Математика Сабақ жоспарыАуданды өлшеу. Палетка

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№14 орта мектеп - гимназиясы Бастауыш сынып мұғалімі Нуртазина Карлыгаш Сейфолдина

МАТЕМАТИКА 3 СЫНЫП.

ТАҚЫРЫБЫ: АУДАНДЫ ӨЛШЕУ.

Мақсаты: Геометриялық фигуралардың ауданын өлшеу,«көзбен» және беттестіру арқылы табуды түсіндіру, өз бетімен практикада қолдануға үйрену.

Күтілетін нәтиже: А).Геометриялық фигуралардың ауданын өлшеу, «көзбен» және беттестіру арқылы табуды түсінеді.

В).Анықтамасын меңгеріп, іс жүзінде талдап дәлелдейді.

С). Геометриялық фигуралардың ауданын тиімді тәсілмен тауып, тұжырымдайды, қорытындылайды.

Тапсырмалар:

Жаңа тәсілдер: «Ойлан/жұптас/талқыла» түрткі сұрақ, қайта бағыттау, сұрақ-жауап әдісі, диалогтық оқыту,постер,мәртебесі жоғары және төменгі сұрақтар .Сыни тұрғыдан ойлау әдісі: «Ассоциация», «Ыстық орындық», «Венн диаграммасы», «Конверт сұрақ» . АКТ-ны қолдану:белсенді тақтамен таныстырылым, электронды оқулық, ғаламтор желісінін материалдары (сергіту сәтін ұйымдастыру).Оқыту формасы:Топтық, жұптық, жеке, жаппай.

Сабақтың модулдері:

1.Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер.2.Сыни ойлауға үйрету.3.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.4.АКТ. Бағалау: Формативті бағалау: Ынталандыру мақсатында қолдау көрсету «Критерий бойынша бағалау», «Басбармақ»,«Екі жұлдыз бір тілек». Жиынтық бағалау. Кері байланыс: «Талқылау бойынша серіктестер».

Сабақтың барысы: Уақыты Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті

Кіріспе: Оқушылармен сәлемдесу, психологиялық ахуал, сергіту жаттығуы белсенді тақтадан «Геометриялық фигуралар» таңдау арқылы топқа бөлу.

Үй тапсырмасы «Ыстық орындық» әдісімен тексеріледі. Мұғаліммен сәлемдеседі, сергіту жаттығуын жасайды. Оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды, жауап береді. «Басбармақ» арқылы бағалайды.

-Суретте нені көріп тұрсыңдар?

-Сабақ не туралы болады деп ойлайсыңдар? т.б. Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын болжап айтады.

Сұраққа жауап береді.

Негізгі бөлім: Жаңа сабақ:Сабақтың мақсаты хабарланады. Оқулықпен жұмыс: Оқулықтағы есептің түрлерімен жұмыс.

1-тапсырма: Геометриялық фигуралардың ауданын «көзбен» және беттестіру арқылы тап.

2-тапсырма: Аудан өлшем бірлігін ата. Ауданды өлшеу үшін нені білу керек?

3-тапсырма: Тіктөртбұрыш және шаршы пішіндес емес фигуралардың ауданын ненің көмегімен өлшеуге болады?

101-беттегі анықтаманы оқы; 2).Көршіңнен көмек сұра; 3).Мұғалімнен көмек сұра;

4-тапсырма: №3 Палетканың көмегімен фигуралардың ауданын тап.

Көмек:1).101-беттегі анықтаманы пайдалан;2).Мұғалімнен көмек сұра;

Бағалау

Топтық жұмыс:

3 топқа тапсырмалар таратылып, бағыт беріледі.

Топтық жұмыста «Ассоциация», «Венн диаграммасы» әдісі алынады.

Оқулықтан №4 амалдардың орындалу тәртібін анықтап, есептеу.

№5 есепті топта талдап,шығару. №6 тиімді тәсілмен есептеу.

Кеңейтілген тапсырма: А).Анықтамасын оқы.

В).Формуласын жаз.

С).Мысал келтір, шығар.

Топшамалар. Сұрақтар беріп, сұрақтарға жауап береді.1,2,3-топ: Ресурстарды оқып, танысады.

Беттестіргенде фигураның ішіне сыйып тұрған фигураның ауданы кіші болып саналады. Ауданның өлшем бірлігі -шаршы сантиметр (см2). Ауданды өлшеу үшін, ол неше шаршы бірлікті алып жатқанын білу керек.

Ауданды шаршы сантиметрлерге бөлінген түссіз, мөлдір палетка көмегімен өлшеуге болады. S=a+b:2, мұндағы a-толық шаршылардың саны,

b-толық емес шаршылардың саны.

Толық шаршаларды санап, толық емес шаршылардың санын екіге бөліп және шыққан нәтижелерді қосып фигуралардың ауданын табады.

Ынталандыру мақсатында қолдау көрсетеді. Екі жұлдыз бір тілек» арқылы бірін-бірі бағалап отырады.

Бір-бірімен мәлімет алысады, жазады шығарады, дәлелдейді, қорғайды.

Оқулықта берілген тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен талдап, өз бетімен шығарады.

Қорытынды: «Ыстық орындық» арқылы сабақ қорытындыланады. Сұрақ беріп,сұраққа жауап береді.

Бағалау:

Жиынтық бағалау: Кері байланыс: «Талқылау бойынша серіктестер».

Үйге тапсырма: Математика оқулығы, №7 Үй тапсырмасын күнделікке жазады.



© 2010-2022