Көбейту және бөлу 4 сынып Математика

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән: Математика 18.02.16

Сабақтың тақырыбы:

Көбейту және бөлу.

708 * 347, 245676 : 708

Сабақтың мақсаты:

Үш таңбалы санға көбейту мен бөлу алгоритмдерімен жұмысты жалғастыру.

Қажетті ресурстар:

Үлестірмелі қима қағаздар.

Сабақтың барысы:

Ширату

5 мин. Амандасу түрлері.

Тірек білімді белсендіру.

Көбейту кестесін қайталау.

Тиімді тәсілмен есепте:

Математикалық диктант.

1.45-ті 2 мен 5 сандарының көбейтіндісіне көбейт.(450)

2.2т-67кг = (1933)

3.480-ді 80 мен 3сандарының көбейтіндісіне бөл.(2)

4.12000-ді қандай санға бөлгенде 120 шығады? (100)

7.Қарағанды -Астана автобусы 90км/сағ жылдамдықпен қозғалады. 6 сағатта автобус қандай жол жүреді? (540км)

Тақтаға 365 және 126 сандары жазылған. Үш таңбалы санға баған түрінде көбейткенде ,бірінші толымсыз көбейтіндінің мәнін бірлік разрядтың астынан бастап оңнан солға қарай жазамыз. Екінші толымсыз көбейтіндінің мәнін ондық разрядтан бастап оңнан солға қарай жазамыз. Үшінші толымсыз көбейтіндінің мәнін жүздік разрядтан бастап оңнан солға қарай жазамыз.Толымсыз көбейтінділердің мәндерін қосамыз.

Оқулықпен жұмыс.

Жаңа тақырыпты 2 оқушы шығып тақтаға түсіндіре отырып шығарады.

Тақтамен жұмыс:

№3 тапсырма Тақтаға 4 оқушы шығады.

Сөз есеп: №5

1.Түсініп оқу. 2.Талдау. 3.Шартын жазу. 4. Сұрағы 5.Шешуі.6.Жауабы.

Жүк машина - 60км/сағ

Жеңіл машина - 80 км/сағ

Жеңіл м. жүк м.-480км қуып жетеді.

Жеңіл м.шыққанға дейін жүк.м. -? км жол жүрген.

480:80=6 сағат

60·6=360 км

480-360=120км

Жауабы: 120 км жол жүрген.

Өздік жұмыс:

Бөліндінің мәні

234

604

49

580

Бөлгіш

23

39

65

27

Қалдық

21

31

64

16

Бөлінгіш

Шығармашылық тапсырма

Қабырғалары 2 см және 4 см тік төртбұрыш сыз. Қабырғаларының ұзындығы тік төртбұрыш қабырғаларының ұзындықтарының айырмасына тең шаршы сыз. Олардың аудандарын салыстыр.

Топтық жүмыс.

1-топ.

Әмір бір сан ойлап, оны 2-ге бөлді. Нәтижені 302 есе арттырырып, 82748 санын алды. Әмір қандай сан ойлады?

2-топ.

Бағила ойлаған санынан 1098-ді азайтып, нәтижені 13 есе арттырғанда, 28776 мен 20456 сандарының айырмасын алды. Бағила қандай сан ойлады?

3-топ.

Асқар бір сан ойлап, оны 3 есе арттырды, нәтижеден 20-ны алды, бәрін 5 есе арттырғанда, 50 саны шықты. Асқар қандай сан ойлады?

4-топ

Сәуле 342 мен 1000 көбейтіндісін ойлаған санынан азайтып, нәтижені 2300 санына азайтқанда 12560 саны шықты.Сәуле қандай сан ойлады?

Рефлексия Өз жұмыстарыңа ризасыңдар ма? Қандай тапсырмаларды орындағанда қиналдыңдар? Неге?

Бағалау.

Үйге тапсырма:



© 2010-2022