделі,

Бөкен санды.

(Шегіртке)

Ине бел, қылқа мойын,қара батыр,

Қара тауды арқалап бара жатыр.

(Құмырсқа)

-Сонымен балалар бүгінгі сабақ қандай?

-Ендеше, балар, бүгінгі сабағымызды біз И.Крыловтан аударылған «Шегіртке мен Құмырсқа» мысалын оқимыз.

ІІ.Мағынаны тану.

1.Мысал деген не?

«Мысал дегеніміз өмірде болған немесе адамның бойындағы жағымсыз қасиеттерді ,жақсы қасиеттерді басқа заттарға немесе жануарларға теңеу арқылы айтылатын мәтін»

Аудармашымен таныстыру

Автормен таныстыру

Мысалдың бірінші бөлімін оқыдым.

Міне, жаздан соң, қандай мезгіл келеді?

Балалар, әрі қарай шегіртке қандай күйде болады?

(Балалармен келесі бөлімді болжау)

Енді, келесі бөлімді сыныптағы жақсы оқитын оқушы оқыды.

Шегіртке неліктен құмырсқаны іздеп келді?

Оқиға әрі қарай қалай жалғасты деп ойлайсындар?

(Балалармен келесі бөлімді болжау)

Келесі бөлімді тағы бір оқушы жалғастырды.

Құмырсқа шегіркеге көмек берді ме?

- Енді оқушылар мысалды іштерінен бір рет оқып шықты. Екі рет оқушыға рөлмен оқыту.

Сергіту сәті

Бұғының үлкен үйі бар,

Терезеден қарайды.

Тук,тук,тук,

Есік аш,

Қасқыр келсе,мықтап қаш,

Қап,қап,қап,

Қабағыңды жап.

Сабақты қорытындылау:

Тақтаға жазу.

Жағымды қасиеттер: Жағымсыз қасиеттер

ІІІ.Ой толғаныс.

1.Бірінші топ өз ойларымен сурет салды.

2. Екінші топ шегіртке мен құмырсқаны «Венн диаграммасы» арқылы салыстырды.

Шегіртке Құмырсқа

Еңбекқор тынбай жұмыс істейді, илеуі бар

Шырылдауық,сауықшыл, сорлы, еріншек, үй-жайы жоқ

Екеуі де жәндік шөпте жүреді.

ой толғауды тексеру.

Бағалау парақтарын жинап алу:

Үйге тапсырма: Мысалды дауыс ырғағымен оқып келу.

Мысалды қалай аяқтар едің? Жазып кел.

© 2010-2022