• Преподавателю
  • Начальные классы
  • Конспект урока для начальных классов Ойындар мен жаттығулар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары

Конспект урока для начальных классов Ойындар мен жаттығулар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жалпы білім беретін Т.Жароков атындағы орта мектебі












Баяндама тақырыбы:

Ойындар мен жаттығулар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары

(тамыз маслихатында оқылатын баяндама)














Оқыған: Жакина Жаңылсын Ануарқызы





2013/2014 оқу жылы
Қазіргі таңда жапондық тәрбие деген ұғым кеңінен таралған. Жапондықтар«егер балаңыз терезені сындырып тастаса, ашуыңызды көретіп, баланы жазаға тарпаңыз. Істі сол күйінде қалдырыңыз. Түнде салқын түскенде, дауыл көтеріліп, үйге шаң кіргенде бала терезенің қаншалықты қажеттігін түсінеді, бастысы, өзінің тентектігін саналы түрде ұғынады» дейді. Және «Дарынсыз адам болмайды. Кез келген бала жаратылысында барлық қабілеттерге ие болады. Кез келген істі, қандай ма мамандықты орташа деңгейде меңгеруге бейім болады. Ал сол баланың тумысынан бар қабілеттерді дамыту ата-анасы мен ұстаздарының міндеті» дейді. Баланың тұлға ретінде қалыптасуында шығармашылық қабілет маңызды саналады. Ал сол шығармашылық қабілет деген не? Шығармашылық қабілет -кешенді түсінік, таратып айтсақ, ол: •жаңаны білуге құштарлық; •қалыпты, әдеттегі құбылыстардан жаңаны байқау; •қиялдың еркіндігі; •қиял мен түйсік. Шығармашылықты дамыту мақсатында оқушыларға ұсынылатын жаттығуларды ой ұшқырлығын дамытатын жаттығулар, сөздік қорды байытатын және грамматикалық сауаттылықты қалыптастыратын жаттығулар деп топтастыруға болады. Тәжірибе барысында келесідей ойын-тапсырмалар ұсынылды. Оқушылар тапсырманы орындау барысында қиялдарына ерік беріп қана қоймай,сабақ барысында өтілген грамматикалық тапсырмаларды да орындайды. Мысал келтірер болсам, «Өнертапқыш» ойынында оқушыларға тұрмыстық қажетті жаңа зат ойлап табу ұсынылды. Ендібірдебұлойын шартын қолданыстағы затты басқаша қалай қолдануға боладыдеп өзгертугеболады. Бұл ойын сөз жоқ, оқушылардың қиялын дамытады. Өз тәжірибемнен айтар болсам, Аяжан күнделікті қолданыстағы тоңазытқышты тағамдарды салқындатып қана қоймай, жарты қарбызды қайтадан бүтіндеп қоятын, желінген тортты қайтадан жаңартып қоятындай сиқырлы болып кетсе ғой деп армандаса, жарылып қалған допты гүл өсіретін құмыра ретінде пайдалануға болады. Кейін гүл үлкейген соң, доп-құмыраны пышақпен кесіп, ажыратып аласың да, үлкен жақсы құмыраға отырғызуға болады дейді. "Домино" ойыны. Оқушыларға түрлі тақырыптағы суреттер ұсынылады. Мысалы, кітап, мектеп, лақ, жайылым, оқушы, теледидар, т.б. Оқушылар домино ойынының ережесі бойынша суреттерді жалғастыруы керек. Кітаптың суретін оқушының суретімен, лақты баланың суретімен жалғастырып жатады. Мұнысын оқушылар кітапты оқушы оқиды, сондықтан кітаптан кейін оқушының суретін дұрыс деп таптым десе, «мына баланың аты Асан, ол лақтыбағады» деп түсіндіріп жатады. «Жақсы - жаман» деген ойында бала ойының ұшқырлығын дамытады. Ойын барысында оқушыға қандай ма бір құбылыс айтылады. Бір оқушы жаңағы құбылыстың жақсы жағын айтса, екіншісі жаман деп тапқан жағын айтады. Мысалы, үтіктің жақсы жағы киім үтіктейтіні болса, жаман жағы қолыңды күйдіріп аласың, ал токтан ажыратуды ұмытып кетсең, өрттің шығуына себеп болады. «Таңғажайып оқиға орын алса...» деген тақырыпта тапсырма ұсынуға болады. Мұндайда «мысық адам тілінде сөйлесе...», «қыс мезгілі болмай қалса...» деген сияқты бала қиялының оянуына түрткі болатын сұрақтар қойылады. «Танымал ертегінің жаңа нұсқасы» деген тапсырма да сөз жоқ, баланың қиялын дамытады. Баланың өзіне жақсы таныс «Мақта қыз бен мысық» ертегісі бойынша ұсынылған тапсырмаға тоқталсақ, «егер мысық сиырдан қатық ала алмаса, не болар еді?» деген сұрақ қойып, оқушының ертегіні өзінше жалғастыруына мүмкіндік береміз. Шығармашылық қабілетті дамытатын жаттығулардың екінші тобын сөздік қорды дамытатын тапсырмалар құрайды. Ондай тапсырмалар ретінде «Ұйқасын тап!», «Жұбын тап!», «Ойды аяқта!» деген сияқты тапсырмаларды айтуға болады. Үшінші топты грамматикалық сауаттылықты қалыптастыратын жаттығулар құрайды. Орфографиялық сауаттылық, грамматикалық ережелерді меңгерту барысында терме диктант, әңгіме құрастыру тапсырмаларын орындатуға болады. Шығыстың бір ойшылы «бала деген кез келген затпен толтыратын сыйымдылық, яки ыдыс емес, тұтатып, үрлеп жіберуді қажет ететін от»деген екен. Көнеден жеткен ойлы сөзге бас исек, кез келген баланың қандай ма бір қабілетке ие екенін, сол қабілетті ұштау біздің міндет екенін назардан тыс қалдырмайық дегім келеді.



© 2010-2022