1 қыркүйек -білім күні

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Талдықорған қаласы1 қыркүйек -білім күні

№16 орта мектеп-гимназиясы

бастауыш сынып мұғалімі

Г.Н. Жумадилова

Сынып сағаты

1 «Ә» сынып Сабақтың тақырыбы: Қазақстан - 2050. «Бір ел,бір қоғам, бір тағдыр»

Сабақтың мақсаты : Оқушыларға еліміздің өзіндік тарихы, мәдениеті, рәміздері

бар тәуелсіз ел екенін түсіндіріп, ұлттық патриотизм рухында тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі:Компьютер,дербес теледидар,ДVД, ҚР мемлекеттік рәміздері:Ту,Елтаңба,Гимн,Н.Ә.Назарбаевтың портреті,слайдтар,кітаптар көрмесі,бейнекөрсетілім,флипчарт.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу, баяндау, шығармашылық жұмыс,ойын

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

-Қане, балалар орнымыздан тұрайық,бір-бірімізге қарап күлімдейік ,қолымыздан

ұстайық ,бүгінгі күнге сәттілік тілейік .

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанамыз бәріміз,

Жаңа шыққан күнге.

2.Жаңа сабақ :

-Балалар біз бүгін қайда келдік ?

-Біз мектепке келдік.

-Біз мектепке не үшін келдік ?

-Білім алу үшін.

-Біз нешінші сыныпқа келдік?

-Біз бірінші сыныпқа келдік .

Енді балалар тақтаға қарайықшы . Біз кімді көріп тұрмыз ? 1 қыркүйек -білім күні1 қыркүйек -білім күні

1 қыркүйек -білім күні

-Біз Дараны көріп тұрмыз .Иә балалар,Дара 1-ші сыныпқа барамын -дейді .Апасы оған әдемі сөмке сатып берген екен ,ол бірақ сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды білмейтін көрінеді ,бізден көмек сұрайды .

1-дауыс :

-Сәлем достым ,сендерді мектепке келулеріңмен құттықтаймын .Маған сендерден үлкен көмек керек болып тұр .Мен сөмкеме не саларымды білмей тұрмын .Мына заттардың қайсысы мектепке қажет ?

«Орнын тап » ойыны \флипчарт\

2-дауыс

- Рахмет сендерге, балалар .Мен енді мектепке баруыма болады .

- Міне, балалар Дара мектепке баратын болды .

2-дауыс

- Балалар ,маған сендердің тағы да көмектерің керек болып тұр .Мектепке кірейін

десем ,маған Қазақстан Республикасы жайлы не білесің дейді ?

- Ал сендер не білесіңдер ?

-Қазақстанның Гимні ,Туы ,Елтаңбасы ,Президенті ,әсем қалалары ,өз заңы бар

- Ал балалар ҚР ГИМНІН білесіңдер ме ?

- Олай болса бәріміз орнымыздан тұрып гимнді орындайық .

«Гимн » орындау.1 қыркүйек -білім күні1 қыркүйек -білім күні

Слайд:Қазақстан республикасының мемлекеттік Туы,Елтаңбасы.

1 қыркүйек -білім күні1 қыркүйек -білім күні

Ту ,елтаңбаға -сипаттама беру.

-Ал енді айта қойыңдаршы,біздің еліміздің президенті кім ?

Слайд :Ел президенті Н.Ә.Назарбаев 1 қыркүйек -білім күні1 қыркүйек -білім күні

Балалар, Қазақстан Республикасында әсем ,әсем қалалар көп сендер қандай қалаларды білесіңдер ?

Ойын : «Өз қалаңды танисың ба ?»\слайдтар\.

Талдықорған қаласының көрнекті жерлерін көрсетіп қай жер екенін сұрау .1 қыркүйек -білім күні1 қыркүйек -білім күні

Мұғалім : Иә , Дара, осындай күнге жету үшін біздің ата бабаларымыз,көп тер төккен екен , көп жылдар бойы тәуелсіздігін аңсаған,осыдан 21 жыл бұрын өз тәуелсіздігін алған .

3-дауыс: Рахмет сендерге балалар , Мен енді Қазақстан: Республикасы жайлы көп нәрсе білетін боламын .

Міне,балалар,біз бүгін өзіміздің көп білетінімізді көрсетіп , Дараға мектепке баруға көмектестік . Сендер бүгіннен бастап оқушысыңдар,мектептен әлі

талай қызықты нәрселерді үйренеміз .

Ал қазір,Бүгінгі Қазақстанға саяхат жасайық.\бейнекөрсетілім\.



© 2010-2022